|
Мотивациялы
ынталандыру
кезеңі
|
І – Кіріспе бөлім:
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен
де, Қуанасың сен
де Қуанамыз
бәріміз Арайлап атқан
күнге Бәрекелді
жарайсыңдар!
Балаларды жарты шеңберге отырғызып, іс- әрекетке
бейімдеу.
Ғажайып сәт:
-
Балалар, мен таңертең жұмысқа келе жатып есіктің алдынан осы хатты
тауып алдым.
-Кім жіберді
екен?
-
Қане, ашып көрейікші. (хатты ашып оқиды, дауыс диктафоннан
шығады)
«Сәлеметсіңдер ме,
құрметті менің кішкентай достарым! Бүгін менің туған күнім.
Сендерді бүгінгі болатын туған күніме шақырамын. Келулеріңді
күтемін. Сәлеммен:
Қуыршақ
Айгерім!»
|
Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне ертеңгілік жылы
лебіздерін білдіреді.
-Балалар хатты көріп таңырқай қарайды.
-Хатты мұқият
тыңдайды.
|
|
Ұйымдастыру
–
ізденіс
кезең
|
ІІ – Негізгі бөлім
Балалар, бізді Әйгерім қуыршақ туған күніне
шақырыпты, барамыз ба?
-
Олай болса туған күнге не апару
керек?
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді туған күнге не апарсақ
екен?
-Балалар естеріңде ме, біз моншақ жасап едік қой, сол
моншақты әдемі жіпке тізіп қорапқа салып сыйлық
жасайық.
- Міне, сыйлығымыз дайын болды, енді туған күн иесіне
тілек айтуымыз керек, сондықтан барлығынан көп бізде тіліміз еңбектенеді,
тілімізді жаттықтырып алайық. Менің соңымнан бұынұйқастарды
қайталаңдар.
-
Жарайсыңдар тілімізге жаттығу жасап болдық енді біз жолға
жиналайық. Ол үшін мен «сиқырлы сөзді» айтамын
сендер орндарыңнан тұрып, көздеріңді жұмып айналасыңдар.(Осы кезде
қуыршақ Әйгерім келеді)
-Көзімізді ашамыз, міне туған күнге
келдік.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Рахмет, балалар. Мен бүгін туған күнім көңілді болсын
деп Күлдіргіні шақырдым. (Осы кезде музыка ойнап, Күлдіргі
кіреді)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіз бе қуыршақ
Әйгерім, туған күніңізбен!
-Кәне балалар туған күнді өткізбес бұрын орнымыздан
тұрып біраз денемізді қыздырып, сергіп алайық.
Сергіту сәті: «Көңілді күн!»(Ноутбуктан көрсете отырып,
жасайды)
Балалар, біз қуыршақтың туған күні көңілді өту үшін
қолымыздан келген өнерімізді көрсетуіміз керек.
-Балалар, қуыршақ Әйгерім үстел жасап үлгермей қалыпты,
кәне үстел жасасып жіберейік.
- Үстеліміз дайын болды, туған күн иесіне тілек айту
керек. Қуыршақ Әйгерімге кім қандай тілектер айтады?
- Қуыршаққа кім тақпақ айтып береді?
-Балалар, қуыршақ үйін жинап үлгермей қалыпты кәне
жинауға көмектесеәікші.
«Топтастыр» ойыны.
Барысы: Үстел
үстінде шашылып жатқан карточкаларды өз орындарына топтастырып
қояды.
-Қуыршақтың туған күні көңілді өту үшін көп
еңбектендіңдер, енді еңбек туралы мақал – мәтел айтып
беріңдерші.
-Жаңылтпаш айта аласыңдар ма?
-Күлдіргі: Тамаша, өте жақсы.(қол шапалақтайды)
|
-Иә, барамыз.
-Сыйлық апару керек.
-Балалар өз ойларын айтады.
- Балалар тәрбиешінің айтқан ұсынысына қуана
келіседі.
Балалар екі топқа бөлініп, моншақты жіпке тізеді, оны
тәрбиеші әдемі қорапқа салып, орайды.
Ла-ла-ла – Алинұр жақсы
бала; Лы-лы-лы – дала қандай
жылы; Лу-лу-лу – қандай қыздар
сұлу; Лі-лі-лі - шелегің бос
әлі; Әл-әл-әл – көйлек келді
дәл.
Балалар орындарынан тұрып, көздерін жұмып
айналады.
Балалар көздерін ашқанда қуыршақ Әйгерімді көріп
қуанады.
-Сәлеметсің бе, қуыршақ Әйгерім, туған күніңмен!
(Тәрбиеші әкелген сыйлықтарын береді)
Балалар Күлдіргіні көріп мәз болады.
-Сәлеметсің бе, Күлдіргі.
Балалар жаттығуды қимылдарын көрсете отырып, Күлдіргімен
бірге жасайды.
Балалар үстелді жасайды.
-Барлық бала қуыршаққа тілектерін айтады.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ,бұйырсақ.
-Балалар әр затты тез –тез орындарына топтастырып
қояды.
«Еңбек етсең ерінбей –тояды қарның
тіленбей»; «Көз қорқақ – қол
батыр»; «Не ексең – соны
орасың»; -Иә, айта аламыз.
«Шеше, шеше неше кесе, сынды кеше?», «Есет атам ет
асатар, ет асатса бес асатар»
|