Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Экологиялық сауаттылық-болашақ кепілі» семинар-практикумы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың туған жерге, елге және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, сынып жетекшілердің педагогикалық шығармашылық және кәсіби белсенділігін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Экологиялық сауаттылық-болашақ кепілі» семинар-практикумы


Елбасымыз Н. Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырындай еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады.

Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелейді. Дана халқымыз «Әркімнің туған жері –Мысыр шаһары» деп бекер айтпаған.

«Монтайтас жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сынып жетекшілер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағытының «Табиғат бесігі» кіші жобасы аясында «Экологиялық сауаттылық-болашақ кепілі» семинар-практикумы өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың туған жерге, елге және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, сынып жетекшілердің педагогикалық шығармашылық және кәсіби белсенділігін дамыту.

Елбасы өз Жолдауында «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борыш екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.

«Кешірме сен,

Жат қылықпен жаныңды жараласам,

Бар сырымды бүкпесіз саған айтам.

Мен ел кезіп кетермін Отансыздай,

Үмітіңді ақтауға жарамасам» демекші, семинар-практикум өз туған өлкеміздің тарихы, табиғаты мен экологиясына арналды.

Семинар –практикум

  1. «Туған жерім -шежірем»-

  2. «Туған жерім-байлығым»

  3. «Туған жердің экологиясы»

  4. «Туған жерге арналған тартуым» бөлімдері негізінде ашық тәрбие сағаттары (сынып жетекшілер Майра Көлбаева, Маржан Асқарбекова , Ләззат Кенжебекова, Раушан Сыдықова және тәлімгер Мақсатгүл Жауынбаева).

Қорыта келе, қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатарлы мәселеге айналып отыр. «Табиғат, Табиғат –Ана » деген сөз - асқақ ұғым. Табиғатқа көрсетілген ілтипаттың адамға көрсетілген құрмет екендігін оқушылар бойына сіңіру.



Түркістан облысы, Арыс қаласы,

«Монтайтас жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пияшова Назым Әбдіхалыққызы




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
931
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12