жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Екі жиынның бірігуі және қиылысуы
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбейту және бөлу |
Мектеп: №3 ЖОББМ Мұғалімнің аты-жөні : Саресембаева Гүлім Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|||
|
Күні: 08.10.2020 |
||||
|
Сынып: 3 |
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Екі жиынның бірігуі және қиылысуы |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) |
3.4.1.1 екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу 3.4.1.2 сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру 3.5.2.2 екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: бос жиынның не екенін, бірігу мен қиылысу таңбаларын қалай қолданатынын біледі. Оқушылардың көпшілігі: екі жиынның бірігуі (қиылысуы) болатын жаңа жиынды қалай құруға болатынын біледі. Оқушылардың кейбіреулері: өз беттерімен жиын құрады, жиындардың бірігуін,жиындардың қиылысуын жазады. |
|||
|
Бағалау критерилері |
Екі жиынның қиылысуы, екі жиынның бірігуі таңбаларын қолдана алады. |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Дұрыс әрекет құндылығына тән қасиеттер: шынайылық,жігерлік, еңбекқорлық, жауапкершілік. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиеттік оқу |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Кіріспе тапсырма. Достық туралы әңгіме жүргізу. Балалар өздерінің достары жайлы айтады. Тақтаға бірнеше оқушыны шақыру (ұлдар да, қыздар да) және кейбіреуінің қолына дәптер беру. Бұлардың 1-жиын екенін хабарлау. Содан кейін бірнеше қызды шақырып, олардың 2-жиынды құрайтынын айту. 1-жиын ол қолдарында дәптері бар оқушылар, ал 2-жиын – қыздар деп қайталап айту. - Оқушылар осы жиындар қиылыса ма ? - Иә, бұл жиындар қиылысады. - Қиылысу жиынында қандай элементтер болады? (қыздар) Оқушылар талдау барысында өздері қорытынды жасағаны жақсы, бұл оқушылар екі жиында да бірдей болуы тиісті. Содан кейін бірігу кезінде берілген жиындарда ортақ элемент болмайтын жағдайды қарастыру. Сондықтан екі жиында ортақ элемент болса, онда бірігуі кезінде оны екі рет қайталауға болмайды. Мысалы, бірінші жиын мына сандардан тұрсын: 1, 2, 3, 4, 5, 6. Ал екінші жиында 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандары болсын. Осы екі жиынның бірігуі мына сандардан тұрады: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Олай болса 5 және 6 ортақ элементтері тек бір рет қана алынады, олар екі рет қайталанбайды. Жиындардың қиылысуы мен бірігуі ұғымын бекіту үшін оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындауды жалғастырады.. Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ» арқылы бағалау. 1.Сұрақтарға жауап бер.
1.Кіші дөңгелектің сыртында неше нүкте жатыр? 2.Кіші және үлкен дөңкелектің сыртында неше нүкте жатыр? 3.Үлкен дөңгелекте және кіші дөңгелекте неше нүкте жатыр? Дискриптор: Сұрақтарға толық жауап беоеді. 2. 3-ке және 4-ке бөлінетін сандар жазылған қима қағаздар дайында. Екі сақинаны суреттегідей үстелдің бетіне қой. Оның сол жағына 3-ке бөлінетін сандар жиыны, оң жағына 4-ке бөлінетін сандар жиыны жазылған қима қағаздарды орналастыр.
3 6 9 15 27
8 16 20 32
12 24 А – 3-ке бөлінетін В – 4-ке бөлінетін сандар жиыны сандар жиыны 3-ке де, 4-ке де бөлінетін сандарды ата. Олар қайда орналасады? Енді 3-ке бөлінетін немесе 4-ке бөлінетін сандарды ата. Дискриптор: 3-ке бөлінетін сандарды жазады 4-ке бөлінетін сандарды жазады. 3-ке және 4-ке бөлінетін сандарды жазады. Қалыптастырушы бағалау «Смайлик»
Е
Егер жиындар атауында «НЕМЕСЕ» сөзі қолданылса, онда оның әрбір элементі кез келген екі жиынның бірінде орналасуы мүмкін. Ս – жиындардың бірігуі белгісі.
3. Топпен орындалады. Құстардың атауын оқыңдар. Олар қай шеңберде орналасқан? Аңдардың атауын оқыңдар. Олар қай шеңберде орналасқан? Ұша алатын жануарлардың атауын оқыңдар. Олар қайда орналасқан?
Оқушылар оқулықтан суреттерді қарап, қағазға құс аттарын жазады, осы жиынды көк шеңбермен қоршап, астына «Құстар» деген сөз жазып қояды. Содан кейін қызыл шеңберді көк шеңбермен қиылысатындай етіп салады. Ұша алатын жануарлардың аттарын оқиды. Екі шеңбердің қай жеріне орналасқанына мән беріп, екі жиынның қиылысқан жеріне жазады. Қалған жануарларды қызыл шеңберге жазады. Астына «Жануарлар» деп жазып қояды. Дискриптор: Ұша алатын жануарларды шеңбердің қиылысқан жерине жазады. Ұша алмайтын жануарларды көк түсті шеңберге жазады. Ұша алмайтын жануарларды қызыл шеңберге жазады. 4. Суретте жиын элементтерін тауып, дөңгелекке фигура түрінде орналастыр. Фигураға әр сөздің бірінші әрпін жаз.
5. Сандарды оқы: 2, 47, 16, 8, 17, 32, 6, 53. Қиылысатын екі дөңгелек сыз. Қызыл дөңгелекте жұп сандар, ал көк дөңгелекте екі таңбалы сандар болады. Әрбір санды дөңгелектерге дұрыс жаз. Екі таңбалы жұп сандар жазылатын бөлікті бояп көрсет.
8 2 6
16 32
47 53 17
Дискриптор: Жұп сандарды қызыл дөңгелекке жазады. Екі таңбалы сандарды көк дөңгелекке жазады. Екі таңбалы жұп сандарды қиылысқан дөңгелекке жазады. Э Бос жиынды кез келген қарама-қарсы қасиеттері арқылы анықтауға болады. 6. Дұрыс пікірді тап. -Дөңгелектердің ортақ бөлігінде барлық қызыл заттар немесе қызыл шарлар орналасқан. (Ақиқат) -Дөңгелектердің ортақ бөлігінде барлық қызыл заттар немесе кішкентай ойыншықтар орналасқан. (Жалған) Сұраққа жауап бер: А) Барлық ойыншықтар қанша? Ә) Қызыл шарлар қанша? Б) Барлық шарлар қанша?
Жауабы: Барлығы 11 ойыншық. 5 қызыл шар. Барлық шарлар 9.
|
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 19.10.2020 1978
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||

гер жиындар
атауында «ЖӘНЕ» сөзін қолданса, онда оның әр элементі екі жиынның
қиылысында (екі шеңбердің ортақ бөлігінде) орналасуы тиіс. ∩ -
жиындардың қиылысу белгісі.







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген