400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ел іші-алтын бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
Метериал мақала түрінде жазылған. Ауыл, туған жер туралы өзекті ойлар айтылады. Туған жерге деген сүйіспеншілікті жеткізеді. Публицистикалық стильде жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Райымбек ауданы «Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күлдібаева Алмагул Қағазқызы

Ел іші - алтын бесік

Уа, дариға , алтын бесік , туған жер ,

Қадіріңді білмей кетсем , кеше көр.

Қасым Аманжолов

«Шыр етіп дүниеге келген жер , кіндік қаны тамған жер әрқашанда қымбат , әрі ыстық демекші»- әркімнің өз туған жері бар.

« Туған жердің түтіне де жылы» деген мақалды естіп, көкірегімізге түйіп өскен менде бір қазақтың азаматшасымын. Қазақстанда көрікті жерлер өте көп . Әр жердің өзіңдік ерекшелігі бар. Бірақ, кез-келген жер өз ауылыңа, туған жеріңе жетпейді.

Әрбір адамның өз туған жері , елі бар. Сол жер әрдайым сені тартып , сені шақырып , құшақ жайып қарсы алады . Неге бұл жер сені өзіне әрдайым тартып , шақырып тұрады? Мүмкін , сен дүние есігін алғаш рет осы жерден ашқандықтан болар. Қарапайым кішкентай адам бірінші рет күнді көрді , жаңбыр мен желін көріп, дала айқайын естіді , мектеп есігін ашты және де сенімді достарын тапты . Үлкен өмірге қадам басты. Бұл ғажап құбылыс емес пе ! Қалайша өзіңді бақытты демессің!?

Туған жер десек көз алдымызға көсіліп жатқан кең дала , сол далада емін –еркін жайылған төрт түлік малдардың елестейтіні сөзсіз . Өйткені , қазақтың негізгі күн көрісінің өзі – төрт түлік малы. Менің кіндік қаным тамған жерім- Қайнар ауылы . Осы ауыл - мен дүниедегі ең қымбат , сұлу жер, Бәрі де сондай жаныма жақын! Бұл менің туған жерім және де мен оның бөлшегі ретінде саналамын. Мен де өзімді бақытты деп сезінемін . Өйткені менің туған жерімде өз махабаттарын сыйлайтын қымбатты ата- анам , қорған қолдап тұратын аға – әпкелерім, сенімді достарым , әрине есігін ашқан ұстаздарым, мектебім бар . Ғажайып сезімдермен мен көшелерімді , кішкентай тыныш ауылымды еске алып жүремін , өйткені қаншама қызық , қаншама керемет естеліктер осы туған жеріңде өтіп жатыр . Әрдайым оқудан оралғанда үстелімдегі тәтті тоқаш пен сүт , орман тоңай , өзен – көлдер –бәрі ұмытылмас болалық шақ , керемет естелік .Туған жердің ғажап әр бөлігі мені сол ұмытылмас уақытқа жеткізеді.

Сол туған жерімді көркейтуге үлес қосқан ауыл әкімі Серік Тоқсейітұлы Шаловтың қосқан үлесі аз емес екенін айтсам деймін. Ауылға әкім болып келгелі екі жылға жуықтады. Ауылдың көшелері қала көшесінен кем емес, түнімен шамдары жарқырап тұрады. Серік мырза алдымен тазалыққа көңіл бөлді. Ауылдың көшелерінде жатқан қоқысты көру мүмкін емес, тап-таза асфальтталған. Үйлердің ауласында түрлі гүлдерден көз тұнады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме? Ауылда түрлі спорттық шаралар, үйірмелер, ауылдың мәдениет үйінде концерттік бағдарламалар жиі болып тұрады. Жаңа жыл, Наурыз мерекелері өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Жастар осыдан біраз жыл бұрын қалаға кетіп еді, енді туған ауылына орала бастады. Ауылда заманауи кафелер, пицца орталықтары, аптека, шаштараз ашылды. «Жайлыбай» сайында сауықтыру орталығы жұмыс істеп тұр. Таудың таза ауасында жаңа сауылған саумалын ішіп, бағлан қойдың етін жеп, құрт-майын жеп демалып қайтады. Осындай істерге ұйытқы болған азаматтарға рахметімді айтамын. Әркім өз елін көркейтуге аз болса да үлес қосса Қазақстанның болашағы үлкен болар еді.

Еліміздің барлық байлығы мен үшін қымбат және осы еліміздің байлығын мақтан етемін . Өз еліңді сүю – халқын сүюмен тең келеді .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
649
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі