ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ
Әбілмәжін Нургүл Серікқызы
Ұлттық Педагогикалық Университеті, “Математика, физика және информатика” институты, «физика» мамандығының магистранты
Ғылыми жетекшісі: Сариева Айгүл Камзаевна Алматы қ., Қазақстан
Аннотация: Бұл мақала мектептік физика курсын оқытуда эксперименттік есептерді қолдану арқылы білім алушылардың техникалық қабілеттерін артыру жөнінде.
Аннотация: Данная статья посвящена повышению технических способностей обучающихся с использованием экспериментальных задач при изучении школьного курса физики.
Annotation: This article is about improving the technical abilities of students through the use of experimental problems in teaching a school physics course.
Тірек сөздер: Техникалық қабілеттер, физикалық ұғымдар, эксперименттік есептер.
Қазіргі кезде техникалық индустрияның дамуы елімізде техникалық- инженерлік білікті мамандарды даярлауды қажет етеді. Осы орайда, техникалық ғылымдардың негізін қалайтын физика пәнінің орны маңызды. Физиканың пән ретіндегі құрылымы білім алушылардан теориялық біліммен қатар, практикалық біліктіліктерді де қажет етеді.
Мектеп білім алушыларының техникалық қабілеттерін дамыту – бұл технологияға бейімділік пен техникалық шығармашылықты, техникалық ойлауды, кеңістіктік қиялды, техникалық бақылауды, көру және моторлы есте сақтауды, көздің дәлдігін, қол ептілігі мен техникалық белсенділікті, адамның конструкторлық-технологиялық білімін, іскерлік пен дағды жүйесін тез игеруі арқылы жүзеге асатын процесс.
Техникалық түсінік арқылы оқушылар техникалық құрылғылар мен құрылғылардың құрылымын, жұмыс істеу принципін игереді, осы құрылғылардың жұмыс істеуінің негізінде жатқан физикалық құбылыстарды табады, техникалық сызбаларды (әртүрлі физикалық процестердің графиктері, электр схемалары, сызбалар техникалық құрылғылардың проекциялық сызбалары) түсінеді және қолданады.
Техникалық орындаушылық қызмет арқылы білім алушылар техникалық құрылғылармен, құралдармен және станоктармен жұмыс істеу, бақылау-өлшеу құралдарын пайдалана отырып әртүрлі операцияларды орындау, конструктивті және техникалық іс-әрекеттер, механизмдер,
машиналар, құрылғылар және басқа да техникалық құрылғылардың барлық түрлерін жобалап, жасайды.
Техникалық қабілеттердің негізгі құрамдас бөлігі басқа компоненттерге қатысты реттеуші, біріктіруші функцияны орындайтын техникалық ойлау болып табылады. Техникалық ойлауды қалыптастыруға және дамытуға болады. Техникалық ойлау политехникалық білім берудің және кәсіптік бағдар берудің маңызды құралы ретінде мектеп оқушыларының технологияға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға, ұтымдылық пен өнертапқыштық тенденцияларды дамытуға ықпал етеді [1].
Физиканы оқыту процесінде білім алушылардың танымында ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда техникалық қабілетін дамыту үшін ең қолайлы шарттарды беретін оқыту пәні болып табылады. Қазіргі ғылыми-техниканың көрсетеді. Физика сабақтарында әртүрлі эксперименттерді жүргізу арқылы оқушылардың техникалық қабілетін дамытуға қол жеткізетініміз белгілі.
Экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымы мынадай болуы мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер. Мұғалімнің үйге эксперименттік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен де оқу процесінде осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы – үй жұмысының формасын түрлендіреді, оқушының алдына өздігінен эксперименттік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды. Үй тапсырмасына берілетін эксперименттік тапсырмалар оқушының интеллектуалдық, пәндік, ұйымдастыру-танымдық, еңбек ету сияқты қабілеттерін және шеберліктерін дамытады. Физикадан эксперименттік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұнда жергілікті табиғи және тұрмыстық жағдайлар ескеріледі.
Физика – эксперименттік ғылым. Сондықтан, физикадан өтілетін оқу эксперименті білім алушылардың физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады. Ал физиканы мектепте оқытудың өте бір бағалы да пайдалы әдісі – есеп шығару. Барлық физикалық есептер классификациялануы бойынша бойынша: текстік, эксперименттік, графиктік, тарихи, политехникалық мазмұнды, шығармашылықты, кешенді және т.б. түрлерге бөлінеді. Эксперимент есептер – белгілі бір тәжірибелер орындау, тиісті бақылаулар жүргізу жасау сияқты тәсілдер арқылы орындалады. Эксперименттік есептер шығару – білім алушының бақылаулар жүргізуде, физикалық аспаптарды пайдалану ережелерін сақтауға, күрделі емес қондырғыларды құрастыруға, шкала бөліктерінің құнын және аспаптың өлшеу шегін т.б. үйретеді. Олар құбылыстың түпкі мазмұнын өте терең ұғынып, жасаған тәжірибелерінен белгілі бір гипотеза жасап, немесе ой қорытып, оны практикада тексеруге машықтанады, физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді; айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән маңызын ұғады; физика және техника туралы
әдебиеттерді оқуға әуестенеді; ол жайындағы кәсіби мамандықтардың ерекшеліктерін түсінеді [2].
Эксперименттік есептер мақсаты мен мазмұнына және шығару кезіндегі эксперименттің алатын орны бойынша келесі топтарға бөлінеді:
-
Экспериментсіз сұраққа жауап беруге болмайтын есептер.
-
Есепті шығаруға жағдай туғызу үшін пайдаланатын эксперимент.
-
Есепте орын алатын құбылысты иллюстрациялау үшін қолданылатын эксперимент.
Эксперименттік есептерді шығару, алдымен мақсат қоюдан (бірнеше нұсқада) басталады, кейін есептің берілгенін қысқаша жазу, гипотезаны құрып, оны тексеру жолын жоспарлау қажет. Соңында алынған жоспар түрлі құралдармен (логикалық, математикалық, эксперименттік) іске асырылады. Алынған нәтиже тәжірибе арқылы тексеріледі. Мысалы:
-
Биік шыны цилиндрге бірнеше тамшы бром құйып, бромның буы сыртқа шықпас үшін, сол мезетте цилиндрдің аузын шыны пластинкамен жабыңдар. Бром лезде буланып, цилиндр ішін қоңыр түске бояйды. Осы құбылысты түсіндіріңдер.
-
Екі электр шамы тізбектей қосылып, 220 вольттық ток көзіне жалғанған. Шамдардың қуаттары 15 Вт және 75 Вт. Егер шамдардың біреуіне кілт жалғасақ және сосын ажыратсақ шамдар қалай жанады? Жауаптарыңды тәжірибе арқылы түсіндіріңдер [3].
Физика пәні – ғылым ретінде бір-бірімен тығыз байланыста болатын, логикалық бірізділікпен дамытылатын физикалық ғылыми ұғымдар жүйесі болып табылады. Физиканы оқытудың басты мақсаты белгілі-бір ұғымдарды қалыптастыру ғана емес, оқушылардың техникалық ойлау қабілеттерін шыңдау болып табылады. Физика курсында өтілетін қандай-да бір бөлімнің не оның түрліше тарауларына тән физикалық ғылыми ұғымдар арасы бірімен-бірі тығыз байланысқан үйлесімді жүйені құрайды [4]. Мысалы, механикалық жұмыс ғылыми ұғымы – күш, орын ауыстыру, үйкеліс ұғымдарын білуді талап етсе, электр тогының қуаты жайлы ұғым – токтың жұмысы, ток күші, кедергі, заряд т.с.с. ұғымдарды білуді талап етеді. Бұлардың біреуінің болмауы өзге ұғымдардың дамуына кедергі жасайды. Ұғым деп физикалық заттар мен физикалық құбылыстарға тән ортақ белгілері бар тиянақталған ой қорытындысын айтамыз. Физикалық ұғымдар жүйесіне барлық құбылыстар, бүкіл физикалық заттардың қасиеттері, тіпті, материяның жеке түрі, мысалы, физикалық өрістердің түрлері, физикалық шамалар, т.б. жатады. Физикалық ұғымдарды меңгермейінше физикалық заңдар мен заңдылықтарды, теорияларды білу мүмкін емес. Сонымен, ұғым дегеніміз – болмыстағы бар заттардың және құбылыстардың физикалық қасиеттерін, олардың арасындағы қарым-қатынастарды анықтау жолында пайда болған таным немесе болмыстың бейнесі.
Эксперименттік есептерді шығару үшін, арнаулы құрал- жабдықтардың көмегімен тәжірибе жасап, нәтижесінде алынған шамалар арқылы есеп шығарылады. Эксперименттік есептерді шығару үрдісінде оқушылардың қызығушылығы артып, бақылағыштығы дамып, құрал-
жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары мен икемділіктері жетіледі. Оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тереңірек танып біледі және физикалық ұғымдарды терең түсінеді.
№1 есеп. Стол үстінде тік бұрышты қаңылтыр құты, динамометр, сызғыш, суы бар ыдыс, құм орналасқан. Құты жүзгенде вертикаль орналасу үшін, оған біраз құм салынған. Құтының бату тереңдігін анықтаңдар [5].
Шешуі: Есеп шартын қойылған сұрақ жазылған 3-сурет арқылы өрнектеуге болады.
Өлшеулер жүргізу: Құты салмағын динамометр көмегімен анықтаймыз.
c
Құтының ұзындығы – l мен ені – a -ны сызғышпен өлшейміз: S la , -ны кестеден анықтаймыз. Құтының бату тереңдігін қорытылып шыққан формула арқылы анықтаймыз.Есептеу: Өлшулерді өрнекке қойып h-тың мәнін анықтаймыз.
l 5cм, а 2см, S 5см 2см 10см2 103 м2
h m
c S
0, 02кг
1000 кг 103 м2
м3
0, 02 м
Эксперимент арқылы тексеру: Түсті жолақпен құтының бату тереңдігі белгілеп өлшенеді.
№2 есеп. 1-суретте көрсетілген мензурканың бөлік құнын есептеп, сұйықтықтың ішіне батырылған дененің көлемін анықтаңыз?

2-сурет.
Шешуі: Дұрыс емес пішінді дененің көлемін мензурка көмегімен анықтауға болады. Ол үшін дұрыс емес пішінді денені максималды деңгейге дейін
құйылған сұйықтығы бар ыдысқа саламыз. V – қатты дене көлемі –м3; ?2 – сұйықтықтағы батырылған дене көлемі; ?1 − сұйықтық көлемі; Сонда дененің көлеміндей сұйықтық мензуркаға құйылған сұйықтықтың
мензуркада ығысқан бөлігінің көлеміне тең болады:
V = ?2 − ?1 = 130 ∗ 10−6м3 − 70 ∗ 10−6м3 =60*10−6м3
№3 есеп. Адамның еденге түсірілген қысымын қалай екі есе арттыруға болады? [6]
а) Адам өз салмағына тең жүкті иығына салу керек (F-ті 2 есе арттырамыз); ә) S-ті 2 есе кемітеміз, яғни бір аяқпен тұрамыз.
Қорытындылай келе, физиканы оқытуда эксперименттік есептер білім алушылардың физика бойынша физикалық ұғымдарды қалыптастыру және техникалық ойлау қабілетін дамыту жолының бірі. Өйткені, эксперименттік есептер физикалық құбылыстар мен заңдарды көрнекті түрде көрсету арқылы, олардың дұрыстығына білім алушылардың көздерін жеткізеді, білім алушыларды ізденімпаздыққа және табандылыққа баулиды, қойылған эксперименталдық мақсатқа өздігімен жетуге тәрбиелейді. Эксперименттің қандай түрі болмасын, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, білім алушылардың ғылыми, техникалық ой-өрісін дамытудағы орны ерекше. Оқытуда эксперименттік есептерді тиімді қолдану арқылы білім алушылардың алған білімдерінің сапасы жоғарылайды, физика мен техникаға деген қызығушылықтары артады, кәсіби бағыт - бағдарын анықтауға жол ашады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
П.В. Зуев Развитие инженерного мышления учащихся в процессе обучения/ Зуев Петр Владимирович, Кощеева Елена Сергеевна// Педагогическое образование в России. — 2016. — № 6. — С. 44-49.
-
Теория и методика обучения физики в школе / Под ред. С.М. Каменецкого: Академия, 2000. Ч. 2. С.90-132.
-
Г.Б. Әлімбекова Болашақ физика мұғалімдеріне кәсіби бағытта білім берудің негізгі бағыттары// Алматы: ҚазҰПУ, 2019. – 252 б.
-
Е.А. Аққошқаров Физикалық ұғымдарды қалыптастыру және терминдерді меңгеру тәсілдері. – Алматы. Мектеп, 1986. – 135 б.
-
У.Қ.Тоқбергенова, Б.А.Кронгарт Физика Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық/ Алматы. «Мектеп». – 2017. – 201 б.
-
Г.Б. Алимбекова Физика эксперименттік есептерді шығарудың теориясы мен әдістемесі / Алматы. – 2012. – 315 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз