Ел болашағы - жас маман

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел болашағы - жас маман

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ел болашағы -жас маман" атты көріністе жас мамандар өздері таңдаған мамандықтың қыр-сырын айта отырып, туған жерге деген сағыныштарын жеткізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ел болашағы – жас маман (көрініс)


Вокзалда

Құрметті жолаушылар! Абай болыңыздар! «ЭКИнЕУ- МЕКТЕП» бағыты бойынша жолаушылар поезы жақындап келеді. Аялдау уақыты 20 мин (Барлығы жүгіріп келеді)


Даулетжан:

-Сәлем, қалдарың қалай, қайда аттанғалы тұрсыңдар?


Индира:

-Оқуды аяқтап, диплом алып өз туған жерімізге, алтын ұя мектебімізге қызмет етуге кетіп барамыз.


Азамат:

олдарыңда не бар, жүктерің ауыр сияқты?


Гүлнұр:

-Бұл біздің оқу орнында жинақтаған іс-тәжірибеміз. Мен бүлдіршіндерді тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйреніп, көптеген көрнекіліктер жинақтадым.


Индира:

-Менде жаңа үлгідегі сабақ жоспарлары, тәрбие жоспарлары, жаңа бағдарламалар бар.


Айсулу:

-Ал менде дидактикалық материалдар, үлестірмелі карталар, демонстрациялық көрнекіліктер өте көп.


Даулетжан:

-Сенде не бар Дима, жүгің тым жеңіл емес пе?


Дима:

азір ақпараттық технологияның дамыған заманы емес пе, менде барлығы мына флеш-картада.


-Иә... Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы  ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, сұранысқа ие бола алатындай кәсіби маман, білікті педагог болу .

  • Қыздар- жігіттер, алғашқы еңбек жолымызды «туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың» дегендей, өз туған өлкемізден бастаған дұрыс сияқты. Қалай ойлайсыздар?


Дұрыс- дұрыс. «Елімнің ұлы болсаң, еліне шын жанын ашыса, азаматтық намысын болса қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа», - деген Елбасы сөзіне орай бәріміз өз туған жерімізге бет алып отырмыз.


-Гүлнұр, сен қай өңірден боласың?

-Мен Екібастұздан. Сендер білесіңдер ме, «Екі бас тұз» қаласы атауының пайда болуының бірнеше болжамы бар. Бір бақташы қырда қой сүтін қайнатып отырған. От ретінде айналада шашылып жатқан қара тастарды салады. Бір уақытта ол тастардың жалындап жанған ғажайыбын көреді. Сол тастардың табылған орнын ұмытпау үшін ол көлден екі басты тұз әкеліп белгілейді. Сондықтан орын «Екі бас тұз» атала бастады. Жер қойнауының сырын танып, білген, тас көмір кенін ашқан Қосым Пішенбаевты ерекше атауға болады.Бүгінгі таңда қаламызға 60 жыл толып, «қара алтынның» ордасына айналып отыр.



  • Дана халқымыз «туған жерге туың тік» деп бекер айтпаса керек, мен де өзімнің туған өлкем Павлодарды мақтанышпен айта аламын. Қазақ әдебиетінің ірі өкілі М.Ж.Көпеев еңбектерінде Павлодардың бұрынғы атауы – Тұзкент екені айтылады.Өйткені бүкіл Алтай, Сібір халқы тұзды Ертіс өңірінде осы қаладан тасыған.

  • Ертістің жағасында орналасқан өңірімізге 80 жыл толып отыр Облысымыздың 80 жылдығы осы өңірдің атақты адамдары  Бұқар Жыраудың 350 жылдығы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160 жылдығы, Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы мерейтойларымен тұспа-тұс келіп тұр.

  • Ал мен Баянауыл жерін айтсам... Сұлулық. Керемет табиғат. Көзің сүрінеді. Алланың құдіреті сол осы жерге аямай көркемдікті үйіп-төгіп бере салған секілді. Біріне бірі жалғасқан таулар, көлдер, жартастар.... Жартас демекші әртүрлі аң бейнесі, адам бейнесі.... О, Алла Құдіретің шексіз... Тап бір үлкен жартастарды бір-біріне қиыстырып, бейнені келтірген адамның еңбегіндей. Олардың әрқайсысының өз аттары бар. Мысалға Кемпіртас, Найзатас, Аттың басы, Көгершін тағы да сол сияқтылар.  Баянауыл өңірі  – ғалымдардың, жазушылардың, ақындар мен қоғамдық қайраткерлерді тудырған. Олардың есімдері тек қана Павлодар облысына ғана әйгілі емес. Бүкіл әлемге танымал. Сондықтан да мен осындай киелі де дархан жерімде еңбек жолын бастағанды өзіме үлкен бір мәртебе санаймын.

  • Даулетжан сен неге терең ойға батып, үндемей қалдың.

  • Еее. Өзім де байқамай қалыппын ғой. Барлығың өз жерлеріңді мақтап жатқан кезде менің де туған жерім есіме түсіп кетті. Бүгінгі таңда Екібастұз қаласында тұрсам да, алғаш шыр етіп, кіндік қаным тамған жер Семей қаласы. Ұлтымыздың киесі мен данасы, данышпан Абай мен ғұлама Шәкәрім, Мұхтарларға байланысты қаламыздың төңірегіндегі тау мен даласы, әрбір көшесі мен үйлері сыр шерткендей. Тарихы терең тамыр жайған өлкеме биыл 300 жыл толғалы отыр. Қатты толқығаннан ба көкейіме жыр келіп тұрғаны. Оқып берсем, қалай қарайсыңдар.

  • Семейім, кіндік қаным тамған жерім,

  • Өзіңдей жерді табу арман дедім.

  • 300 жылға толыпты биылғы жыл,

  • Тілегім әрқашанда алдан көрін.

  • Абайдай тұлға шыққан асқақ қалам,

  • Жерімді ойласам еш ас батпаған.

  • Тереңдегі тарихын ақтарғанда,

  • Бұл елден шыққан тұлға бар қаптаған

  • Баптадың мына мендей құлыныңды,

  • Ешқашан лайламаспын тұнығыңды.

  • Екібастұздан білім алып келіп тұрған,

  • Құшағыңа басқайсың бұл ұлыңды.

- Мен еңбек жолымды таңғажайып қарқынмен түлеп, аты әлемге танылып, Еуразия кеңістігінің жаңа үлгіде салынған әсем шаһарларының біріне айналып үлгерген жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі – Астана қаласынан бастағалы отырмын. Астана-жас қала, жастардың мекені. Гауһардай жанған Елордамызға 20 жыл толып отыр. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Ол рухани жаңғыру! Білімнің салтанат құруы.
Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың, мына біздің қолымызда екеніне баса назар аудару.
«Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- «Мәңгілік Ел идеясы». «Мәңгілі ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

-Өте дұрыс айтасың. Қазақстан халқының мәңгілік мұратына айналған бұл ұлттық идея бір сәтке де санамыздан өшпеуі керек. Әсіресе ұрпаққа ұлағатты тәрбие беретін педагогтардың басты ұстанымы бола бермек. Егер бүгінгі бүлдіршінді халқымыздың жарқын болашағы мен еліміздің кемел келешегі үшін еселі еңбек ететін, адалдықтың ала жібін аттамайтын азамат ретінде қалыптастырсақ, онда мақсатымыздың толық жүзеге асқаны.


  • Ел, туған жер туралы толғанып отырғанымызда поезымыздың аттанар уақыты да болып қалыпты ғой. Асқақ арманмен еңбек жолына аттанар алдында бір-бірімізге сәт сапар тілеп бір ән шырқап жіберсек қайтеді?

  • Ал, шырқайық.

Даулетжан: Ей, Азамат, гитараң қайда?

Ән шырқайық, келіңдер!

Ән: «Туған жерім»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі