Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Екі жиынның бірігуі және қиылысуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне математика сабағына арналган кыска мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Екі жиынның бірігуі және қиылысуы. Менің достарым

Мектеп:

Күні:12.10.20 ж

Мұғалімнің аты-жөні:Кадирова А.Е

Сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3. 4.1.1. Екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

3.4.1.2. Сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру.

3.5.2.2. Екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

3.5.1.1. 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу.

Көптеген оқушылар:

сандардың жиындарын, олардың бірігуі мен қиылысуын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құрады.

Кейбір оқушылар:

екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

Тілдік мақсаттар






Дағдыларын дамыту:

Жиынның құрамына қандай элементтер кіретінін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Жиын, бірігу, қиылысу, бос жиын, Эйлер-Венн диаграммасы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Жиынға қандай элементтер жатады (жатпайды)?

Жазылым:

екі жиынның қиылысуы , екі жиынның бірігуі , бос жиын таңбаларын қолдану.

Тірек білім, білік, дағдылар

Жиын.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім достық туралы әңгіме жүргізеді.

Балаларға өздерінің достары жайлы айтуды сұрайды.

Оқулық


5 мин

Заттардың бір жиында болу себебін, қасиетін ата. Қай жиында бір зат артық болып тұрғанын ата. Әр жиынға қосуға болатын затты ата.

Оқулықтың суреттері.


Сабақтың ортасы

10 мин


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

тәжірибе жасау. Жұппен жұмыс.

1-тапсырманың суретін қарап, сурет бойынша тапсырмамен берілген сұрақтарға жауап береді, осы сурет бойынша өздері сұрақ құрастырады.

Жұптары жауаптың дұрыстығын бақылайды.

Топпен жұмыс. Оқушылар 2 сақина алып, үстел үстіне суретте көрсетілгендей қима қағаздарды сол жағында 4-ке бөлінетін жиын сандар, оң жағында 5-ке бөлінетін жиын сандар тұратындай етіп жайып қояды.

Мұғалім 4-ке де, 5-ке де бөлінетін санды атауларын сұрайды. Осы сандардан тұратын жиынды қалай атауға болады. Мәселелі жағдаят туындайды.

Оқулық.

сақиналар, сандары бар үлестірмелі қима қағаздар



15 мин


Мәселелі жағдайды шешу үшін мұғалім сұрақтарға жауап беруді ұсына отырып, жұмыс жоспарын құрады:

Бір-біріне қатынасы бойынша сақиналар қалай орналасқан? (Оқушылар сақиналар қиылысып тұр деп жауап береді.)

Құрамында 4-ке де, 5-ке де бөлінетін жиын элементтері қайда орналасқан? (қиылыста) оқушылар «жиындар қиылысы» деген түсінікті ашады, оның шартты мағынасын біледі.

Құрамында 4-ке де, 5-ке де бөлінетін жиынның элементтері қайда орналасқан? (Екі жиынның кез келген біреуінде)

Оқушылар осындай ережелерді кітаптан оқымас бұрын, осындай шешімге келулері керек.


3- тапсырманы топпен орындайды.

Оқушылар оқулықтан суреттерді қарап, қағазға құс аттарын жазады, осы жиынды көк дөңгелекпен қоршап, астына «Құстар» деген сөз жазып қояды. Содан кейін қызыл дөңгелекті көк дөңгелекпен қиылысатындай етіп салады. Ұша алатын жануарлардың аттарын оқиды. Екі дөңгелектің қай жеріне орналасқанына мән беріп, екі жиынның қиылысқан жеріне жазады. Қалған жануарларды қызыл дөңгелекке жазады. Астына «Жануарлар» деп жазып қояды. Әр топ өз бетімен бірігу мен қиылысудың қандай жиындарын салатынын өздері шешсін деп ұсыныс жасауға болады.

Оқушылар екі жиынның бірігуіне, жиындардың қиылысу нүктесін атайды.

5- тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Оқушылар: 2, 47, 16, 8, 17, 32, 6, 53, сандарын оқып, екі қиылысатын дөңгелек салады, тапсырмаға сәйкес суреттің екі таңбалы жұп сандар орналасқан жерін бояп қояды.

Оқушылар «бос жиын» деген түсінікпен танысып, бос жиынға мысалдар келтіреді.

Оқулық.



5 мин








3 мин

Өзіндік жұмыс

Оқушылар оқулықтың 4-тапсырмасы бойынша тәжірибелік жұмысты орындайды, жиын элементтерінің атауларын, осы жиындар шартта көрсетілгендей етіп, фигуралардың ішіне қосады.

Дұрыс айтылған пікірлерді тауып, сұрақтарға жауап беруді талап ететін 8- тапсырманы ұсынуға болады.

Мұғалім оқушылармен бағалау критерийлерін талқылайды.

Өткенмен жұмыс

«Бинго» ойыны. Шарты; бинго шарларын таңдайды, онда номеріне сәйкес сұрақтар құрастырылған.

жиындарға байланысты сұрақтарға жауап береді.

Оқулық , дәптер

сабақтың соңы

2 мин

кері байланыс

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

1.Сабақта мен... жұмыс жасадым.
2.Сабақта өз жұмысыммен мен...
3.Мен үшін сабақ жақсы...
4.Сабақ үшін мен...
5.Менің көңіл-күйім...
6.Сабақтың мынадай... мәліметі болды.


Қорытынды бағалау: Мұғалім рефлексиясы

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт.

1:

2:

Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12