400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел боламын десең-бесігіңді түзе.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі,ұрпақ тәрбиесі туралы оқуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел боламын десең- бесігіңді түзе

Бала тәрбиесі-өте нәзік те өзекті, кезек күттірмейтін маңызды мәселелердің бірі.Бала тәрбиелеу еңбекқорлықты,белсенділікті, зеректікті, жан-жақты талап ететін жауапкершілігі мол іс.

Халқымыз сан ғасырдан бері бала тәрбиесіне аса мән берген. Баланың бас ұстазы-ата-ана. Тәрбие тал бесіктен басталады демекші, бала шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, ата-ана алдында үлкен міндет тұрады. Ол- саналы,білімді, адал да алғыр ұрпақ тәрбиелеу.Бала-адамның бауыр еті.Әр ата-ана ұрпағының жоғарыдан көрініп,қоғамда өзіндік орны бар азамат болуын қалайтыны анық. Өкінішке орай бәрі біз ойлағандай бола бермейді.Тәрбиенің бастауы-отбасында.Әке,ана және баланың бірлігі-отбасының берекесі,ал отбасы-қоғамның іргетасы.Отбасындағы тәрбие баланың қалытасуында аса үлкен маңызды орын алады. Бала тәрбиесінде ананың рөлі ерекше, «Әйел-ұлтты тәрбиелейді» демекші ананың әр іс-әрекеті балаға үлгі, өнеге болуы тиіс.Ана баланың бойына мейірім мен қамқорлықты, әсемдік пен парасаттылықтың,ізгілік пен биязылықтың дәнін егетіні сөзсіз.Ал, әке-отбасының тірегі,қорғаны,шаңырақтың қожасы,баланың ақылшысы әрі сыншысы.Баланың алдында әке-асқар тау,алынбас қамал, құламайтын қорған секілді. «Әке тәрбиелеген есті болар, анасы тәрбиелеген-епті болар» демекші, бүгінде есті де епті ұрпақ тәрбиелей алуымыз керек.

Ал ол үшін ең алдымен тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болу керек.Ата-ана күнделікті өмірде еңбегі,адамдық бейнесі,жақсы мінез-құлқы,дұрыс қарым-қатынасы арқылы балаға үлгі. Өйткені,балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.Бірақ,өкінішке орай,бәрі ата-ананың ойлағанындай бола бермейді.Кеше ғана алақанға салып әлпештеп өсірген сәби күндердің күнінде теріс жолға түсіп кетсе,ата-ана үшін одан үлкен өкініш бар ма? Тәрбиенің қай мезгілінде,біз өз баламызға деген ықпалдан айырылып қалдық, қай тұста олқылық жібердік? деген сауалдар ата-ананы осы тұста мазалары анық.Бір қария: «Қарнымның ашқанынан емес,қадірімнің қашқанынан жылаймын» деген екен. Бүгінгі өмір шындығы осылай деуге мәжбүр етіп отыр.Қартайған шақта бармақ тістеп қалмас үшін, ұрпақ тәрбиесіне салғырт қарауға болмайды.

«Ел боламын десең - бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай,ел болашағы-ұрпақ тәрбиесінде.Әкеден-ақыл, анадан-мейір демекші,әкенің дұрыс бағытын көріп, ананың аялы алақанын сезініп өскен баланың болашағы жарқын болмақ.Ел болып, ұрпақ тәрбиесін қолға алайық!Ел сәні-атаға қарап өскен ұл,анаға қарап өскен қыз.Елдің тәрбиелі ұрпаққа артар үміті көп болмақ.Себебі,ұлт болашағы-ұрпақтан.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
315
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі