Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екітаңбалы сандардың натурал сандар қатарындағы орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар



Сабақ: Математика

2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және алу. Жүздіктер.

Тақырыбы: Екітаңбалы сандар.Екітаңбалы сандардың натурал сандар қатарындағы орны








Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Абилкас Айгерим



Сынып: 2

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағаны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды

Оқушылардың көпшілігі:

1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды, 1000-ге дейінгі сандарды жазады, салыстырады.

Кейбір оқушылар:

1000-ға дейінгі жүздіктер тізбегіндегі заңдылықты анықтайды, 1000-ге дейінгі сандарды жазады, салыстырады, берілген заңдылық бойынша тізбек құрай алады.


Жетістік критерийлері:


1000 көлеміндегі сандарды атайды, жазады, салыстырады, берілген заңдылық бойынша тізбек құрай алады.

Тілдік мақсаттар


жүздіктердің атауы (жүз, екі жүз, үш жүз, және т.б)


Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

100-ге дейін санауды, сандар атауларын, толық ондықтарды біледі

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер




Сабақтың басы



3 минут












5 минут

(Ұ) Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.


100-ге дейін өсу және кему ретімен санату.

(Ұ) Оқушылардың өздеріне таныс сан түзуін қарастыру.

-100-ге дейін қалай тез санауға болатындығын білесіздер ме?- проблемалық сұрақ қойып, оқушылардың пікірлерін анықтау.

100-ге дейін ондықтармен өсу және кему ретімен санату.

-100-ден кейін қандай сан келеді?»

-Одан кейін ше?

100-ден 1000-ға дейін жүздіктермен өсу және кему ретімен санату.

-Ендеше, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Интерактивті тақтада санамақ











Сабақтың ортасы


5 минут






2 минут









3 минут









5 минут











5 минут







2 минут

5 минут













3 минут

Жүздіктер.

(С) Тақырыпқа кіріспе ретінде сандардың бір таңбалы және екі таңбалы болатындығын қайталаған жөн. Бір таңбалы сандарды жазу үшін бір таңба, ал екі таңбалы сандарда – екі таңба пайдаланылады. Бір таңбалы сандарда бір разрядты – бірліктер разрядын, ал екі таңбалы сандарда екі разряд – бірліктер мен жүздіктер разрядтарын бөліп көрсетеді.

(Д) «Жоғалған сан» ойыны.

(Ж) Оқушылардың жұптарда ондықтармен санауы.

1) 8 ондыққа 1 ондық қосқан кезде, қанша ондық алынады?

8 ондық + 1 ондық = 9 ондық = 90 

2) 9 ондыққа 1 ондық қосқан кезде, қанша ондық алынады?

9 ондық + 1 ондық = 10 ондық = 100 

100 санын сонымен қатар жүздік деп атайды.

Бұл сандардың ортақ қасиеті: натурал, жұп, дөңгелек.

Айырмашылықтары: 90 санын жазуда 2 таңба, ал 100 санын жазуда – 3 таңба қолданылады.

Үш таңбалы сандар – жазуда үш таңба қолданылатын сандар. 100 ең төмен үш таңбалы сан болып табылады. Барлық үш таңбалы сандарда жаңа разряд – жүздіктер разряды пайда болады. Оқушылардың 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 1000 сандары аттарының ерекшеліктерімен таныстырыңыз.

(Ұ) Жүздікті рет-ретімен орналастыру ептілігін тексеру үшін, ойын өткізіңіз: оқушылар дайындалған жиынтықтан сандары бар (дөңгелектелген) қима қағаздарды кезекпен алады. Тапсырма: жүздіктердің сандық түзуін құру (тура және кері ретпен).

Әрбір оқушы қима қағазды алып, содан кейін өз саны үшін түзуден орын табуы тиіс.

(Ұ) Әр түрлі ойындар өткізіңіз.

1. «Жетіспейтін санды тап» (100, 200, 300, …, 500, 600, …, … 900, 1000.)

2. «Артығын тап» (100, 20, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900); (100, 200, 300, 44, 500, 600, 700, 800, 900)

(Ұ) Оқушыларға сандарды салыстыруды ұсыныңыз:

8 және 6 ; 80 және 60

Нені байқадыңдар? Оқушыларға 600 және 800 сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылар салыстыру алгоритмін түсінулері тиіс: 6-ға қарағанда 8 артық; 8 ондық 6 ондықтан артық; 8 ондық 6 ондыққа қарағанда артық.

(Ж, Ф) Оқушылар жұптарына дағдыны бекіту және қалыптастырушы бағалау үшін дөңгелек жүздіктерді салыстыруды тапсырыңыз.


(Ө, Ж, Т) «Мен ойлаған сан».

-Балалар, қанай сандарды ойлады? Сұрақтарға оқушылар жазбаша жауап береді. Жұп бойынша тексереді.

- ойлаған санды табуға қандай көмекші сөздер берілген?

Осы үлгіге қарай отырып, топтар бір-біріне 2 тапсырма құрастырады, және бірі-бірі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

Жүздіктерді өсу ретімен жаз

-----------------------------------------------------------------------

Мәнін тап

600+100= 700-200= 1000-300=

100+900= 1000-700= 700+200=

500-100= 400+500= 1000-800=

100+300= 300+600= 1000-900=



1000 көлеміндеі нөмірлену

http://studopedia.ru/6_15398_numeratsiya-chisel-v-predelah-.html


Слайд

А4 қағаздары






слайд





















Сандар кестесі










Тапсырмалар (карточкалар)















Слайд






«Көңілді күн» виде-сергіту сәті





Қима қағаздар.

Сабақтың соңы

2 минут


Стикерлер жапсыру арқылы өздерін бағалайды.

«Жетістік баспалдағы»

Қосымша ақпарат.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы












































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
3184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12