400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел - болам десең, бесігіңді түзе

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбие сағаты бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:11 Күні:16.02.2019 Сынып жетекшісі : Алдибекова Алия

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Ер есімі ел есінде
Мақсаты: Оқушы бойына ізгілік ұялату, қамкөңіл жандарға қамқорлық жасау, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын оқушылардың бойына сіңдіру, соған сай мінез - құлқын қалыптастыру.
Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, интерактивті тақта.
Жүру Барысы.
І Бөлім Түсін, түйсін, ой тарқат

бөлім «Ұлылардан қалған ұлы сөздер»
1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".
3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы¬ қазылған қара кенмен тең".
4 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
5 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".
6 оқушы: Қадыр Мырза Әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".
7 оқушы: Ғабит Мүсірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
8 оқушы: Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата - ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".
Хор « Ана туралы жыр»( сынып оқушылары)
9 оқушы: - Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл - қызы болып өседі.
10 оқушы: - Ата - ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
11 оқушы: - Ата - ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
12 оқушы: - Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
13 оқушы: - Ата - ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмейді.
14 оқушы: - Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.
15 оқушы - Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелушің.).
VІ. бөлім «Пікір айсам деп едім...» айдарына берейік.
Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс.
Халықтық педагогикадан нәр алаған баланы ата - баба өсиеттерін сіңіріп, салт - дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін құрметтейтін, өз ұлты мен ұлты мен қатар өзгелерді сыйлай алатындай етіп шығару ата - ананың басты мақсаты болуға тиіс. Қазіргі қоғамның алдында тұрған мәселенің бірі – бүгінгі жас жеткіншектің бойына бәсекеге қабілетті құндылықты қалыптастырып, дамытуға айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл құндылықтардың бастау көзі тек халықтық тәрбие беру тәсілдерінде екені рас. Ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан мол мұраларымыздың құндылығына ешкім дау айта алмасы анық. Адам баласы қоғамда адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Мінез - құлқының тәрбиесімен бірге білімді ұштастыра алғанда елге пайдалы азаматтардың қатары көбейеді. Қазіргі заманы адамын өзгерткен мына қоғамда кешегі кемеңгерліктің куәсі болған ата - әже тағлымын бойына сіңірген ұрпақты қаншалықты дәрежеде көреміз? Ұлтымыздың туын желбіретер ұлағатты ұлдарымыз бен қылықты қыздарымыз бар ма?! Міне, осы сұрақ маңызды! Көпке топырақ шашпағанымен, бір құмалақтың бір қарын майды шірітетіні де ақиқат емес пе?
Ата - анасының адал терімен тапқан - таянғанын пайдасыз дүниеге шашып, зиянын тартатын ұл - қыздарға қарап қатты қынжыласың. Әсіресе, егемен елдің ер - теңін дүниеге әкелетін нәзік жандыларға тіптен жарасымсыз! Қыз абыройы – болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. Кешегі даналарымыз «қызды қырық үйден тый, қала берсе қара күңнен тый» деп бекер айтпаған. Батысқа еліктеп ашық - шашық киінуі, қақаған қыста жан емес сән қымбаттырақ болған аруларымыздың өз болашағына балта шабуының бастауы осыдан басталары сөзсіз. Ертеде жесір қалған әйел шашын жайса, қазіргі кезде қазақтың екі қызының бірі мұны қалыпты жағдайға айналдырған. Ал, кіндік ашу тіптен болмаған. Кіндігі тұрмақ, аяғы ашық қыздары иба мен инабатты киіммен бірге сіңірген. Өткенге үңілсек, қазақ жігіттері қолына найза алып, ұлтарақтай жер үшін жауға шапқан. Бүгінгілердің бәрі бірдей болмаса да, арасында батысқа еліктеп жүргендері аз емес. Бүгінгі таңда ер мен әйелді ажырата алмайтын жағдайға жеттік. Құлақтарында сырға, қолдарында сақина. Қазақ тарихында болмаған бұл көрініске қарап ішің ашиды. Хәкім Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата - анадан, ұстазынан, досынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», — деген екен. Шындығында, жастардың тағылым - тәрбиесіне әсер еткен не болды деген сұраққа Абай атамыздың асыл сөзінің аясында бірге жауап іздейікші.

Қорытынды:
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, соған сай мінез - құлық қалыптастыру.
Ұлы ойшыл әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Ата - бабамыз қалыптастырған қалыпта тәрбиесі түзу болып бой көтерсек, дауға да, жауға да берілмейтін ұрпақ боларымыз анық!



Тексерілді:

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Г.Алданова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1670
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі