400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел ертеңі- ел еркесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда? Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Тәрбие басы – талбесік. Алайда көпшіліктің қазіргі қыздар тәрбиесіне көңілі тола бермейді. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде көп талқыланатын мәселенің бірі осы қыз тәрбиесі. Қыздың сөйлеген сөзінен бастап, әрбір іс-қимылы жіті қадағаланған. Қазақ халқы қыз болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп оның тәрбиесіне баса мән берген, өйткені, қыз тәрбиесіне немқұрайды қарай алмайтын қасиет қазақ халқының қанына сіңген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел ертеңі- ел еркесі

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

Мұхтар Әуезов

Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда? Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Тәрбие басы – талбесік. Алайда көпшіліктің қазіргі қыздар тәрбиесіне көңілі тола бермейді. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде көп талқыланатын мәселенің бірі осы қыз тәрбиесі. Қыздың сөйлеген сөзінен бастап, әрбір іс-қимылы жіті қадағаланған. Қазақ халқы қыз болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп оның тәрбиесіне баса мән берген, өйткені, қыз тәрбиесіне немқұрайды қарай алмайтын қасиет қазақ халқының қанына сіңген.

Қыз бала тәрбиесі туралы қазақтың салт-дәстүрлерін зерттеп жүрген этнограф Зейнеп Ахметова берген сұхбаттарында қыз тәрбиесі жайында мынадай пікір білдірген екен: «Біз қыз тәрбиесінінің тізгінін босатып алдық. Бұл – шындық. Бұған қыздарымыздың қалай болса солай киініп, кіндігін көрсетіп жүргені дәлел. Жас қыздардың көшеде ашықтан-ашық темекі шегіп, сыра ішіп жүргендерін көріп жүрсек те, мән бермеуге айналдық. Олардың ертеңгі ана екенін естен шығарып жүрміз. Ал біздің ата-бабамыз балалық дәурені өтісімен-ақ қызға дұрыс тәрбие беруді қолға алған. Қыз – аз күнгі қонақ. Сондықтан да күні ертең келін болып түскен жерінде ата-анасына, ауылына сөз келтірмеуін алдын ала ойлаған».

Халқымыз қыз баланың бойындағы мына қылықтарға тыйым салған. Түске дейін ұйықтауға, бұраңдап қылымсуға, тамақты обырлана асауға, ұрлық-қарлыққа, салт-дәстүрден аттауға және ұрыс-керіске тыйым салған.

Тәрбиесі түзу қыз баладан ана бейнесі келіп шығады. Тәрбиенің түзу болуына отбасындағы ата, әже, әке, ана бейнелері ықпал еткен. Мәселен, абыройлы, қадірлі әке – қыздың тәрбиесінің іргетасы. Әке сыйлаған қыз күйеуін де қадір тұтатын болады.Әзілхан Нұршайықов атамыздың жақсы бір сөзі бар: Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта: “Есті қыз етегін қымтап ұстар” деген мақал бар. Ал қазіргі қоғамда етегі қысқарған қыздардың саны көп. Әр қыз ұяң мінезді болып, саналы ойласа ел ертеңі алаңсыз болар еді.

Қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан басты мәселелердің бірі ол- жасандылық. Әр түрлі оталар жасату арқылы Алланың жаратылысына өзгеріс енгізуде. Бірі бер жағын жасап шаш бояса, енді бірі ерін өсіру, керек емес жерін алып басқасын қойып ой саналары тарылуда. Саналы ұрпақ керек болса қоғамда адасқан қыздарды түзу жолға салу ол біздің парызымыз.

Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген кереметсуреттемелер берген.Сондай-ақ, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның сол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Діңгегі мықты, ұзақ ғұмырлы ел болу үшін қыз тәрбиесіне аса мән бергеніміз жөн болар. Ел ертеңі- ел еркесі...



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі