400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екінші кіші топтар. Дене шынықтырудан ұыймдастырылған оқу қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу. Бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу, достық қарым – қатынасты, сапта тыныштық сақтауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Икемділікті, жылдамдықты, шыдамдылықты дамыту. Оқыту: Сапта бір-бірлеп жүру және жүгіруді, бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалатуды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ- кіші «Жұлдыз, Қарлығаш,Жидек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі № 7

Өткізу күні:

Нұсқаушы:

«Денсаулық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: ««Дені саудың жаны сау»»

Тақырыбы: «Қол ұстасып жүрейік»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Сапта тыныштық сақтау, бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу, дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, нұсқаушыны мұқият тындауға үйрету. Таза ауаның адам денсаулығына пайдалылығын айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, берілген жаттығуды дұрыс жасау дағдыларын дамыту.

Оқыту: Сапқа бір-бірден тұруды, аралықты сақтай отырып жүруді, тура бағытта 4–6 метр арақашықтыққа еңбектеуді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау, ойын технологиялары.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Музыка,ысқырғыш,сылдырмақ,қаптар,жіп.

Билингвалдық компонент: Сылдырмақ- погремушка, еңбектеу-ползать.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларды спорт залға кіреді, нұсқаушы балаларды бір қатарға тұрғызады олармен амандасады. Балалар деніміз сау болу үшін не істеуміз керек? Дұрыс, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, гигиенаны сақтау.

Қауіпсіздік ережесін айтып өту.

  1. Негізі бөлімі: Залды айнала бір бірінің артынан жүргізеді.

Сапқа бір-бірден тұру, аралықты сақтай отырып жүруді.

Шеңберге тұрғызады ЖДЖ сылдармақпен өткізеді.

Тура бағытта 4–6 метр арақашықтыққа еңбектеу.

Қауіпсіздік ережесін қайталап айту.

Ойын: «Кішкене қапшықты кім алысқа лақтыра алады?»

Балалар залдың (аланның) бір жағында сызылған сызықтың немесе жатқан жіптің бойымен орналасады. Ойнаушылардың әрқайсысы кішкене капқа ие болады.Нұсқаушының сигналы бойынша балалардың барлығы қаптарын алысқа лақтырады. Әрқайсысы қаптарының қайда түсетінін мұқият байқап тұрады. Келесі сигнал бойынша балалар қаптарына қарай жүгіреді де, оны көтеріп алып, қаптың жатқан жерінде тұрады. Олар қапты екі қолмен төбесіне көтереді. Нұсқаушы қапты ең алысқа лақтырған баланы белгілейді. Балалар бастапқы орындарына барып тұрады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Нұсқау. Ойынды топтың жартысымен жүргізген дұрыс. Қапты нұсқаушының тапсыруы бойынша оң қолымен де, сол қолымен де лақтыру керек.

  1. Қорытынды: Бір қатарға тұрғызады. Дем алатын жаттығуды жасатады.
    Балаларға шар үйреуді ұсынады.

Жарайсындар бүгінгі сабақ еңбектеуді үйрендік, солай ма? Жарайсындар, барлық жатығуларды дурыс жасадыңдар. Балалар бәріміз тату болайық, қол ұстасып жүрейік.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі