Сабақтың мақсаты:
-
Сабаққа ойын элементтерін пайдалана отырып, ғылымның өзге салаларымен байланыстырып, оқушылардың «Денсаулық», «Экология», «Салауатты өмір» жайлы таным – түсініктерін тиянақтау.
-
Оқушыларға сын көзбен қарауды, зинды заттардың организімге тигізетін әсерін және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, оған айналасындағы қоршаған ортаға деген өмірлік дағдыларын жетілдіру.
-
Оқушыларға әстетикалық, құқылық, адамгершілік тәрбиесін беру. Денсаулыққа бағытталған дағдыны тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Түрі: Саяхат сабақ.
Әдіс–тәсілі: сұрақ–жауап, түсіндіру, көрсету, жинақтау.
Көрнекілігі: оқулық, тақта, сызба, сурет, қолшатыр.
Пәнаралық байланыс: Биология, медицина.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу.
ә) оқушыларды түгендеу.
б) сынып кезекшілігінің міндетін бақылау.
II. Мақсат қою кезеңі:
— Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті өтіп жүрген
сабақтарымыздан өзгеше болмақ. Бұл сабақта экологияның адам
денсаулығына әсері туралы жан-жақты білім алуға тиіспіз. Себебі
қазіргі таңда көтеріліп отырған экология мәселелеріне байланысты
тапсырмаларды орындай отырып, біз мінген «Салауатты өмір» поезімен
«Экологтар» ауылынана өтіп, «Денсаулық» ауылына жетуіміз керек.
Ол үшін бірнеше бекет – кедергілерден өтеміз. Ал ендеше, балалар,
іске сәт.
— Балалар, «Салауатты өмір» поезына отыру үшін «салауатты өмір»
дегеннің не екеніне тоқталайық.
— Салауатты өмір – дегеніміз денсаулықтың үйлесімді дамуын
қамтамасыз ететін, оны сақтайтын және нығайтатын профилактикалық
шаралар жиынтығы.
III. 1 – аялдама – (Үй тапсырмасын тексеру)
Біздің бірінші аялдайтынымыздың «Никотин» бекеті. «Никотин»
бекетінен өту үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.
1. Никотин дегеніміз не? (Темекінің құрамындағы улы зат, темекіні
адамға пайдалы деп Жан Нико өсірген. Никотин Жан Никоның атымен
аталған.)
2. Дені саудың — …… сау. ( жан – душа)
3. …..басып есіне. (ауыз – рот)
4. Суды улама, … түкірме. (су – вода)
5. Тазалық бар жерде-…. бар. (денсаулық – здоровье)
6. Аурудың жақсысы жоқ, ……тәттісі жоқ. (дәрі-лекарства)
«Тазалық» бекетін артқа салып, «Ағза» бекетіне де келіп жеттік. Бұл
бекетте адам ағзасына әсер ететін факторлармен зиянды заттар және
оның адам ағзасына қаншалықты әсер ететініне тоқталамыз.
Сұрақ:
— Балалар, адам ағзасында қандай факторлармен зиянды заттар әсер
етеді?
( Лас ауа, лас су, жуылмаған көкөніс, тұзды су, қышқыл жаңбыр, озон
қабатының жұқаруы, топрақтың сорлануы. Маскүнемдік, нашақорлық,
шылымқорлық, СПИД сияқты зиянды заттар да әсер етеді.)
2 – кесте.
Адам ағзасына әсер ететін факторлар мен зиянды заттар:
1) Лас су
2) Газ
3) Ластанған ауа
4) Топрақтың сорлануы
5) Жуылмаған көкөніс
6) СПИД
7) Нашақорлық
8) Темекі
Енді адам ағзасына осы факторлармен зиянды заттардан қандай аурулар
туындайтынын айтып кетейік. Ол үшін осы факторлармен зиянды заттар
атауларын адам ағзасы макетіне орналастырайық.
— Қандай дене мүшелеріне әсер етеді? (Өкпеге, бауырға, жүрекке,
ішекке)
— Қандай ауррулар туғызады? (Өкпеде-туберкулез. Туберкулездің
қондырғышы-туберкулез таяқшалары. Ол таяқшалар ауада, киімде,
ыдыс-аяқта, сүлгіде, жөтел тамшылары т.б ауру адам қолданатын
заттарда болады)
Туберкулез – тамшылар мен шаң қоздырғышы. Қараңғы үйде, ылғалды
орында, кір-лас жерлерде бактериялар өмірін ұзартады. Таза ауа,
үйді желдету, жақсы тамақтану, күн сәулесі – осының бәрі туберкулез
таяқшаларын жояды.
Вирусты гепатитті тұрмыстық жағдайда сары ауру деп атайды. Өте
жұқпалы бауыр ауруы. Ауру белгілері: асқа тәбеті болмайды, құсады,
лоқсиды, іші кебеді, көз жанары сарғаяды.
Гелминтоздар – паразит құрттар. Паразиттік сорғыш құрттар типі,
олар бауыр сорғыштар бауыр клеткаларымен, қанмен қоректеніп, адам
өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Адам макетін салу.
— Ия, балалар, тапсырмаларды орындай отырып біздің поезіміз
«Есірткі» бекетіне де жетті.
Статистика бойынша: Қазақстанда есірткі тұтынушылар саны 250 мың.
Нашақорлардың өмірі 3-5 жыл. Нашақорлыққа әуестенуден туындайтын
жағдайлар.
1) Әлеуметтік проблема.
Жұмыстан, жанұядан, жолдастардан ажырайды.
2) Құқықтық проблема.
Адамның ақыл-есі өзгереді, нашақорлар-әлеуметтік «қауіпті» адамдар.
Олар заңға қайшы келетін қылықтар жасайтын адамдар.
3) Медециналық проблема.
Созылмалы аурулардың пайда болуы: бауырдың, жүректің, бүйректің
ауруларын туғызады, туберкулезді өршітеді.
Тест сұрақтары.
(Тест жұмыстарын жинап алғаннан кейін, оқушылардың денсаулық жайлы
ойларын тыңдау)
Сабағымызды Елбасымыз Нұрсұльан Назарбаевтың «Қазақстан — 2030»
халыққа жолдауында айтқан сөзімен аяқтағым келеді. «Болашақ ғасыр
иелері – дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз
үшін үлкен бақыт.»
VI. Үйге тапсырма. «Экология және денсаулық» тақырыбына реферат
жазу.
Тақырыбы: Табиғатты қорғау-
парыз
Мақсаты: Табиғат-Ананы қорғаудың әр адамның
міндеті екенін ұғындыру.
Міндеттері: 1.Экологиялық проблемалар және
оларды шешу жолдары туралы түсініктерін
кеңейту.
2.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай
білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе
білуге
дағдыландыру
3.Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге,
мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие
беру.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға
әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер,
суреттер.
Сабақтың
әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек
айту,пікірлесу,
шығармашылық
жұмыстар
Тәрбие сағатының
барысы:
І.
Ұйымдастыру. Ширату. «Жер, су, ауа» ойыны.
Табиғат
дегеніміз не? «Топтастыру» (жазғандарын
түсіндіру)
Бейнеролик қарау «Табиғат – адамзатқа
аманат». Ой түйіндеу.
-Осы
бейнероликті көріп отырып, қандай ой
түйдіңдер?
-Не
сезіндік?
-Көңіл-күйімізге қандай әсер
берді?
Күнде таңертең сендер ояна салысымен ,
терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні
табиғат-Ана бізді несімен қуантты, бізге не
айтады?
Табиғат
- адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе
жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас
көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан
бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге
айтайық!
Қайырлы
күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы
күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы
күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы
күн, бар тіршілік иесі!
Бейнеролик қарай отырып, табиғат туралы
білімдерін жетілдіру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Экология
деген не? (оқушылар пікірін тыңдау)
Экология
- «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген
сөзді білдіреді. «Экология – тірі организмдердің бір — бірімен
қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін
ғылым.
Эколог маман деген
кім?
Эколог адамның өмірімен денсаулығын, қоршаған
ортаны қорғауға ондағы құстар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар
өмірін қорғайтын, ауа мен судың ластанбауына көмектесіп,
қорғайды.
Қазақстан Еуразия құрлығының орталық
бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жердің аумағы жөнінен
дүние жүзі бойынша 9 орында. Қазақстанның табиғат байлықтары сан
алуан. Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық
зардаптарды көп көріп отырған мемлекеттің бірі. Адам өзіне керектің
бәрін табиғаттан алады. Табиғаттың өзгеруінен елге экономикалық,
әлеуметтік шығындар келеді. Жер климаты өзгереді. Осыдан барып
экологиялық қауіп пайда болады.
Қоршаған
ортаның экологиясын зерттейік.
Ол үшін
бейнероликті тамашалайық. «Қазақстан және
экология»
(экология
Казахстана)
–Осы заманғы экологиялық апаттың көлемін
қарастырайық. Экологиялық проблемалар: ауаның ластануы, судың
тартылуы, орманның жойылуы, жануарлардың азаюы, жер бетінің
(қоршаған орта) өзгеруі
-Жыл
сайын 1млн гектардан астам алқаптың орманы жойылуда. Ғаламшар
алдағы 10 жылдықта–ақ оттегінің басты көздерінің бірінен айрылуы
мүмкін.
-Жиналатын қалдықтар көлемі ұдайы өсіп
келеді. Егер қажетті шаралар қолданылмайтын болса,10-15 жылдан
кейін қалдықтар жер бетіне 5 метрлік қабатпен жауып қалатыны
есептеп шығарылған.
Бейнеролик «Заң және біз». Топтарға
тапсырмалар беру.
І топ.
Қоқыстарды азайту үшін не істей аламыз?
1.Бір
рет қана пайдаланылатын заттарды сатып алмауға
тырысыңдар.
2.Белгілі бір затты сатып аларда оның өзіңе
шынында да аса қажеттігін
ойланыңдар.
3.Әлі де
жөндеп алуға болатын заттарды лақтырып тастауға
асықпаңдар.
4.Қораптарын қабылдау пункттеріне тапсыруға
болатын өнімдерді алуға
тырысыңдар.
ІІ топ. Қоқыстарды қандай әдіспен жою керек
деп ойлайсыңдар?
Пікірлерін айту.
( Өртеу,
көму, өңдеу немесе қоқыс шығаруды азайту
т.б.)
Заттардың толық айырылып, шіріп
кетуі:
Қағаз 2-10 жыл
Консерві
банкалар 80 жыл
Полиэтилен 200 жыл
Пластмасса 500 жыл
Шыны
1000 жыл
ІІІ топ. Адам іс-әрекетінің табиғатқа әсері.
(Өз ойларын айту.)
Адам
санының күрт өсуі, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының дамуы, қуат
көздерінің өндіруі, көлік түрлерінің пайдалануы. Экология
мәселелерінің бірі-адам баласын тамақпен, тұрмыстық қажетті
заттармен қамтамасыз ету. Жер бетінде адам саны 6,5 млрд. жетіп
отыр. Атмосфераны тас көмір, мұнай, газ, автокөліктер. Автокөліктен
шығатын күкірттің диоксиді мен озот оксиді- жауын-шашынмен қосылып
қышқыл жаңбыр түрінде таралады. Өзендегі балықтар қырылып,
ормандағы ағаштар қурайды.
ІҮ топ.
Ауа,су, өсімдік, құс, хайуанаттарға тіл
бітіру.
1-оқушы:
Мен «Тіршілік атаулының бар арманы
–ауамын».
Тіршілікте не дейсің ғой ең
қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен
қымбат.
Ал
адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа
қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында
да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана
дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет»
деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық
жауап бере алмайды. Өзіміздің Ақтөбе қаласын алып қарасақ, қаланың
үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод,
фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949
жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар
ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады.
Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден
өзіне -өзі қастандық жасады.Түрлі аурулар пайда болды. Мен сөзімнің
соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған
дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның
сенімін ақта, ауаны ластама!
2-оқушы:
Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
Мен
«Тіршілік көзі –сумын». Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін
саялы баққа айналдыратын байлық көзімін. «Судың да сұрауы бар»
дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер,
көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың
азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су
әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп
мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал
теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы
шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы
осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып,
балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп
жерлерде ауыз су жеткіліксіз. Адамзат баласы суды үнемдеп, таза
ұстайықшы.Су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні
дедік.
3-оқушы: Ал мен табиғатты әдемілікке бөлеп
тұрған «Табиғат байлығы –өсімдікпін». Өсімдіктер табиғатымызды
түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір
өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша
тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз
пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара
жатқандықтан олардың 500-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Елімізде
сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер
атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың
маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды
ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған
барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға
шақырамын.
4-оқушы.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін «Орман сәні
-құстар».Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың
әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің
қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің,
бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды
қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын
аққуға теңеген.
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның
ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға
алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы
кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол
ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың
әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті.
«Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды»
депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Ал
қазір біз ата-бабаларымыз секілді құстарға жанашырлық танытып
жүрміз бе?
5-оқушы:
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін нелер?
Олар - табиғаттың сұлу мүсіні хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ
жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері
мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның
сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ
жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар
өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды.
Оны мүйізі үшін аулап, азайттық. Бүгінде ақбөкенді, жалпы
қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін түрлі қорықтар
құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай
қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі
аңдарға толатынына сенемін.
IV.
Ой-толғау (Үй тапсырмасы)
Бейнеролик «Табиғат үн қата
алса...».
VI.Қорытынды.
Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті
нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа
берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып
жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі
аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан
алады екенбіз. Мұны ата-бабаларымыз ертеден-ақ біліп
айтқан.
«Экологиялық ұлттық – тәлім
тәрбие»
Тыйым
сөздер: «Бұлақты былғама» , «көкті жұлма», «ағашты сындырма»,
«аршаны аралама», «суға түкірме», «суды лайлама», «құмырсқаның
илеуін бұзба» , «аққуды атпа», «қүстың ұясын бұзба» және тағы сол
сияқты
Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер: «Судың да
сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі талмас» , «Бақ өсіргеннің
бағы жанады», «Тоғайды тұяқ тоздырады»
Дүниеде
екі ана бар.Біріншісі –табиғат тіршілік ана, екіншісі-адамның
анасы.Осы екі анаға біз қаталдық көрсетпеуіміз керек, олардың жанын
жаралауға болмайды. Бірақ біз соны есімізде сақтап жүреміз бе?
Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселеге
айналып отыр, өйткені адамның ойланбай жасаған әрекеттерінің
салдарынан өмір сүруге қажетті нәрсенің бәрі
ластануда.
Ол
қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл
сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса,
табиғатты қорғау біздің парызымыз.
Табиғат-Анаға тілек
айту:
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның
ашық болсын!
Аспаныңды бұлт
торламасын!
Тоғайың
аң мен құсқа толсын!
Суың
мөлдір, таза болсын!
Өзен,
көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың
қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің
жарық болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Экология және Мен

шағым қалдыра аласыз