жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Экологиялық құқық негіздері" тақырыбы бойынша
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Тақырыбы: Экологиялық құқық негіздері
Сабақтың мақсаты: Экологиялық құқықты реттейтін объектісі,субъектісі туралы мәлімет беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: студенттерге экологиялық мәселелер, заңдар, құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде мәлімет беру.
Дамытушылық: экология туралы құқықтың негіздерін баяндау арқылы студенттердің қызығушылығын арттыру және жауапкершілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: студенттерге экологиялық мәселелер туралы білім беру арқылы оның алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу. Өмір сүруге даярлау, құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, дәріс, сұрақ-жауап.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта, презентация.
Пәнаралық байланыс: құқық, қоғамтану.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;
Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу;
2) Студенттерді түгелдеу;
3) Сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.
II. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: ауызша, сұрақ-жауап арқылы тексеру
1. Құқық дегеніміз не?
2. Құқықтық жүйе дегеніміз не?
3. Діни нормалардың ерекшеліктері қандай?
4. Зайырлы мемлекеттегі діни нормаларға көзқарас қандай?
5. Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?
III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Сабақтың жоспары.
1. Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі
2. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары
3. Экологиялық заңдар
Қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтуруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаған ортаның ластануы – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай – ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің , магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондқтан адамзаттан табиғтатты барынша тиімді, сапалы, унемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресрутарды пайдалану. Табиғат ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері.
Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні:
қоршаған табиғи ортаны қорғау;
табиғат байлықтарын тиімді пайдалану;
жеке,заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен, мүдделерін қорғау барысында туындайтын қатынастарды оқытады
Жаһандық экологиялық мәселелер. 1. климаттың өзгеруі; 2. озон қабатының бұзылуы; 3. биоәртүрлікті сақтау ( өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлігін); 4. жердің шөлейттенуі және озуы.
Ұлттық экологиялық мәселелер: 1. Семей,Арал; 2. Каспий теңізі қайранының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер; 3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы; 4. Байырғы ластанулар; 5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.
Жергілікті экологиялық мәселелер: 1. әуе бассейннің ластануы; 2. радиоактивті ластану; 3. бактериологиялық және химиялық ластану; 4. химиялық ластану; 5. өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар; 6. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
Климаттың өзгеруі. «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселе болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне ықтимал қатер төндіреді.
Экологиялық құқықтық нормативтік актілердің ішінде халықаралық құқыктық нормативтік актілер ерекше орын алады. Олар:
1997 жылы «Қоршаган ортаны қоргау туралы»,
«Ерекше қоргалатын табиги аумақтар туралы»,
«Экологиялық сараптама туралы»,
1998 жылы — «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Зандар,
2002 жылы «Атмосфералық ауаны қоргау туралы» Заң
Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл)
«Мунай туралы» (1995 жыл) зан күші бар Жарлықтары,
2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға төуелді қажетті нормативтік кұқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
ІV . Жаңа сабақты бекіту:
экологиялық құқық ұғымын түсіндір
экологиялық мәселелерге не жатады?
Табиғатты қорғаудың қандай заңнамалары бар?
V. Сабақтың қорытындысы
Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
VI. Рефлексия.
|
|
|
|
|
|
|
VII. Бағалау. Мұғалімнің ұйғаруымен, сәйкес бағамен студенттер бағаланады.
VIII. Үй тапсырмасы: Қосымша дерек көздерінен мәліметтер оқу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген