Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экология:Орман- тоғайды қорғайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне пайдасы мол
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Орман-

тоғайды қорғайық

Мектеп/ МҰ Ахмпер орта мектебі

Педагогтің аты-жөні: Серікбайқызы Жайна

Сынып/ топ 0 «Г»

Қатысушылардың саны

Болмағандар

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.2 Қазақстанның қорықтарын атау

Болжамды нəтиже

Барлық балалар:

  • орман-тоғайларды қорғау керектігін түсінеді;

  • ормандағыөсімдікке қажетті жағдайларды атап бере алады;

  • ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;

Көпшілік балалар:

  • ормандағы қауіпсіздік шараларын біледі

  • ормандағы тіршілік үшін өсімдіктерге мен жануарларға не қажет екенін анықтай алады;

  • табиғатқа пайдалы іс-əрекеттерді атауды

Кейбір балалар:

  • табиғатты қорғау, орман-тоғайды қорғау не үшін керек екенін айтып бере алады;

  • орман-тоғайлардың адамдарға берер пайдасын айтып береді.

  • Орман мен тоғайдың айырмашылығын айтып бере алады

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын, танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтай білуін дамыту. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен байланысты?», «Егер..., не болады?»» деген сұрақтарды пайдалану.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.


Көптілділік:лес – орман– forest.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: зерттеу тақырыбы, сұрақтар, орман-тоғайларды қорғайық, өрт қауіпсіздігі, табиғатты аялайық

ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл:


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Орманда қандай өсімдіктер,ағаштар өседі?

  • Тоғайда қандай ағаштың түрлері өседі?

  • Орман-тоғайлардың бізге тигізер пайдасы қандай?

  • Орманнан қандай заттар алынады?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Табиғат туралы қарапайым түсініктер; орман-тоғайларды қорғау жəне табиғатты сақтап қалу, пайдалы іс- əрекеттерге біршама тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

II. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.


0–1мин.


II. Өмірлік тəжірибені

(Ұ)Шаттық шеңбері.

Ұға білсең мені сен, Бақытыммен бөлісем. Жүрек сөзін жалғаймын, Бəрін саған арнаймын!

(Ұ) Педагог балаларға табиғат туралы өлең жолдарын оқып береді:

Табиғат – біздің анамыз, Жер-ана – біздің панамыз. Таза болса табиғат,






Табиғат туралы өлең.

маңыздандыру. Мақсатты болжам.

Біз де аман боламыз.





















Орманның,табиғаттың суреттері

(флипчартқа шығаруға болады)


2–5 минут

(Ұ)Орманда қандай өсімдіктер,ағаштар өседі?Орманды қорғау жолдары қандай?

Орманның адам өміріндегі маңызы қандай? Тоғайдың орманнан қандай айырмашылығы бар?


Орман – құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Ол үлкен алқапты алып жатады. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына т.б. өседі.


Тоғай – жайылма сулы өзен алаптарында өсетін кішірек орман. Тоғайда негізінен жиде, тал, шырғанақ, терек, шаған сияқты ағаш түрлері, бұталар жəне шөптесін өсімдіктер өседі.


Бұл өлең жолдарынан бəрінің мағынасы неде деп ойлайсыңдар? (Бəрі де табиғатты аялау жайында.)

Орман-тоғайларды қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

Педагог балаларға өздерінің болжамдарын дəлелдеп беруге ұсыныс жасайды. Талдап қорыту: орман-тоғайларды дұрыс мақсатта пайдалану, ағаштарды сындырмау,өсімдіктерді бейберекет жұлмау,ормандағы ағаштарды өрттен сақтау.


Орман тіршілік үшін аса қажет, ауаны да тазартып тұрады. Орманды ұрлап кесетін баукеспелерден, зиянды жəндіктерден, өрттен қорғау керек. Адамдар орман ішін ағаштардың шірігінен, қураған ағаштардан тазартады. Ағашы кесілген жерлерге жас көшеттер отырғызылады

III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

(Ұ)Өзекті мəселелер.

Сұрақ-жауап арқылы орман туралы пікірлері тыңдалады.

Орман-тоғайлар – тіршілік тірегі. Ормандар өзінің ағаштары мен өсімдіктері арқылы ауада ауру тудыратын бактерияларды жояды, ауаны тазартады.

Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады. Сондықтан да біз орман-тоғайларды,табиғатты не істеуіміз керек?


Табиғаттың суреттері.

«Орман-тоғайларды қорғайық» бейнетаспасы.


Əр топтың алдына «Қорғау» деп жазылған плакат беріледі. Балалар қалай қорғау керек екендігін айтады.

(Ұ) Орман-тоғайларды қорғауға шақыратын бейнетаспа көрсету.

«Орман дауысы» таспасы.

(Ұ)Сергіту сəті.

«Орман дауысы» аудиотаспаны көздерін жұмғызып тыңдату.

Педагогтің əңгімесі: Ағаштардың өсетін арнайы жерлерін бақылауға алу керектігін, адамдардың ағаштарды ысырапсыз сындырып, балалардың ойыншыққа айналдыратынынын, ормандардың азайып бара жатқанын бақылау кезінде балаларға айтып түсіндіру.


Əліппе-дəптер,

түрлі түсті қарындаштар.



(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

  1. Орманда өсетін ағашттардың біреуінің суретін салғызу.

  2. Сурет арқылы орман мен тоғайдың айырмашылықтарын анықтайды. Яғни екеуін салыстырады.

  3. Сурет бойынша жұмыс. Зиянды əрекеттерді айта отырып, орманды қалай қорғау керектігі көтеріледі.

  4. Орман ағаштарынан не жасауға болады? Жауаптар: үй соғады, киіз үй жасайды, түрлі бұйымдар жасалады. Балалар жеке-жеке атаулары да мүмкін.



IV. ҰОҚ қорытындысы Рефлексия.

(Ұ)Педагог қорытынды жасайды, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

Балалар орман-тоғайлардың көркеюі үшін қажетті жағдайларды атап беріңдер?

Ормандағы ағаштар қандай жағдайларда өмір сүре алмайды?

Рефлексивті бағалау.

Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.

28-30 мин.

Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: ағашты əртүрлі түспен бояйды.

  1. деңгей – ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу.

  2. деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – жапырақтарын жасыл түспен бояу. 3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жапырақтарын жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
1443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12