400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екінші кіші топтар. Дене шынықтырудан ұыймдастырылған оқу қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаттары: Тәрбиелік: Бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу,құрдастарымен араласуда мейірімділікті және тіл табысушылықты, достық қарым – қатынасты, сапта тыныштық сақтауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Екі аяғымен бір мезгілде екпінмен итеріліп алдыға қарай қос аяқпен секіру және жартылай бүгілген аяқтың ұшымен жерге түсу дағдыларын дамыту. Оқыту: Бірінің артынан бірі жүру және жүгіруді, екі аяқтап жоғары секіріп басты затқа тигізе отырып, алға қарай 2-3 метр қашықтықта қарай жылжи отырып секіруді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ- кіші «Жұлдыз, Қарлығаш,Жидек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі № 10

Өткізу күні:

Нұсқаушы:

«Денсаулық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы: «Бағыт»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, достық қарым – қатынасты, сапта тыныштық сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Берілген жаттығуды дұрыс жасау дағдыларын, кеңістікте бағдарын дамыту.

Оқыту: Бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүру,арасы алшақтанған заттар арасымен,"жыланша" еңбектеуді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау, ойын технологиялары.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Музыка,ысқырғыш,заттар,сылдырмақтар,маса.

Билингвалдық компонент: Табиғат –природа, жыланша-змейкой.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1. Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларды спорт залға кіреді, нұсқаушы балаларды бір қатарға тұрғызады олармен амандасады. Табиғат әлемі ғажайып солай ма? Біз табиғатты аялауымыз керек, қорғауымыз керек. Табиғат әлемінде жыландар бола ма? Дұрыс , табиғат әлемінде жыландар болады. Бүгін біз жыланша еңбектеуді үйренеміз. Ал табиғат әлемінде маса бола ма? Барлық жаттығуларда дұрыс жасайтын болсандар «Масаны ұстап ал» қызықты ойының ойнаймыз.

Қауіпсіздік ережесін айтып өту.

2.Негізі бөлімі: Залды айнала бір - бірінің артынан жүргізеді.

Бірінің артынан бірі жүру және жүгіруді, аралықты сақтай отырып жүруді жаттықтырады. Басты тік, арқаларын түзу ұстап жүруін қадағалайды.

Шеңберге тұрғызады ЖДЖ сылдырмақпен өткізеді.

Бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүру,арасы алшақтанған заттар арасымен,"жыланша" еңбектеу.

Қауіпсіздік ережесін қайталап айту.




Қимылды ойын: «Масаны ұстап ал»

Балалар шеңберді бойлай ортаға беттерін қаратып қол созымдай жерде тұрады. Нұсқаушы шеңбердің ортасына тұрады. Оның қолында шыбық (ұзындығы 1 —1,5 м) шыбыққа қағаздан немесе матадан маса жасалынып, жіппен байланған. Нұсқаушы ойнап жүрген балалардың басынан жіпті сәл асыра айналдырады. Маса төбелерінен айналғанда, балалар оны екі қолымен ұстағысы келіп секіреді. Масаны кім ұстап алса, сол «Мен ұстап алдым!» - дейді. Ойын жалғаса, береді.

Нұсқау. Балалар секірген кезде шеңберді тарылтпауын қадағалау керек. Маса байланған шыбықты айналдыра отырып, нұсқаушы оны біресе төмен түсіреді, біресе жоғары көтереді.

3. Қорытынды: Бір қатарға тұрғызады. Дем алатын жаттығуды жасатады.

Қолға, алып шарды,
Үрлеймін мен былай.
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.
Нұсқаушы балалармен қоштасады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі