400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екі жақты күнделік әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
екі жақты күнделік әдісі арқылы ерекше балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

44 топ:11-Жандарбекқызы Жансая

Екі жақты күнделік

Анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі

Оқыту жағдайларына талдау

Тіл кемістігі бар балалар –  қалыпты естуі және ой өрісінің дамуы бар балалардың тілінің дамуында кемістік бар балалар. Тіл кемістігі әртүрлі, ол дыбыстауда,тілдің грамматикалық құрылымында,сөздік қорының төмендігінде және сөйлеу қарқыны мен қалыптылығында байқалады.

Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері

«Сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы» (СТКБ) ұғымы сөйлеу функциясы бұзылуының әртүрлі түрлерін біріктіреді. Қарастырылып отырған санатқа жататын балалардың басым бөлігін сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар құрайды. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) балаларда сөйлеу жүйесінің барлық: фонетикалық, фонематикалық және лексика-грамматикалық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады. СТЖД балаларда сөйлеу тілі дамуының потологиясы байқалады. Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дамуының кеш басталауы, сөйлеу тілі дамуының тежелуі, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шектеулі сөз қоры, тілдік грамматикалық құрылымы қалыптасуының бұзылуы, дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуы СТЖД негізгі белгілері болып табылады. Сонымен бірге бұл санаттағы балалардың есту қабілеті сақталатынын және белгілі жасқа арналған қаратпа сөзді түсініп, қабылдай алатындарын атап өту қажет. Әр деңгейге диагностика бала үш жастан асқаннан кейін жасалуы мүмкін.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларда сөйлеу-ойлау әрекеті жетіспеушілігінің салдарынан тілдік білік пен дағдылардың қалыптасу процесі артта қалған. Мектепте оқу барысында оқушылардың күнделікті тұрмыстық сөйлеу тілі жалпы қабылданған формаға жақындайды, дегенмен ойын өз бетінше жазбаша түрде рәсімдеуде қиындық көреді. Негізгі орта мектеп деңгейінде сөйлеудің жазбаша түрінің қалыптасу, оқушылардың пән мазмұнын мазмұндау, терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану проблемалары пайда болады. Сөйлеу тілінің жетік болмауы баланың сенсорлық, интеллектуалдық және сана-сезімдік жүйелерінде көрініс табады, жете дамымау немесе дамудың өзіндік ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың байқалу деңгейі тілдік потологияның көлемімен анықталады.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында көптеген қателер жібереді.

Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі сөйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады.


Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары

Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларды оқытудың негізгі міндеттері МЖБС сәйкес жалпы білім беру, сонымен қатар олардың сөйлеу тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды, соған байланысты пайда болған балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді жеңуді, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін теңгеруші (компесаторлық) дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.

Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін.

Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:

- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТЖКБ ұйымдарында жалғастыра алады.

Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.

Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту, тілдік дамудың бұзылуын жеңуге және оқушылардың оқу бағдарламалары мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына жүзеге сәйкес асырылады. Оқыту жалпы білім беру бағдарламаларымен де, сондай-ақ арнайы бағдарламалармен де, түзету пәндерінің бағдарламаларымен де жүзеге асырылады.

Оқу процесінде оқушылардың сөйлеу және танымдық ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.

Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру

Оқытудың түзетушілік бағыттылығы білім берудің түрлі деңгейінде оқушылардың тілдік және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру пәндерінің мазмұнын оқыту әдістемесі саласына бейімдеу және өзгертудің көмегімен жүзеге асырылады. Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс арқылы орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық қалыптасуының және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы болып табылады.

Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы

Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бөлмелерден басқа, мектепте логопед сабақтарын, психолог өткізетін сабақтарға және түзету ырғағын өткізуге арналған бөлмелер болуы тиіс.




Өз пікірім:


Соңғы жылдары тіл кемістігі бар балалар саны ұдайы өсуде. Балалардың шешелері мен әкелері қорытындыда: алалия,кекеш, тіл дамуының кідіруі т.б. диагноздарын оқып жиі байбалам салатыны құпия емес.Бала тілінің даму кемістіктігі болу мүмкіндігі туралы мәлімет алғаннан кейін маманға қандай сұрақтар қоюды, олармен қарым қатынаста қандай тұғыр ұстау керектігін анықтай алады;логопедтің ұсынымы бойынша үй тапсырмаларын ұйымдастыру қажеттігін түсінеді. логопед мұғаліммен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс тіл кемістігін жоюдың ең басты бөлігі болып табылады.
Меніңше, түрлі кемістігі бар балалардың денсаулығын түзетуде Отбасының рөлі ерекше.Отбасының баланың дамуына түзетулер жасауға қатысуы балаға үлкен көмек болар еді деп ойлаймын. Себебі, баламен жүргізілетін мектептегі не болмаса арнайы мамандардың жұмысы міндетті түрде үйде бекітіліп отыруы тиіс. Сонда ғана түзету жұмысы нәтижелі болмақ. Осы орайда ата-аналарға көмек көрсетіп, жүргізілетін жұмыс бағытын көрсететін түрлі центрлар жұмыс атқаруда. Осындай денсаулығында түрлі кемістігі бар балалары бар ата-аналар сауатты, әрі баланың денсаулығына жауапты қараса іс оңынан болады деп ойлаймын. Әрбір атқарылған жұмыс өз нәтижесін бермей қоймайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
6170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі