Экологиялық таза энергия көздері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Экологиялық таза энергия көздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық таза энергия көздері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім ғылым министірлігі

36 Қазыбек би атындағы мектеп гимназия







Экологиялық таза энергия көздері







Жетекшісі:Шүкірбай Сапарғали Бахадурұлы

Орындаған:Умирбай Мағжан

Сыныбы:9 В







Тақырып: Экологиялық таза энергия көздері

Қазақстанда атом электр станцияларын салу – болашаққа жасалған маңызды қадам, ол елдің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біріншіден, Атом энергиясы – экологиялық таза энергия көздерінің бірі. Көмірмен немесе газбен жұмыс істейтін дәстүрлі электр станцияларынан айырмашылығы, Атом станциялары атмосфераға көмірқышқыл газын әрең шығарады. Бұл АЭС құрылысы Қазақстанға көміртегі ізін азайтуға және климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесін қосуға көмектесетінін білдіреді. Сонымен қатар, Атом энергиясы – бұл күн немесе жел станциялары сияқты ауа райына тәуелді емес тұрақты электр көзі. Бұл тіпті елдің ең шалғай бұрыштарында да үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АЭС-бұл жай ғана жоба емес, Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен тұрақты дамуының негізі. Атом электр станциялары — әлемдегі электр энергиясын өндірудің маңызды көздерінің бірі. Олар аз көміртекті энергияны қамтамасыз етіп, жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Қазақстанда АЭС салу тақырыбы көптен бері талқыланып келеді. Бұл тақырып елдің энергетикалық болашағы үшін маңызды болса да, ол бірқатар артықшылықтар мен тәуекелдерді қамтиды. 

Мен 1976-78 жылдары Семей ядролық сынақ полигоны зардабын жоюға қатысып қайтқан едім. 1987 жылы Чернобыль апатын заласыздандыруға жіберді. Әскерде болғандар дайын жауынгер саналатын. Сондықтан әскери комиссариат шақырды, бұл өзі соғыс сияқты болды ғой. Бізді Қазақстан атынан жіберді. Бірден Украинаға бардық. Үстімізде әскери киім. Киевте бізді әскерилер күтіп алып, әскери округке апарып, әр топқа бөлді. Ол кезде қайда баратынымызды да білген жоқпыз. Кейін радиациясы бар жерге жіберетінін айтып, қайда баруға болатыны, қай жерді баспау керегі жөнінде нұсқау берді. Жарылыс ошағынан 60 шақырым жердегі казармаға орналастырған соң, арнайы әскери киім берді. Ол жерде он шақты часть болды. Төртінші блокты білесіз, сол жерде дәнекерлеуші болып жұмыс жасадық. Берілген 2-3 минутта тапсырылған тапсырманы орындап, шығуымыз керек. Кезекпен жібереді. Жалпы, радиация аймағында 4-5 сағатан артық жұмыс жасауға болмайтын. Біз радиация деңгейін төмендетуге және оның таралуына кедергі келтіретін жағдайлар жасауға бағытталған іс-әрекеттерді орындадық. Атқарылған жұмыс көлемі орасан зор болды. 15 күн сол жақта, 15 күн әскери бөлімде жұмыс істедік. Тал-теректер қып-қызыл болып тұратын. Жемістері піскен. Жиһаздарымен бос қалған үйлер, қабырғаға ілінген фотосуреттер… Бәрі көз алдымда. Жаспыз, рұқсат етілмесе де, қызықтап қарайтынбыз. Радиациялық сәулені мөлшерден көп алған болуым керек, үш айдан соң елге жіберді.

Атом электр станциясын салу – экономикалық және экологиялық артықшылықтары бар күрделі жоба. Қазақстанның уран қоры мен энергетикалық тәуелсіздігі үшін бұл маңызды қадам болар еді. Дегенмен, қауіпсіздік мәселелері мен радиоактивті қалдықты басқару проблемалары шешуді қажет ететін басты міндеттер болып қала береді. Сондықтан АЭС салу туралы шешім қабылдағанда барлық тәуекелдер мен артықшылықтарды жан-жақты талдау қажет. Сол себепті де референдумға бір кісідей қатысып, дұрыс таңдау жасаған жөн.

Бізге бейтаныс экологиялық таза энергия көздері


Қазіргі энергия өндірудің көп таралған әрі адамзат дамуының бүгінгі инновациялық деңгейіне жеткізген қуат көзі – бұл мұнай мен көмір пайдалы қазбасы. Алайда жаһандағы мұнай мен көмір қоры шектеулі, таусылуға жақын. Оның үстіне, бұл екеуі экологияға зиян.

Сондықтан адамзат технологиясы қазір баламалы энергия көздерін іздеп, соны өндіруге, кең қолдануға көшуде. Ал баламалы энергия көздері де біз көбінде жел, күн мен суды естігенбіз. Алайда баламалы, экологияға таза энергия көздері көп. Көбі зерттелген жоқ әрі адам қолы тимеген сала.

Реклама

Мәселен, мұхит пен теңіз толқыны, атқылап жатқан гейзер, мұхит ағыны, теңіз түбіндегі қысым, мұхиттың тартылуы мен толысуы, сарқырама, табиғи газ, геотермиялық энергия, сутегі, мұхит балдыры, термоэлектронды эмиссия, т.б. Одан басқа қазір күн энергиясы мен күн батареясына қойылып жатқан Френель линзасының да қуаты жоғары.

Баламалы энергия көздерінің қуаты пен қауқары өте күшті, ресурсы мол, тіпті, есептеудің өзі қиын. Мысалы, футуролог Жак Фресконың айтуынша, жұлдыз бен ғарыштағы термоядролық энергияны өндірудің жолын адамзат тапса, онда миллиондаған жылға жетер қуат көзін өндіруге болады. Сонда адамзат энергия өндіру мәселесін толық шешеді.

Ал океанографтардың айтуынша, Жер шарының 70,8 пайызын алып жатқан дүниежүзілік мұхит суы да адамзат сарқылмас энергия көзі бола алады.

Джон Д.Исаак пен Вальтер Р.Шмиттің есептеуінше, мұхит суындағы уран пен торийды ядроға бөлу арқылы энергия өндіріп адамзаттың мыңдаған жылға жетер қуатын түгендеуге болады. Мұндай энергиялық прогреске адамзат осы ғасырда жетуі мүмкін әрі термоядролық синтез бен геотермальды өндіріс – алдағы жүзжылдықтың негізгі қуат көзіне айналуы ықтимал. Бұл екеуі де қазіргі атом энергиясынан әлдеқайда қауіпсіз әрі экологияға зияны аз.

Ал жерден атқылап жатқан гейзер мен бастау, бұлақтан өндірілген геотермиялық энергия – қазіргі мұнай мен көмірден 500 есе көп әрі қуатты энергия. Геотермиялық станция көмірқышқыл газы пен азот оксидін шығармайды, тек аздап күкірт таратады.

Геотермиялық энергияны бау-бақша өсіруге де қолдануға болады. Мәселен, қазір Исландияда гейзерден шыққан бумен жылынатын жылыжайлар бар. Құрлықтан алыс жатқан арал-мемлекетке бұл таптырмас амал болды. Қазір балық өсіруге қолдану үшін сынақ жасалуда.

Бір сөзбен айтқанда, мұнай мен көмірден энергия өндірудің жер бетінде жүздеген жолы мен амалдары бар. Тек оған жүйелі ғылыми зерттеу мен инвестиция, мемлекеттік қолдау қажет боп тұр. Ал мұнай магнаттары бастаған топ мұндай инновацияға мұрсат бермей жатқан жайы бар.

Умирбай Мағжан:№36 Қазыбек би атындағы мектеп гимназиясының 9 “В”сынып оқушысы

Өндірістік практика жетекшісі: Шүкірбай Сапарғали Бахадурұы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
287
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі