400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экологиялық аңыз "Жасыл әлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат және туған жер тақырыбына арналған "Жасыл әлем" ертегі-аңызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жасыл әлем» ертегілер байқауы

Зайтаева Баянсулу Серикқызы

№3 мектеп –гимназиясы, 7 «А» сыныбы



Туған жерімнің табиғаты

(Аңыз)

Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Мен өзімнің кіндік кескен, туып - өскен мекенін қастерлей, оның тыныс - тіршілігін, тарихын, табиғатын, мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағы жөнінде нақты деректермен ой толғамақпын.

Мақсатым - туған жерім, ауылым – Жапалақ ауылы, оның аталу себебі, шығу тарихы, өзен-көлі, табиғаты, экологиялық ерекшелігімен таныстыру. Ол Қостанай облысында орналасқан. Өз туған жерімді мақтан тұту және келешек ұрпаққа ата-баба мұрасын сақтауды насихаттау.









(Тобыл өзенінің жағасы)

Мен өзімнің туған ауылым – Жапалақ туралы тарихи тұрғыдан айтып бермекпін. Жапалақ - Тобыл өзенінің бойында орналасқан. Өз уақытында дүркіреп тұрған үлкен ауыл болса, қазіргі кезде кішкене ауыл.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,

КShape3 Shape2 Shape1 ерей Ашамайлы Керей Балта тайпасы Жапалақ аймағы.

Ал осы Жапалақ деген сөз қайдан шыққан?

Ұлы атамыз – Бабалының 2 ұлы болады: Құдаймеңді және Қарамеңді. Ұлдары үйленген кезінде атамыз ұлдарының еншісіне бір табын жылқы беріп, өздерің бөліп алыңдар дейді. Құдаймеңді жылқыны суға қарай айдаса, Қарамеңді жылқыны қырға қарай айдаған екен, бірақ осыған қарамастан жылқының көбі қырға қарай кеткен. Қарамеңді атамыз кесек денелі, батыр кісі болған. 1740-1750 жылдар аралығында Маңғыстау өңірінде түркімендер мен адай руының арасында қақтығыстар болған кезде Қарамеңді атамыз өзінің достарына жаушы ретінде көмекке барып, кәмелетке толмаған түркімен қызы – Ырысбикені олжалап әкеледі. Кейін Ырысбике кәмелетке толған соң оны өзіне үшінші әйел етіп, тоқалдыққа алады. Оған дейін Ырысбике үлкен әйелдерінің жанында қолбала сияқты жүрген. Қарамеңді жорықтан келген кезде қозы құшақтап, алдынан жүгіріп шығатын болған. Осы балалық ісіне сүйсініп, атамыз : «Жалпылдаған, Жапалағым!»- деп атаған екен. Жасы келгенде Ырысбике әжеміз – сөзі өткір, елге сыйлы кісі болған. Осы Ырысбикеден – Самай, Мамай, Бектемір, Жұмабай, Сынабай – деген 5 ұл туады. Балалардың нағашы жұртына ұқсайтыны табиғи заңдылық емес пе? Жанағы бес ұл атқа қонып, көрші ауылдарға немесе жәрмеңкелерге барған кезде жұрт: «Мынау түркіменнің бектері қайдан келген?» -деген екен...

... 1947 жылы көктемде қатты су тасқыны болып, Жапалақ ауылы ортада қалып қойған. Кейін сол өзен суының жайылған жерінде Қарасу деген көл пайда болған. Сол су тасқыны болған кезде үй төбесінде дүниеге келген Тасқын деген ағамыз бар.



(Су тасқынынан пайда болған көл – Қарасу)













Picture 4



Тобыл өзенінің бойында ауылға кіре берісте «Жалғыз қарағай» өсіп тұр. Мынау сол ағаш. Аңыздарға құлақ түретін болсақ, ол – кезінде ұрылар өз алтындарын сол жерге тығатын болған.















Мен әр жаз сайын демалыста ауылға атам мен әжеме қонаққа барып тұрамын. Маған ауылымның табиғатының сұлулығы өте ұнайды. Мен атаммен орманға шөп жинауға барғанда елік, қоян, түлкі көрдім. Ал қой баққан кезде жабайы үйрек, тоқылдақ, тиін көрдім. Ауыл адамдары өздерін қоршаған ортаны қорғай біледі, ағашын сындырмай, ормандағы жан-жануарларына қамқорлық жасайды және бөтен адамдардың зиян келтірмеуін қадағалайды. Ауыл көшелерінде сенбіліктер өткізіліп тұрады, маған ауылымның табиғаты, адамдарының қамқорлығы өте ұнайды





Менің осы туған жерімнен Мәриям Хакімжанова, Салин Мінайдар, Аманжол Зұлқарнайұлы сияқты ақын-жазушы, халық зиялылары шыққан.

Егеулі найза қолға алып, еңку - еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
- Айпырай! Туған жер - ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым – ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - деп ақиық ақын М. Мақатаев атамыздың сөзімен аяқтағым келеді.

Мен өзімнің туған ауылым – Жапалақтың осындай адам айтса нанғысыз тарихы барына, табиғи ерекшеліктері бар екеніне өте қуанамын және мақтан тұтамын. Жазғандарымның бәрі ойдан шығарылған емес, шындығында ертеде болған. Ол мен үшін ертегі-аңызбен тең.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі