Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. №4 зертханалық жұмыс «Эне

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

Мектеп: «№ 11 ЖОББМ» КММ


Мезгілі:

Мұғалімнің аты-жөні: Санкайбаева Баян Ортбаевна

Сынып: 8

Қатысқан оқушы саны:

қатыспаған:

Сабақтың тақырыбы

Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. №4 зертханалық жұмыс «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқ у бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.3 - экзотермиялық жылу бөле жүретінін, эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу

8.3.1.4- әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: экзотермиялық жылу бөле жүретінін, эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу

әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын білу

Оқушылардың басым бөлігі :экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер, меншікті жану жылуы жөніндегі ұғымдарды біледі

Кейбір оқушылар : теңдеуді құрастыру, теңестіру, жылу эффектісі бойынша есептер шығара алады

Бағалау критерийлері

1. Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ,ажырата алады

2.Термохимиялық теңдеуді жаза алады,теңестіреді

3.Жылу мөлшерін,химиялық энергияның қай заңға сәйкес келетінін біледі

Дағдылар

Жоғары ойлау дағдысы, қолдану

Тілдік мақсаттар



Оқушылар орындай алады:экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ,ажыратады,сипаттай алады алады Пәнге қатысты лексика және терминология:экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер, меншікті жану жылуы, жылу эффектісі ,химиялық энергия Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар - ....  реакциясы деп аталады.  Жылу бөле жүретін реакция - ... .       реакция деп аталады.  Эндо гректің - ... деген сөзі.Жылу мөлшері .... немесе ...   арқылы белгіленеді. Жылу сіңіріле жүретін реакция - ..... реакция деп аталады. Экзо грекше  ... деген мағынаны білдіреді. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды ... әрпімен белгілейді. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар ....деп аталады.

Зертханада қауіпсіздік өте маңызды, себебі…

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік Ел» қағидаттарының ынтымақтастық, жауапкершілік құндылықтары топтық, ұжымдық жұмыстары арқылы артады.

Пәнаралық байланыстар

Физика, Математика


АКТ қолдану дағдылары

Қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, түрлі ресурстарды қолдану

Бастапқы білім

7сынып -химия «Ауа жану реакциясы»

7-сынып физика « Меншікті жану жылуы»

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7-мин

















Ұжымдық жұмыc

Ұйымдacтыру.

1.Жaғымды пcихoлoгиялық aхуaл тудыру.«Комплименттердің бұрқасыны» Бір парақ қағазға комплимент жазып, бір-біріне лақтырады.

Сыныптағы оқушылардың психологиялық ахуалды көтеру үшін жақсы тілек ойыны арқылы әрбір оқушы жақсы тілек айтуы керек.(Топ ішінде балалар бір-бірінің қолдарын ұстап,тілек айту)

2. Сыныпты «Тәж» тәдісі арқылы топқа бөлу.

І топ –«Экзотермиялық реакция» -

ІІ топ – «эндотермиялық реакциялар»-

ІІІ топ – «жылу эффектісі» -

IV топ – «термохимиялық теңдеулер» -

Тапсырма -1

Үй тaпcырмacын тeкceру.

2.«Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылардың білімін тексеру.

1.Жану реакциясы деген не?

2.Отын деген не?

3.Отынның қандай түрлері бар ? мысал

4.Заттар жану үшін не қажет?

5.Меншікті жану жылуы деген не? Мысал келтір

6.Жанғыш заттар деген не?

Бағалау: Оқушылар өзара бағалайды. «Ауызша мадақтау»







Үлестірме материалдар



Тәж







Доп



Сабақтың ортасы










30-мин



















Топтық жұмыс


















Жеклеме жұмыс

Тапсырма -2

«Миғa шaбуыл» әдіcі.арқылы жаңа сабаққа көшемін Жаңа сабаққа көшу үшін экраннан суреттерді көрсетіп, сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтап аламыз.







Мәтінмен жұмыс «Джигсо» әдісі арқылы оқып,талдайды

Тапсырма-3 «Бес сұрақ, бес жауап»

Мәтінді оқып, 5 сұрақ құрастырады. Сұрақтарды мәтіннен алып, басқа топтарға жауап бергізеді.

Бағалау: екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалайды.

Сергіту сәті. «Жүректен жүрекке»ойыны















Тапсырма -4

4 зертханалық жұмыс Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар

Саралау: қарқынмен, қорытынды

Мақсаты :Реакциялардың жылу бөле және сіңіре жүретінін білу

Ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану.

Құрал-жабдықтар :сынауық, ұстағыш, спирт шам, сіріңке, химиялық стакан

Реактивтер :Ерітінділер :NaOH ,HCL ,Cu(OH)2

Нұсқаулық :1Цилиндрге 25 мл ден натрий гидроксиді мен тұз қышқылының ерітіндісін өлшеп алып,температурасын анықтаймыз да бір-біріне қосып ,қайтадан температураны өлшейміз

2.сынауыққа біраз мөлшерде мыс гидроксидінің тұнбасын құйып спирт шамның астында қыздырамыз

Сұрақ: Тәжірибеден не байқадыңыздар ?

Дескриптор:

1.Қауіпсіздік техникалық ережесін біледі.

2. Қажетті құралдарды қолдана алады.

3. Жылу бөліне және сіңіріле жүретінін біледі

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау

Тапсырма-5

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар таратылады

І деңгей: Химиялық диктант

1.Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар - .... реакциясы деп аталады. Жылу бөле жүретін реакция - ... . реакция деп аталады. Эндо гректің - ... деген сөзі.

2.Жылу мөлшері .... немесе ... арқылы белгіленеді. 3.Химиялық реакцияның жылу эффектісінің шамасы бірнеше факторларға байланысты.....

Дескриптор :

1экзотермиялық жылу бөлежүретінін, 2.эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін біледі

3.Жылу мөлшері Q арқылы белгіленетінін біледі

ІІ деңгей: Берілген реакциялардағы термохимиялық теңдеулерден қайсысы экзотермиялық екенін анықтап, реакция теңдеуін теңестіріңдер:

А) НСІ+ NaOH= NaCI +H2O +Q

B) H2O=H2+O2 -Q

C) N2+H2=NH3 +Q

D) CaCO3=CaO +CO2-Q

Дескриптор:

1. экзотермиялық екенін ажыратады

2. реакцияны теңестіреді

ІІІ деңгей.

1)Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша 2Н2+ О2=2H2O +570 кДж,

80 г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар

Дескриптор : 1.Берілгенін жазады

2.Реакция теңдеуін жазып,теңестіреді

3. Пропорция құрып есептейді




Интербелсенді тақта



Оқулық ;жұмыс дәптер, қалам
























Құрал-жабдықтар :сынауық, ұстағыш, спирт шам, сіріңке, химиялық стакан

Реактивтер :Ерітінділер :NaOH ,HCL ,Cu(OH)2






Жұмыс дәптері


















Үлестірме материалдар


Сабақтың соңы

3 мин


Кері байланыс

Аяқталмаған сөйлемдер”

Бүгін мен.............................. білдім ………......................... қызықты болды.

............................................. қиын болды.

Мен енді................................... білемін.

Мен..................................... білім алдым. Мен......................................... үйрендім.

Мен.................................... жасап көруге талпынамын. …………… .................. мені таң қалдырды. Сабақ менің өміріме............................................ берді Үйге тапсырма:

1.Тақырыпты оқы : 22 парагрф

2.Мәтін астындағы сұрақтарға жауап бер 87-91 бет

3.Қосымша дереккөздер қарап кел Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жүзеге асырылды ма?

Рефлексия жүргізу: оқушылар өз ойларын айта отырып, стикер жапсырады.

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

-немен қайта жұмыс жасау керек.

Өз қоржыныма өңдеймін керек емес

алдым



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Үй тапсырмасын диалог және қолдау арқылы саралаймын. Көмек қажет оқушыларға басқа оқушылар және мұғалім бағыт-бағдар беріп қолдау көрсетеді. Сабақтың мәтінін тексеру үшін «Бес сұрақ, бес жауап» арқылы

саралау жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмалар берген кезде сараланады . Зертханалық жұмыс арқылы қорытынды саралау жасалады. Тапсырмалар арқылы зерек әрі белсенді оқушылар анықталады, қарқыны төмен оқушыларға көмек, қолдау көрсетіледі. Келесі саралау тапсырма арқылы өткізіледі. Оқушылар бұл арқылы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.


Бағалау

Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

- Оқушылар өзара бағалайды;

- Топпен бағалау жүргізеді;

Тапсырмалар қалыптастырушы бағалау:

- Жұлдызша

- Стиkep

- Басбармақ ретінде жүзеге асады;

- Зертханалық жұмысқа ,жазбаша кepi байланыс беріледі.

- Бағалау кpитepийлеріне сәйкес дескрипторлар құрылады.

Сабақты бекітуде дескрипторлар арқылы бағаланады және бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалайды.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, жаратылыстану, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ мен байланыс. Сергіту сәтінде белсенді оқыту әдіс

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды неліктен?


Бағалау


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12