400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Egov программасының тиімді жақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Egov программасының тиімді жақтары




Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. 

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н.Ә.Назарбаев

        Бүкіл дүние жүзін қамтыған жаhандану дəуірінің дамуына елеулі ықпал етіп отырған қоғамның барлық салаларын ақпараттандыру үдерісі қарқынды түрде іске асырылуда. Осы орасан зор əлемдік құбылыс біздің еліміздің дамуы бағытына айтарлықтай əсер етуде. XXI ғасырдың жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры деп аталуы адамзат өркениетінің дамуының келесі сатысына енгендігін білдіреді. Дүниежүзілік көлемде өтіп жатқан техникалық прогрестің кезекті даму тармағына сай болу экономикалық дамудың жаңа жағдаятына бейімделуді көздейтін кез келген елдің басты мақсатына айналмақ. Демек, осы ұлы көштен өз орынын табу біздің еліміздің де басты мүдделерінің бірі болмақ. Осындай ауқымды да маңызды қызметті іске асырудың жолдарын анықтайтын құзыретті мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың міндеттері болып табылады. Жаhандану дəуірінің талаптарына сай даму саясатын жүргізе отырып, ұлттық мүддемізге лайықты сара жол табуымыз қажет. Заманауи озық ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы қоғам салаларын ойдағыдай дамытудың бірден-бір кепілі — оларды жетік меңгерген мамандардың болуы. Бұндай мемелекеттік маңызы бар мəселені шешу қоғамдық институттың бірі болып саналатын кəсіби білім беру саласына жүктеліп отыр.

І.Кіріспе бөлім    Қазір ақпараттық технологияның дамыған ғасыры. Бұл саланың дамуы бүгінде бүкіл дүние жүзінде қарқын алып отыр. Жылдам жұмыс жасауға мүмкіндік беретін IT – технология қолданысын кеңейту заман талабы. Ал оның әлемдегі жедел дамумен қатар , озық үлгілерін уақытында игеру, қолданысқа енгізу еліміз үшін де аса маңызды. Бүкіләлемдік IT саласы қазіргі таңда серпінді дамуда. Күннен-күнге жаңа шешімдер,технологиялар, құралдар мен сервистер жасалуда. Әлем IT саласына жұмысты автоматтандыратын,болашағы зор инновациялық бағыт ретінде қарайды және сол арқылы елдер мен мемлекеттердің дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді деп санайды.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology.қысқ. IT) обьектінің .процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәлімметтерді жинау,өңдеу,жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. Ақпарат технологиясы дегеніміз- компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау,шығару, тасмалдау және өзгертуге арналған

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау сақтау ,өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалык және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.Ақпараттық технологиялардың мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өндіру болып табылады. Ақпараттық технологиялар құралдарына техникалық,программалық ,ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер,байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау,өңдеу, талдау қызметін атқарады. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:    

а)электронды оқулықтар;
      ә) телекоммуникациялық технологиялар;
      б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
      в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
       • Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
       • Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
       • Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
       • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселес бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.


ІІ. Негізгі бөлім


Egov. мобильдік қосымшасының пайдаланушыға ұсынылған негізгі қызметтері:


1.Тіркелген заңды тұлға,филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру.

2.Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы анықтама беру.

3.Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтің болуы немесе болмауы туралы мәлімет беру.

4.Жер учаскелігінің тиесілігі туралы ақпарат беру.

5.Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүлік кепілі бойыншы анықтама беру.

6.Некені тіркеу туралы анықтама беру.

7.ТУУ туралы анықтама беру.

8.Жер учаскесіне кадастрлік ақпаратты алу.

9.Жылжымайтын мүліктің болмауы туралы анықтама беру.

10.Мекен-жай анықтамасын беру.

11.Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар алу.

12.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы жеке тұлғаға анықтама беру.

13.Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою.

14.Заңды тұлғаның филиалдары және өкілдерінің болуы туралы анықтама алу.

15.Басқа заңды тұлғаларға заңды тұлғаның қатысуы туралы анықтама беру.

16 .Әкелік құқықты бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу:

17.Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар туралы анықтама беру.

18.Мұрағаттық анықтамалар беру.

19.Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру.

20.Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру.

21.Ұлды-қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру.

22.Атын,тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру.

23.Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу.

24.Аты,тегі,әкесінің аты ауысқаны туралы анықтама алу.

25.Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру.

26.Некеге тұру туралы анықтама беру.

27.Туу туралы анықтама беру.

28.Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру.

29.Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын алу.

30.Заңды тұлғаның тіркелген әрекеттері бар екендігі туралы анықтама беру.

Egov.kz қосымшасы тіркелген және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар жеке және заңды тұлғаларға  қолжетімді. Баспасөз ақпарат құралын тіркеуді білдіретін «БАҚ есепке қою» қызметін алу үшін өтінім беруші бекітілген үлгідегі өтінімді толтырады, қажетті құжаттарды қоса тіркейді, электрондық қолтаңбасымен куәландырып, Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік алымды онлайн режимінде төлейді. Өтінім тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні аралығында өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға БАҚ-тың есепке қойылғаны туралы куәліктің скан-нұсқасы жіберіледі. Егер өтінім берушінің өтінімі орындалмаған жағдайда, оның жеке кабинетіне нақты себебі көрсетілген хабарлама жіберіледі. Қалған қызметтерді алу үшін де  («Мұрағаттық  анықтамаларды беру», «Қазақстанның мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттарға  апостиль қою») қолданушы жоғарыда  айтылған әрекеттерді орындауы қажет.

Бұнымен қатар, ағымдағы жылы «Е-лицензиялау» жобасының аясында барлық мемлекеттік лицензиар-ведомстволар лицензиялаудың электрондық нұсқасына көшеді. Бүгінгі күні   порталында 20 орталық мемлекеттік орган мен 8 қалалық әкімдікте (Астана, Алматы қалалары мен Павлодар, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының)  лицензия алуға өтінімді электрондық нұсқада беруге болады. 2012 жылы электрондық лицензиялау жүйесі қалған 8 әкімдік пен 1 орталық ведомство-Құрылыс және тұрғын үй--коммуналдық шаруашылық істері  агенттігін қамтитын болады.

Е-үкімет инфрақұрылымының аясында тұрғындарға (жеке және заңды тұлғаларға) барлығы 219 интерактивті және транзакциялық қызметтер көрсетілуде. Олардың 100-і электрондық лицензиялау  порталы, қалған 119 қызмет  «электрондық үкімет» порталы арқылы  ұсынылуда. «Электрондық үкімет» порталы арқылы ұсынылатын қызметтердің қатарына  77 мемлекеттік қызмет, мемлекеттік алымдардың 21 түрін төлеу,  мемлекеттік баж салығының 16 түрін төлеу, салық төлемдерінің 4 түрін төлеу және жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу қызметтері кіреді. Сондай-ақ,  egov.kz  порталында 2 000  астам  ақпараттық қызметтер көрсетіледі.  

ІІІ.Қорытынды:

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Электронды оқытудың түпкі нәтижесі - «ақпараттық қоғамды» қалыптастыру.  Кез келген қажетті білімді қоғамның кез келген мүшесіне әлемнің кез келген нүктесінде, кез келген уақытта алуына мүмкіндік жасалған болса, ондай қоғамды «ақпараттық қоғам» деп атауға болады. Өкінішке қарай, біздің елімізде ақпараттық қоғам толық қалыптасқан жоқ. Сондықтан, смарт оқытуға арналған мүлде жаңа форматтағы оқулықтарды, дәлірек атасақ, мәтін, видео, анимация, т.б. қазіргі күнде біз білмейтін мүмкіндіктерді қамтитын смарт техникаларды жасайтын ғалымдардың қызметін күшейту керек.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі