жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ежелгі түріктердің жазуы
|
Сынып: 7 Пәні: Қазақстан тарихы. |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түріктердің жазуы Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі? |
|
|
|
Осы сабаққа негізделегн оқу мақсаты: (оқу бағдарл. сілтеме) |
6.2.3.1 – көне түркі жазуының маңызын түсіндіру |
|
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Көне түркі жазуы туралы оқып біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясатын анықтайды. Кейбір оқушылар: Білге қаған мен Күлтегін туралы деректерді зерттейді, саралайды. |
|
|
Бағалау критерийі |
Білге, Күлтегін мен Тоныкөк туралы біледі. Күлтегін жыры бойынша сұрақтарға жауап бере алады Түркі жазуының тарихи маңызына кем дегенде 2 дәлел келтіреді. |
|
|
Тілдік мақсат |
Күлтегін жазбасы және Білге ескерткіштерінен үзінді мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы). Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі: Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы... Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды… оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені… Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені… Пәнге қатысты лексика мен терминология Руна,ксилография(оймыш) |
|
|
Құндылықтарды дарыту да |
«Мәңгілік Ел» идеясы: «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығы түркілердің жазуының тарихи маңыздылығын түсіну барысында жүзеге асады |
|
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті туралы білімдерін Күлтегіннің жазу жанрын талдау барысында қолданылады Қазақ тілі пәнінен ой-толғау жазу кезінде білім мен дағдылары қолданылады |
|
|
АКТ қолдану |
1.Ғаламтор желісі арқылы Күлтегін жырының толық нұсқасын көрсету мүмкіндігі бар.
|
|
|
Алдыңғы білім |
Түркі тайпалары мен түркі қағанаттарын басқарған қағандарды біледі |
|
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақ кезеңдері |
Сабақтаорындалуы тиіс іс - әрекеттер |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Қызығушылығын ояту кезеңі |
БОқушыларға қызығулықтарын арттыру мақсатында түркі жазуы бар сурет көрсетіледі. Сурет бойынша оқушылар өзара пікір алмасып, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.
М Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, жетістік
критерийлері хабарланады. |
Презентация |
||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны тану кезеңі |
Зерттеу Ж.Оқушылар Білге қаған, Күлтегін мен Тоныкөк туралы негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып алады, өзара пікір алмасады. Т Әр топқа бірдей Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінен үзіндісі бар мәтіндер беріледі (оқылым дағдысы). Алдын ала таратылған карточкалардағы сұрақтар бойынша оқушылар жауаптарын А3 қағазына жазады: -Түркі жазбаларында көрші елдермен байланыс қалай сипатталады? -Түрік қ ағанатының әскері қандай болды? -Күлтегін мен Білге қағанның батырлығы қалай көрсетілген? -Күлтегін жазуы қандай әдеби жанрға жатады ? -Халыққа берген өсиетінде негізгі ой қандай? (Сұрақтарды слайд арқылы тақтаға шығарып қойыңыз) Кейін әр топтың қағазы кезекпен барлық топтарға жіберіледі де әр топ сондай жауап болса «+», жазылмаса «-» белгісін қояды. Бірінші топ қорғайды, қалғандары толықтырады. ДОқушыларға түркі жазуы, Күлтегін жыры туралы мәтін беріледі. Мәтіннің мазмұнына сәйкес 2 сұрақ (жеңіл және күрделі) құрастырады. Құрастырған сұрақтарын бір-біріне қояды. Сұрақтар ойлаудың жоғарғы деңгейіне сәйкес келуіне назар аударыңыз (орыс сыныптарына бір- екі сұрақтың үлгісін беруге болады). Оқушылардың сұрақ қою және жауап беру дағдыларының дамуына көңіл бөлінеді. Д/Т Оқушылар жұпта, сосын топта түркі жазуының тарихи маңызына кем дегенде 2 дәлел келтіреді. Топтар бір- бірін бағалайды. |
Аманжолов А. Орхон – Енисей жазбалары. – Алматы, 1995. Жолдасбеков М. Көне түрік жазба ескерткіші. – А, 1986 ж. Айдаров Г. Култегiн ескерткiшi, Алматы, 1995. Нұрпейіс К. Тарихи тұлғалар. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007.
|
||
|
Сабақтың соңы Қорытынды |
МСабақтың соңында «Түркі жазуы» туралы бейне сюжет көрсетіп, оқушыларды ортақ пікірге келуге жетелеу. Қорытындылауға сұрақтар қойып диалог жүргізіңіз:
Рефлексия: Мен бүгін не білдім? Не үйрендім? Менің байқағаным........ «Түркі жазуының тарихи маңызы» тақырыбына ой- қорытынды жазу (5-7 сөйлем) |
https://www.youtube.com/watch?v=F6zxEZHESPY
|
||
|
Мұғалімге арналған ескертпелер |
||||
|
Орхон жазбаларының негізінде оқушыларға ықшамдалған мәтінді беріңіз. Толықтай түпнұсқалық деректерді қазақ сыныптарына беруге болады, сол сияқты маңызды цитаталарды да сол қалпымен ұсынуға болады. Оқушыларға екі сұрақтың бірін таңдауға мүмкіндік беруге болады.. Тілдік қабілеттері төмен оқушыларға қолдау көрсету мақсатында сұрақтың үлгісін беріңіз. |
||||
|
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? |
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
|
||
|
Тілдік қабілеті төмен оқушыларға мәтінді түсіну үшін түсініксіз сөздердің қазақшасы аудармасы беріледі. Тілдік қабілеті жоғары оқушылар топта скофолдер болады. Қабілеті жоғары оқушылар түркі жазуының маңызына 3-тен артық дәлел келтіруі тиіс. |
Берілген дескрипторлар бойынша топтар бір- бірін бағалайды. |
Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасалынады. |
||
|
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
|
||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |
||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген