Аңдатпа: Адамзат денсаулығының
экологиялық өзгерістер әсерінен ауру ағзаға айналуын ғылыми
тұрғыдан зерттей отырып, экологиялық проблемаларды шешу
жолдарын қарастыру
Аннотация: Рассмотреть пути решение проблемы экологии, исследуя экологию человека с научной стороны
Annotation: To reseach the peoples ecolody by the scientific position,to consider ways of solvind the ecolodical problems
Мақсаты:
Әлемдік, аймақтық экологиялық
мәселелердің пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеу
және оқушыны өз бетінше ізденуге, еңбек сүйгіштікке баулу және
табиғатты қорғауды үйрету.
Міндеттері:
- Әлемдегі экологиялық мәселелердің туындау себептерін және оның шешу жолдарын өз беттерінше белсенділік көрсетуге бағыттау.
-Табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды, антропогенді әсерлерді, биосфераның тұрақты дамуындағы ауытқуларды экологиялық тұрғыда түсіне алуы және қоршаған ортаға, табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, мәдени жауапкершілігін дамыту.
- Экологиялық білімді теориялық жағынан негіздеу .
Өзектілігі:
Экологиялық жағдай қазіргі
кезде кезек күттірмейтін күрделі мәселелердің бірі. Әлемдегі,
еліміздегі ғаламдық экологиялық мәселелерді оқып, талдайды,сол
мәселелерді шешудің жауаптарын табуға және жер шарында ғаламдық
экологиялық апаттың болмауына жол бермеуге көмектеседі. Оқушылардың
қызығушылығын арттырады. Экологиялық сауаттылығын
дамытады.
Нысаны:
География және биология ғылымдарымен байланысып жатқан экология
саласының бір бөлімі - ғаламдық экологияны
зерттеу.
Болжамы:
Экологиялық сауатты, қоғамдағы өзгерістерді пайымдап, табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға, экологиялық мәселелерді болдыртпауды қолға алуға ұмтылады.
Күтілетін
нәтижелер:
Жобаны қорғау барысында оқушылармыз болашақ азамат ретінде жауапкершілік танытады, қолданбалы іс-әрекеттерді орындай алады және зерттеу жұмыстарын қорытындылап, дәлелдеп береді.
-Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары, ауасы, өзен-көлдері, топырағының экологиясы, ластану жөнінде нақты мәліметтер жинақтап, қорғайды.
- Оқушы ауа, су, жер ресурстарының ластанбау жолдарын ұсынады;
- Өз өлкесінің табиғи байлықтарын жіктей алады;
- Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ат салысады;
- Өлкелік топ серуен, саяхат жасау барысында бақылаулар жүргізе отырып, қорытынды есеп жинақтайды;
- Экологиялық мәселелер жөнінде эссе жазады;
Жоспар :
І.Кіріспе бөлім
Экология туралы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1.Экологияның адам денсаулығына әсері
ІІ.2.Теспе елді мекенінің экологиясы
ІІІ.Қорытынды бөлім
І.Кіріспе бөлім
Экология туралы түсінік
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу. Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.
Экология ғылымының даму кезеңдері 3-ке бөлінеді :
І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;
ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;
ІІІ кезеңде(1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.
Ал экологияның зерттеу әдістеріне :
1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.
2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын. Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды. Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы — «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңдар, ал 2002 жылы — «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы — Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.
- Әлеуметтік экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.
- Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
- Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын зерттейді.
- Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
- Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.
Қазіргі заманғы экологияның негізгі әдістері:
- Жүйелік тұрғыдан қарастыру ;
- Ортаның жағдайын бақылау;
- Эксперимент және модельдеу;
Жүйелік тұрғыдан қарастыру – тірі табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылғандықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады. Әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды талап етеді.
Ортаның жағдайын бақылау – бұларға метеорологиялық бақылау температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын , мөлдірлігін топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау т.б. жатады. Қазіргі кезде осылардың ішінде практикалық маңыздылығы жағынан мониторингке ерекше көңіл бөлінуде. Мониторингінің мақсаты – бақылау, баға беру және болжам жасау.
Эксперимент және модельдеу – Зерттеулер эксперименттік әдістемелердің көмегімен бірлестіктер мен экожүйелерде жүргізіледі. Экологияда статистикалық математика, математикалық логика, сандар теориясы, матрицалық алгебрамен байланысты ақпараттар мен кибернетика теориясының әдістері қолданылады. Соңғы кезде биологиялық жүйелерді модельдеу кеңінен қолдануда. Зерттеулердің міндеттеріне байланысты әр түрлі модельдер қолданылады (шынайы нақты модельдер, таңбалы модель, концептуалды және математикалық модельдер).
Қазіргі жалпы экологияның негізгі зерттеу нысандары жоғары биологиялық жүйелер (популяциялар, биоценоздар, экожүйелер, биосфера) және олардың уақыт пен кеңістік аралығындағы өзгерістеріне байланысты түрлі міндеттерді қамтиды. Олар:
1) организмдердің әр түрлі топтарының (популяциялардың, түрлердің және т.б.) сыртқы орта факторларымен өзара қарым-қатынастарын және олардың тіршілік ортасына әсер ету заңдылықтарын зерттеу;
2)биоценоздардағы көптеген түрлер популяцияларының бір-бірімен байланыс заңдылықтарын зерттеп анықтау;
3)тіршілік ортасы мен популяциядағы дара сандарының бір-біріне тәуелділігін зерттеу;
4)популяциялардағы тіршілік үшін күрес заңдылықтары мен табиғи сұрыпталу бағыттарын зерттеу;
5)орта жағдайларының организмдерге және олардың популяциялық жеке топтарына әсерін зерттеу;
6)адамның табиғатты тиімді пайдалану жолдарын және орта жағдайларына антропогендік факторлардың әсер етуін алдын ала болжауға байланысты зерттеулер жүргізу;
7) ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу үшін биологиялық әдістердің тиімді тәсілдерін анықтап, қолданысқа енгізу;
8)өндіріс процестеріне жаңа қалдықсыз технология тәсілдерін кеңінен енгізуге арналған зерттеулер жүргізу.
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:
а)табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ақ экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә)өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б)экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в)табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру - құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г)әлеуметтік - экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.

Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда өмір сүру қабілеті арқылы дараланып, қоғамды алға қарай өркендетіп, ұрпақ жалғастығын дамытып отырған тіршілік иесі – адамның пайда болуы ең құдіретті және маңызды мәселенің бірі. Адамның ерекше қасиеттері арқылы оны танып білeге болады. Адам – еңбегі мен қызметі арқылы танылып, алдымен өзіне сонан соң қоғамға пайда әкеледі. Жоғарыда айтқандай қоғамды білімі мен шеберлігінің арқасында дамытып, ғылым мен техниканы, өндірісті алға өркендеткен сайын экологияның нашарлауы жаһандық проблема болып отыр. Адам мен табиғат өте тығыз байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі белгілі. Адамның басты байлығы – денсаулығы. Дені сау адамның қол жеткізер биіктері де көп болады. Әр өңірдің өндіріс көздері мен орналасу жеріне сай түрлі экологиялық мәселелер бар. «Жақсы ізгі қоғам құру үшін ең алдымен сол қоғам мүшелерінің денсаулығынан бастау керек» дегендей әрбір өңірдің табиғаты таза, жасыл желекті болу қажет.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады. Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.
1.Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан тұрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек. Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.
Адамның денсаулығының ауруға
шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз
әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық
дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық,
психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы
50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына,
18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық
сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді
факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады
. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде
әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті
нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 5 млн.-нан астам заттар
шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа
заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен
аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен
заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі
трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге,
бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа»
айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық
жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико - химиялық
тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік -
экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір
көрсетіп отыр. Әлеуметтік - экономикалық жағдайдың нашарлауы
адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер
етеді. Адамның ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына
тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан
көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл
сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады
және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте
«үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл
елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік
ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты.
ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер
кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін
артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі
кездеседі. Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті
фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың
мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі
балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8 - ден
20%-ға артуы—1,4 есеге артуына әкеледі. Қазіргі кездегі
адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан
өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын
орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы
жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды
мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда
қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни
3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға
дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995
жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам
халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған.
Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық)
процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының
артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам
өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір
сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Қалалардағы адам
экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан
оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі
топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты
мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы
қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі
кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол
демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс,
сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен
табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады.
Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін
байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар,
тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі
қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек барлық жағынан
қолайлы орта емес. Қала ортасы адамның басты сапасы — оның
денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік
өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен
транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс,
вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы,
шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі,
гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды
әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның
денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалатын
қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай
жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен
демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына
айналады.Сондықтанда адам ағзасы қалалық жерлерде де , ауасы таза
ауылдық жерлерде де экологиялық нашарлаған ауамен тыныс алып,
демалғандықтан олардың ағзалары ауруларға ұшырайды
.
ІІ.2.Теспе елді мекенінің экологиясы
Теспе елінің аталуының тарихына көз жүгіртсек . Ең алғаш тұрғындары пайда болған кезде тұрғылықты жердің атауы болмаған.Тұрғын халықтары ішерге су таппай , ел кезіп кетеді. Елге су жеткізу барысында ауылдың үлкендері жан – жақты зерттей бастады. Ауылдың маңына жақындау жердегі биік жардың арғы жағындағы суды қалайда жеткізу мақсатында ,сол жардың әр жерінен қарулы жігіттерге тесік жасатып үңгу арқылы елге су әкелді.Міне сол кезден бері қарай ел арасында ауылдың аты Теспе аталып кетті. Ал 1938 жылы заң жүзінде Теспе болып бекітілді.Теспе елді мекенінің географиялық орналасуына тоқталсақ топырағы құнарлы және ылғалды. Себебі біздің ауылымызда Бөржар , Бадам өзендері ағады.Егін шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысады. Жайылым жерлері қырдың шөптеріне бай және жантақ, адыраспан тоғайлы жерлерде қамыс, қоға өседі .Тұрғындарының саны 620 адам. Өмір сүру деңгейі биология тұрғысынан алғанда 0-95 жас аралығы. Ауылымызда жылжан-жылға тұрғындар саны көбеюде. Ауылымызда 11жылдық мектеп бір мешіт бар. Мектебіміз «Теспе» жалпы орта мектебі деп аталса, мешітіміз Полатбек ата атымен аталды. Мектебімізде озық ойлы мұғалімдер сабақ береді. Ауыл тұрғындары егіс алқаптарына қарбыз, қызанақ, қияр егеді. Ал өз үйлерінде жеміс ағаштарын егеді . Ауылымызда Жанысбаев Талгат ағамыз басқарған «Сабыр» мал шаруашылығы бар. Мұнда мал бордақылап, асыл тұқымды мал өсіріледі. Сонымен қатар Талғат ағамыз басқарған демалыс орны бар. Демалыс орнында көптеген адамдар келіп демалып уақыттарын өткізіп қайтады. Сондай-ақ, Дамбы өзені ағады. Өзенде талсталоп балығы, сазан ,шортан, карас, лақа, жылан балығы тіршілік етеді. Ал жануарларына : үйжануарлары сиыр,жылқы, қой және ешкі, жабайы жануарларға қарсақ, түлкі , андатр, сарышұнақ, борсық тіршілік етеді. Және жыландарға : майжылан, сарыжылан, қарабасжыландар бар. Мен өз ауылымда фауна практикасына сауын сиырлардың экологиясын зерттедім. Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады . Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті. Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін — бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) — баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) — тайынша, бір жастағы ұрғашысын — қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын — құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) — дөнежін, еркегін — бұқа, піштірілген еркегін — өгіз деп атайды. Ересек Сиырдың салм. 250 — 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 — 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады. Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 — 400 кг, сүтінің майл. 3,6 — 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 — 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 — 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында. Сиырдың үстіңгі жақсүйегінде күрек және ит тістер болмайды және маңдай тұсынан екі мүйіз өсіп шығады. Омыртқа жотасы мойын омыртқадан, арқа омыртқадан, бел омыртқадан, сегізкөз және құйрық омыртқаларынан құралады. Қаңқаның алдыңғы бөлігі иық белдеуінен, соңғы бөлігі жамбас белдеуінен тұрады. Иық белдеуінің құрылысы күрделі емес. Ол қарға сүйегі бітісіп кеткен жауырыннан және бұғанадан құралады. Сиырда бағана сүйектері болмайды. Сиырда екі алдыңғы және екі артқы аяқтары болады. Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі.
Өз зерттеуімде мен көршімнің сиырын қолдан ұрықтандырып, нәтижесінде сиырдың егіз бұзау туғандығын көрдім.

Генетикалық тұрғыдан алғанда қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынған ұрпақ не болмаса өнім екі есе көп болады . Алайда жасанды жолмен алынған ұрпақтың кейінгі ұрпағы болмауы мүмкін . Болған жағдайлар 100ден 5-7%-ті ғана кездеседі. Демек , қолдан ұрықтандыру арқылы алынған біздің сиырымыздың бұзаулары алдағы уақытта өздері бұзау тумауы әбден мүмкін . Бірақ , мен зерттеу кезінде көз жеткізгенім мынау болды : екі егіз бұзауда өте белсенді жақсы жем жейді және тез өсіп жатыр . Сиырды да емеді .

Алдағы уақытта осы бұзаулардың тіршілік ету экологиясын зерттеп жетілдіремін деген ойдамын .
Ал , флора практикасы ретінде мен алма ағашын будандастыруды зерттедім . Алма латынша (мalus) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан. Негізінен, алманың Отаны – Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сініңшаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы,Недзвецкий, алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. 1796 жылы жемісті сипаттаған петербургтік ботаник Иоганн Сиверстің атымен аталған Сиверс алмасы Батыстың генетик ғалымдарының зерттеуінше, ғаламшардағы барлық алма атаулының атасы болып табылады. Еуропа ғалымдары Сиверс алмасы 65 миллион жылдық жеміс екендігін дәлелдеді. Тарихи тамыры тереңде жатқан алма ағашы аязға, аптап ыстыққа және құрғақшылыққа да төзімді келіп, 300 жылға дейін өмір сүретін көрінеді. 1929 жылы белгілі кеңестік селекционер-генетик Николай Вавилов Қытайдан келе жатқан кезде Қазақстанда алма жемісі толы ормандарды көреді. Алма жемісінің түрі, түсі, пішіні мен дәмінің әр алуандығына таңданған ол жабайы алмалардың генетикалық орталығының шығу тегі осы жер екендігін түсінеді.
Ежелгі Грек аңыздарында алма
жемісі білім мен даналықтың символы ретінде бейнеленген. Алма ағашы
гректерде күн құдайы Аполлонның киелі ағашы болып саналған. Ал
Скандинавия мифологиясында жасартатын алтын алмалары бар Идунн
есімді әйел құдайы болғандығы айтылады. Ол күзететін алтын
алмалар арқылы құдайлар өздерінің жастық шағын сақтап қалатын
болған. Бір аңызда Локи есімді құдай Идунн мен оның алтын алмаларын
Тьяцци есімді алыпқа беруге мәжбүр болғандығы баяндалған.
Жасартатын алмаларынан айрылған құдайлар қартая бастаған соң
Локиді алтын алмалардың иесі – Идуннды қайтаруға мәжбүрлеген .
Ежелгі аңыздарда ерекше орын алған алма жемісі осылайша мәңгілік
жастық шақтың символы саналған. Аңыздың астарында ақиқат бары
анық. Ғалымдардың айтуынша, алма жемісі адамдардың жас
көрінуіне септігін тигізетін көрінеді. Күн сайын алма жеген
адамның ағзасы жасарып, қартаю процесі ақырын жүреді. Мамандардың
мәліметінше, алманы тұрақты түрде жейтін адамның терісі мен
ағзасындағы зиянкес микробтар жойылып, жағымсыз процестердің жүруі
бәсеңдейді. Оған басты себеп, жемістің құрамында флавоноид және
полифенол заттары көптеп кездеседі екен. Бұл элементтер жүректің
жұмыс істеуін жақсартып, қартаю процесін
тежейді. Алманың жер шарында 36
түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий»,
«қырғыз алмасы», т,б. түрлері өседі.
Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір
сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс
береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымнан және
өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. Жаздық сұрыптары еккеннен
кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі
15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі
нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу
тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу –
әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген
қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық
сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс. Алманы көбейту кейде
ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда
алманың 40 - тан астам
сорттары будандастырылған, оның
20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға
жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы
өңделеді. Алманың адам ағзасына
пайдасы орасан. Оның құрамында алма қышқылы, май, шекер,
силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар
мол. Мәселен, 1 алманың құрамының 83-88 пайызын су, 7,5-16 пайызын
қант, 0,2-0,5 пайызын қышқыл, 9,5-18,5 пайызын құрғақ
қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С,
РР дәрумендері, көптеген минералды заттар құрайды. Сондықтан, көп
тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды.
Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан
арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең,
сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын
көрінеді. Сондықтанда мен екі түрлі алма ағашын алып
будандастырдым. Оның І-ші буданы жаздық алма сары түсті ал ІІ-ші
буданы күздік алма қызыл түсті
.

Жаздық сары алманың көшетін
тамырымен отырғызып, оның жоғары жағын жанамайлап кесіп , кесілген
жердің ортасына екінші күздік қызыл түсті алманы жанамайлап
орнатып, қатты қысып, байлап қоямыз. Екі будан бір – біріне бітіп
орнаған кезде байлаған жерді босатып жібін шешеміз .Байланған жер,
яғни будандасқан жер буынға айналып көзге көрініп тұрады
.

Алдағы уақытта осы алма жемісінен мөлшерден көп жеміс аламын деген ойдамын.
ІІІ.Қорытынды бөлім
Кез - келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлық болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы.
Бүгін таңда күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ-дың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам- табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеу үлкен әсер еткен ХХ ғ-да өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертен құлауы мүмкін. Табиғат- адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды.Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ойшақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-тендіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көрністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі- адам денсаулығына әсер етуі. Сондықтан барлық экологиялық мәселелерді анықтап, оны шешуге өз үлесімді қосамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
1.Əбенов Ө.А. Қоршаған ортаға қамқорлық қажет: Жезқазған қал. қоршаған ортаны қорғау бөлiмiнiң бастығы Ө.А.Əбеновпен əңгiме / Əңгiмелескен А.Құрмансейiтов//Сарыарқа.-2002.
2.Əбенов Ө.А. Табиғат тепе-теңдiгi - ұрпақ мүддесi: Жезқазған қал.
қоршаған ортаны қорғау бөлiмiнiң бастығы Ө.А.Əбеновпен əңгiме /
Əңгiмелескен
А.Құрмансейiтов//Сарыарқа.-2002.
3.Жұмышев Қ. Құтты мекен - Қарағаш // Табиғатым-тағдырым / Құраст.
С.Байханов.-Алматы,1991.-268-285
4.Көшiмбаев С. Абыз дала, аңыз дала (Жезқазған, Ұлытау өңiрi
туралы) //
Сарыарқа/С.Көшiмбаев.-Алматы,1989.–98-151.
5.Темiреева Ф. Жезқазған облысының географиясы / Ф.Темiреева,
С.Нұрсейiтов.-Алматы:Рауан,1994.-128.
6.Нүркенова С. Туған табиғат - тiршiлiк көзi сондықтан оны аялай
бiлу парыз: Жезқазған аймағының ауданаралық экология жəне
биоресурстар басқармасының баст. Ө.А.Əбеновпен
сұхбат//Сарыарқа.-1998.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Экология және табиғат ғылыми жоба

шағым қалдыра аласыз