Материалдар / Экологияның адам денсаулығына әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Экологияның адам денсаулығына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологияның адам денсаулығына әсері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2018
1146
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Экология және денсаулық



Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.Экология – «мекен ететін табиғи орта туралы ғылым» деген мағыныны білдіреді. Шынындада экология өзіңнің тұрған үйіңнің, қоршаған ортаңның тазалығынсақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш1866 жылы «экология» терминін неміс биологы Э.Геккель өзінің еңбегінде қолданған және  «Экология – тірі ағзалардың бір-бірімен қарымқатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым» деген анықтама берген.Ауылдық жерлерде экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әліде тартуда: рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғарлауы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндіріс, құралдарын жасап, сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде. Семей аумағында кәзір 700 мыңға радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топрақтан, күн сәулесіне келетін немесе жасанды жолмен, флюорография, теледидар арқылы, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан, т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді. Өсімдіктіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегі қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактериялардың жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Оның медицинада алатын орны ұшаңтеңіз. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірдебір жетілген механизм атқара алмайды.Табиғи ортаны ластанбауына адамдардың терең түсінігі  керек. Біз қоршаған ортаны қорғаймыз десек, балабақшадан бастап экологиялық  тәрбиені үйреткеніміз дұрыс. Ата аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді.    

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!