Екі
жұлдыз сценарий
Муз
№ 1 10 сыныптар дайындаған флешмоб (би)
1-жүргізуші:
Біз
ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан
туған небір даналар.
Ана
деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,
қасиетті аналар!
Кеш
жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім
мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық
әйелдер күні келді. Осынау көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны, аналарға деген ыстық сезім,
алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр
отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз
тіршілік пен кең дүниенің өзі тек
аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан
нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз
де аналарға арналады.
2-жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар, оқушылар және қонақтар 8
- наурыз халықаралық әйелдер күнімен
тұспа-тұс келген «Екі
жұлдыз» дүлділдер додасының финалдық
кезеңіне келген көрермен! Біз бүгінгі
сайыста ата-аналармен, тәрбиешілермен
оқушылардың жұптасып ән айтуларын
тамашалайтын боламыз және оза шапқан
жарық жұлдыздарды сіздермен бірге
анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған
жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп
отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға
лайық, олай
болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
Бекзат,
қара қылды қақ жарып, бүгінгі сайысымыздың
әділ төрелігін айтатын әділқазылар
алқасымен таныс болайық:
1-жүргізуші:
Қазылар
алқасының төрағасы, мектеп директоры
Келинбердиева Ырысалды Сейілханқызы
2-жүргізуші:
Музыка
маманы, облыс төңірегіндегі музыкалық
байқаулардың тұрақты әділқазысы, "Вокал"
үйірмесінің жетекшісі - Мұқатаев Азамат
Қабыжалелұлы
1-жүргізуші:
Мектеп
директорының ғылыми жұмыс жөніндегі
орынбасары Бекишев Ерлан Егизбаевич
2-жүргізуші:
Өткен жолғы сайыста 11 жұптың ішінен
іріктеліп, оза шапқан 8 жұп осы финалдық
кезеңге жолдама алған болатын.
Көңілің
Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің
күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша
аяулы ана тына алармын,
Ән
болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал
аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың
құрметіне алғашқы жұбымыз 6 Б сыныбының
атынан шығып отырған Молдабеков Маргулан
мен Дощанова Куланда Арыстанбаевнаны
«Ана» әнімен ортаға шақырамыз.
Муз
№ 2
1-жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын
көңілімнің жасыл бағы.
Сендер
үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер
үшін мереке шашулары, - ән шырқалар
бақытымен, бағымен - 2-жұп
5 Г сынып атынан шығатын Шакиржанов
Санжар мен Шакиржанова Асель Сарсенбаевнаның
орындауындағы
тамаша «Бала махаббаты» атты әнді қабыл
алыңыздар.
Муз
№3
2-жүргізуші:
Өздерінің кереметтей әндерін алып
келген келесі жұбымыз, 7 в сыныбының
намысын қорғап келген
Шәкірттерге
анасындай болып кеткен,
Күлімдеп
мейірімінен жылу төккен.
Гүлнұрдай
апайды қарсы алайық
Алихандай
әнші, сері жігітпенен! (4-жұп)
7
В сыныбынын атынан шығатын Балаканов
Алихан мен Мағзұм Гүлнұр Әмірханқызы
«Ана» әнімен қарсалайық.
Муз
№ 4
1-жүргізуші:
Мерекеге
арналады бүгін билер.
Көтерілсін,
қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда
қазіргі үнді биі,
Таң
қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші,
ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл
алыңыздар!
Муз
№ 5
1-жүргізуші:
Ана
десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды
адамдарға туыстық.
Бар
адамға берсе ананың мейірін
Орнап
еді бар әлемге тыныштық- дей келе «Жан
ана» атты әнімен 5 В сынып атынан шығатын
Акбар Аяжан мен Есімхан Фарида Еркінқызын
ортаға шақырамыз.
Муз
№ 6
2-жүргізуші:
Ана
десем – шешек атып жанары
Өмірімнің
бастау алар жаңа әні
Ана
деген тіршілікте пана боп
Әрбір
үйде жұлдыз болып жанады.
5
Б сыныбының намысын қоғап келген Амиров
Арман мен Досжанова Жазира Сагитовнаның
орындауында «Аналардың тілегі» атты
әнді қабыл алыңыздар.
Муз
№ 7
1-жүргізуші: Бүгінгі
шырқалар әндердің көпшілігі өмірдегі
ең ардақты жан-аналарға арналған әндер.
Әркімнің өз анасы,өзіне алтын болып
көрінетіндігі баршамызға аян. Ендеше
ортада «Сенің анаң алтын» деген
әсем әнмен ортаға
Ботадай
көздері бар мөлдіреген,
Шәкіртімен
үнемі бірге жүрген.
Жадырадай
апайды қошеметпен,
Қарсы
алайық оқушысы Даниярмен! 10 Б сыныбын
қарсы алыңыздар(3-жұп)
Муз
№ 8
1-жүргізуші:
Шуақты
көктем келді гүлін алып
Көктемнің
мерекесі бүгін анық.
Барша
қыздарды құттықтауға ұлдар хоры келіп
тұр қарсалыңыздар.
Муз
№ 9
выход хора
2-жүргізуші:
Әлемнің
жарығын,
Сыйладың
сен маған.
Даланың
әр гүлін,
Жинадың
сен маған.
Тіршілікке
нәр берген ана сүті қандай құдіретті.
Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет,
ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген
сөзбен астасып жатыр. Ендеше 5 А сыныбының
атынан келіп тұрған Жиеншен Шыңғысхан
мен Кожахметова Данагул Тургынбаевнаның
ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар.
Муз
№ 10
1-жүргізуші:
Жайдары
жарқын бала мінезімен,
Жүретін
жайраңдасып шәкіртімен,
Ортаңызда
Нугуманов Ағыбай ағай Маликамен!
Муз
№ 11
2-жүргізуші:
Міне,
«Екі жұлдыз» байқауы өз мәресіне жетті.
Әділқазылар алқалары жеңімпаздарды
анықтағанға дейін 5 сынып ұлдарының
құттықтауын қабыл алайық.
Муз
№ 12 танец 5 класс
1-
жүргізуші:
Ортаға
қазылар алқасын шақырайық.
Награждение
фоновая музыка
2-жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!
Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды
жағалап, халықтың жүрегін жаулап келген
«Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне
жетті. Сіздерді кележатқан Аналар
мерекесімен тағыда құттықтаймыз.