Экономикалық теорияның
қызметтері және зерттеу әдістері
Экономикалық теорияның зерттеу тақырыбының бағытын анықтап,
терең түсіну үшін, оны тану әдістерін меңгеруіміз
қажет.
Ғылым мен
оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей
қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, кейбір материалдық әдістер
қолданылады. Ғылымда да, оқу пәнінде де методология бірдей қажет.
Методология дегеніміз – ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру
принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді тану әдістерінің жаратылыстану
ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Барлық жағдайда
зерттеуші мен оқытушы диалектикалық әдісті қолданады. Бұл әдістің
негізін ескі дүниедегі гректер қаласа, ғылыми жүйеге салуда неміс
философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым барлық
процестерді даму ретінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан
ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен
құбылыстардың мәнін, олардың арасындағы өзара байланысын, дамудың
себебі және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс.
Ғылыми танудың түрлері мен
әдістері көп.
Олардың
негізгілері мыналар: талдау және синтез, индукция және дедукция,
логикалық және тарихи көзқарастар, модельдер жасау және ғылыми
абстракция т.б. Танымның бұл әдістерінің кейбір түрлері
жаратылыстану, қоғамдық ғылымдарда да пайдаланады. Бірақ олардың
қолдану түрлері мен шектері ғылымның атқаратын қызметі мен оның
сипатына байланысты.
Талдау –
жинақталған экономикалық құбылыстар мен фактілерді жеке дара бөліп
талдау, оқыту.
Синтез –
талдаудың қорытындысын жинақтап, біріктіріп
тұжырымдау.
Индукция – жеке құбылыстар мен
оқиғалардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер қалыптастыру.
Демек, көптеген деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды
жасау.
Дедукция
– керісінше, жалпы қорытындылар негізінде экономикалық
құбылыстардың, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін
сипаттау.
Бұл соңғы
екі әдіс бір-бірін толықтыра отырып, экономикалық саясат жасау үшін
пайдаланады.
Экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу, тарихи
көзқарастар мен логикаға негізделген зерттеу әдісін ұштастыру
арқылы жүзеге асырылады. «Логикалық әдісті Ф.Энгельс: Шын мәнінде
тарихи түрден және кедергі келтіретін кездейсоқтықтардан арылған
тарихи әдістен басқа ештеңе де емес. Тарих неден басталса, ойлар
желісі де содан басталуы тиіс. Сондықтан оның одан әрі дамуының өзі
тарихи процестің абстрактылы және теориялық жағынан дәйекті түрде
бейнеленуінен» деп жазды.
Экономикалық математикалық
модель (үлгі).
Экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін
экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы
ғана экономиканың жағдайын түсінуге, белгілі мерзімнен кейін
экономикада не болатынын, оның салдары, қабылданған шешімдердің
әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қалай болатынын дәлелдеп айтуға
болады. Экономикада математикалық модельдеу өте қиын іс. Экономика
дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, экономикалық
жағдайдың сипаттамасы кездейсоқ өлшемдер және кездейсоқ
реттелмейтін байланыстармен ұштасады. Сонымен модельдер жағдайының
сипаттамасы бір мағынада белгіленбейді, ол болу заңдарының
болжамдылығы арқылы анықталады.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми
абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық
ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін
жеке, әсіресе кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің
түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін,
маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше
жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, мүмкіндігінше оларға
материалдық форма беруге болады. Мысал ретінде баға қозғалысын
алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, аласапыран процесс
тәрізді, бірақ та баға динамикасы (өрісі) нақтылы факторлармен:
керексіну және ұсыныс, өндіріс және тасымал шығындары т.с.
белгіленеді.
Абстракция
әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау
процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен
процестердің жекешеленген және жинақталған жағын білдіреді.
Экономикалық зерттеулерде басқа да
статистикалық байқау, ұсыну, болжам тексеру
т.с.с. әдістер қарастырылады.
Экономикалық теория маңызды үш – танымдық, методологиялық
және практикалық қызметтерді атқарады.
Ол
қоғамдық ғылым ретінде нені, қалай, кімдер үшін өндіру қажет деген
үш мәселенің шешімдерін табуы тиіс.
Әміршілдік экономикада бұл үш мәселе орталық баскару
органдары арқылы өз шешімдерін табады. Нарықтық экономика кезінде
тек үшінші мәселенің шешімін қабылдауға, яғни әлеуметтік
бағдарламаларды жасау мен табыстарды қайта бөлуге ғана үкімет
араласады. Қалған мәселелер нарық арқылы өз шешімдерін табады. Бұл
жөнінде дұрыс тұжырым жасаған Ю.А.Львов болды, фирмалар өздеріне
мейлінше көп табыс әкелетін тауарларды ғана өндіреді. Осылайша ол
нені өндіру қажет - деген мәселені шешеді. Шығындарды азайтуды
қамтамасыз ететін технологияны пайдаланып, қалай өндіру қажет деген
мәселені шешеді. Халық өз табыстарына және тауарлардың бағаларына
қарай сатып алады, осылайша кімдер үшін өндіру қажет деген мәселе
өз шешімін табады.
Әрине,
өмірде бұл мәселелер күрделене түсуі мүмкін, бірақ олардың мәні
жойылмайды.
Танымдық
қызмет – экономикалық заңдар мен категорияларды зерттеу және
түсіндіру. Осыған сүйене отырып, ғылыми негізде қоғам еміріне
қатысты белгілі көзқарастар жүйесін құру.
Практикалық (прагматикалық) қызметі - іс жүзінде зерттелген
объективті теорияларды қолданып, мемлекеттің экономикалық
саясатының негізін қалау.
Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық басқа
экономикалық ғылымдардың теориялық негізі болады.
Экономикалық ғылымдардың құрылысын мына төмендегіше:
экономикалық теория, методология және теория негізі болып
жүйеленеді.
1) Жалпы
экономикалық ғылымдар: экономикалық
ілім
тарихы, экономикалық тарих т.б.
2)
Қолданбалы
экономикалық ғылымдар. Ол екіге бөлінеді:
а)
функционалдық: қаржы, несие, бухгалтерлік есеп, статистика т.б.;
б)
салалық: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, тасымалдау
және коммуникация, сауда т.б.
3)
Салааралық:
экономикалық география, математикалық
экономика,
экономикалық құқық, менеджмент т.б.
Жалпы
алғанда экономикалық теорияның қызметтері бір-бірімен өте тығыз
байланысты болып, жалғасып кеткен. Бұл байланысты былай сипаттауға
болады: білім - әдіс, іс-әрекет.
Оқылатын
процестер бірыңғай және бір жақты емес, көбіне біріне-бірі қайшы
келеді. Дәл осы жерде күшті абстракция жігері қажет. Бұл
экономикалық теорияны оқып-үйренудің негізгі әдістерінін бірі.
Шартты жағдай – ғылыми абстракциялық ойлау дәрежесіне көтерілу.
Осының нәтижесінде экономикалық процестер мен құбылыстардың мазмұны
мен мәні біртіндеп ашыла береді. Сөйтіп экономикалық өмір шындығын
бейнелейтін экономикалық категориялар, демек, ұғымдар пайда болады
және қалыптасады. Мысалы, «тауар», «ақша», «капитал», «нарық» және
т.б.
Кесте №1 Экономикалық теорияның даму
кезеңдері
Теориялар
|
Мәні
|
Маркентализм
Т.Мен, А Монкретьен итальян
тілінен аударғанда «меркантэ» саудагер деген ұғымды
білдіреді.
|
Байлық сыртқы сауда жасау
нәтижесінде жинақталады. Зерттау мақсаты – айналыс
аясы.
|
Физиократизм
Ф.Кенэ, А.Тюрго грек тілінен
«physik» табиғат, «kratos» билік дегенді
білдіреді.
|
Өндіріс аясын зерттеу. Бірақ
мұнда өндіріс аясы түсініген ауылшаруашылығы
жатқызылған.
|
Классикалық саяси экономика
У.Петти, А.Смит,
Д.Рикардо
|
Шынайы байлық ақша емес
тауарлар
|
Марксизм
К.Маркс, Ф.Энгельс К.Маркстің
басты еңбегі – «Капитал»
|
Қосымша құн
теориясы.
|
Маржинализм
К.Менгер,
У.Джевонс
Француз тілінен аударғанда
«mariginal» - шекті деген мағынаны білдіреді.
|
Экономикалық категорияларды
зерттеу үшін шекті шаманы пайдалану.
|
Жаңа классикалық теория
А.Маршаал,
А.Пигу
|
А.Маршаалдың еңбегі «Экономика
принциптері» кітабы.
|
Кейнсиандық
Дж. М. Кейнс
|
Реттелмелі экономика
теориясына мемлекеттің араласуы.
|
Институтционализм
Т.Веблен,
У.Митчелл, М. Вебер, Д.Гэлбрейт
|
Экономикалық дамудың
сипаттамасы – тұтас экономикалық институттардың жүйесі. Латын
тілінен «institutum» ұйым, мекеме дегенді
білдіреді.
|
Кесте №2
Макроэкономика
Кесте №3 Экономикалық теорияның атқаратын
қызметі.
Кесте №4
Экономиканың негізгі үш
мәселесі
Не
өндіру керек?
Осы
мерзімде және қандай мөлшерде мүмкін болатын тауар, қызмет
өндіпілуі тиіс?
Қалай
өндіру керек?
Таңдап
алынған тауардың қай нұсқасы қай технологиямен өндірілуі
тиіс?
Кім
үшін өндіру керек?
Таңдап
алынған тауар кімге арналып шығарылып, оны кім сатып алуы
мүмкін?
Кесте№5