жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Экология негіздері. Табиғат бұрышындағы жануарларға қамқорлық
|
ТАҚЫРЫБЫ: Табиғат бұрышындағы жануарларға қамқорлық |
Педагогнің аты-жөні: |
||
|
Сынып/ топ |
|
||
|
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.2.1.Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау |
||
|
Күтілетін нəтиже |
Барлық балалар істей алады: «Күтім жасау » деген ұғымды түсіндіре алады Көпшілік балалар істей алады: Жануарларға пайдалы іс-əрекеттерді атауды. Жанарлардың өміріне зиян келтіруі мүмкін іс-əркеттерді білуі. Кейбір балалар істей алады: Жануарларға не үшін күтім керектігін айтып бере алады. Жануарлардың адам өміріндегі пайдасын айтып бере алады. |
||
|
Көптілділік |
күтім жасау –уход –care |
||
|
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: |
Табиғат бұрышы, жануарлар күтімі, пайдалы іс-əрекеттер. |
||
|
Талқылауға арналған сұрақтар |
«Жануарларға күтім жасау» - дегенді қалай түсінесіңдер? Сен жануарларға қандай көмек көрсеттің ? |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресуртар |
|
|
IV. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3-5 мин III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 27мин. |
Шаттық шеңбері Қол ұстасып, кəне, біз, Достасайық бəріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге! Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде): – Табиғат бұрышы – балабақшада, мектепте тірі жануарлар орналастырылған бұрыш. Табиғат бұрышында аквариумде балықтар, торда үй қояндары, тотықұстарды ұстайды. Оларды күтіп-баптайды. Балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды жəне онда бейне ленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Жануарлар). Балалардың жануарларға күтім жасау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың Жануарлар күтіміне байланысты бейнеленген суреттер пікірлері тыңдалады). Болжамдар: – Жануарларға күтім жасау, оларды тамақтандыру деп түсіндіреді. – Жануарларға зиян келтіру деген, уақытында тамақ бермеу. Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан. «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Жануарларға күтім жасау керек пе, керек емес пе? Балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударамыз. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз: ықтимал болжамдайық мүмкін солай дейік ал, егер… Өзекті мəселе. Балық немен қоректенеді? Күніне қанша уақыт тамақ бересіңдер? Ойланшы, шамадан тыс қоректендіру зиян ба? Сергіту сəті. Бақылау. Балаларға табиғат бұрышындағы жануарлардың пайдасы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды? Сонымен жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма? Жануарларды қорғау керек пе? Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар. Жануарларға күтім жасау – əр жануарды өзінің ерекшелігіне қарай, қоректендіру, тіршілік етуіне керекті жағдай жасау. 1. Сурет бойынша жұмыс. Табиғат бұрышындағы жануарға күтім жасау жұмыстарының түрлерін ата (су – жем беру, тазалық жұмыстары) 2. Суреттен табиғат бұрышын мекендемейтін жануарларды белгілету, себебін айтқызу. 3. Тотықұстың басқа құстардан қандай ерекшелігін білесің? Балалар тотықұс туралы білгендерін айтады. Содан соң аудиодан тотықұс туралы мəлімет тыңдатылады. Мен – жануарлардың ішіндегі ең ақылды тотықұспын. Сендерге біраз өзім жайлы айтып берейін. Тотықұстар 350-гежуық түрі бар. Адамдарға еліктеп сөйлей аламыз. Кейбіреулеріміз сөйлем де құрай аламыз. Өмір жасымыз да ұзақ. 70 жыл өмір сүреміз. Ұзақ жыл өмір сүріп, адамдармен де жақсы қарым- қатынас құра аламыз. Жалпы тропиктік аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейміз. Кейбір түрлеріміз дүниенің барлық өлкесінде тордың ішінде де өмір сүре алады. Біздітануөтеоңай. 4. Тотықұстың суретін бояу. |
Жануарлар күтіміне байланысты бейнеленген суреттер Жануарлар суреті Əліппе-дəптер Тотықұстың дауысымен жазылған аудиотаспа. Тотықұстың суреті. |
|
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин |
Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су жəне ауа керек. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғатты қорғаймыз. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер əлемін қорғау біздің парызымыз. |
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген