Материалдар / Ел іші-өнер кеніші

Ел іші-өнер кеніші

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел іші-өнер кеніші қысқа мерзімді жоспар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім тақырыбы:

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Мектеп: Пән мұғалімі:

Сынып: 7

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ел іші – өнер кеніші

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.5.1 Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;

7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбындағы мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар құрастыру, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді орынды қолдану;

Көптеген оқушылар: Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді орынды қолдану.

Кейбір оқушылар: Мәтін бойынша проблеманы анықтау, проблемалық сұрақтар құрастыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар











Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ. Визуалды айғақтар

Оқушыларға қазақ ән өнеріндегі өнер иелерінің түрлі суреттері таратылады. Сол суреттерді топтар қалаған деңгейлері бойынша топтастырып, қорғайды.


Сабақ тақырыбын болжауға әкеледі.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Өзің ол туралы не ойлайсың?

  • Сен оны ... қалай түсінесің?

  • ... қатысты не айтар едің?

  • Сабақтағы әңгімеміздің тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

  • Тақырыпқа қатысты не айтар едің? т.б.

Оқушыларды түгендеп, зейінін сабаққа аудару.


Жағымды ахуал қалыптастырады.







Оқушыларға қазақ ән өнеріндегі өнер иелерінің түрлі суреттері таратылады. Сол суреттерді топтар қалаған деңгейлері бойынша топтастырып, қорғайды.












Сабақ тақырыбын болжайды.




ҚБ















ҚБ





7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы






Сабақтың ортасы














































































ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Мәтінді оқып, мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары

Музыка өнерінің адамның сезім әлеміне әсерін ежелгі дәуірде-ақ халық жақсы біліп, оны тұрмыста пайдаланған. Сөз бен әуеннің осы түйіскен тұсын алдымен малды шақырғанда, мысалы, сиырды аухаулағанда, түйені көс-көстегенде, жылқыны құрау-құраулағанда, қойды пүшәйттағанда. Ал табиғат қойнауында адасқан екі адам бірін-бірі шақырғанда айқайлап қатты дыбыстаған. Бұларды музыкалық дыбыстардың алғашқы элементтері деуге болады.

Музыкалық дыбыстардың әлеуметтік мәнін ашатын бесік жырдың, санамақ, «Бас бармақ, балаң үйрек». «Бақа, бақа, бақ, бақ» секілді басқа да ойын өлеңдері – дүние есігін ашқан жас баланы әлеуметтендірудің басты құралдарының бірі. Осы қысқа да әуезді үндерді айта отырып, анасы баланы өзінің дене мүшелерімен таныстырса, тағы бір жақтан, оның әуені құлағына дыбыстардың айтылуын сөз құрамын есту арқылы пайымдауға баулиды.

Балаларды алғаш жәндіктермен таныстырғанда айтылатын «Бақа, бақа, бақ, бақ» өлеңінің әуені де созылыңқы, ұғынықты. Осы және басқа да балаларға арналған өлеңдерді ертеде ешкім әдейілеп жаттамаған, ол бала кезден естіп, тыңдап өскендіктен өзінен-өзі құлаққа «сіңіп» қалатын. Өсе келе бұл сәби кезінде естігендерінің үстіне ойын үлгілерінің әуені мен сөздері қосылады. Осындай ойын өлеңдері «Ақ терек, көк терек», «Ақ сандық, көк сандық» сияқты балалар есейгенде, мысалы, 8-9 жасқа келгеннен бастап ойнағанда айтатын өлеңдер. Халқымыз ғасырлар бойы рулық, туысқандық, отбасылық қауымдастық түрінде өмір кешкен. Бұл ойындар сол кезде балалар арасында туысқандық байланысты нығайту, өзара қамқорлық, бір істі орындауда ұжымдасу, бірлесіп өзара көмектесу, тұтастыру секілді міндеттерді атқарған.

Әлгі ойын балалары есейіп бойжеткенде, бозбала жасына қадам басқанда бұл өлеңдер ғашықтық әндеріне, терме, толғаулар, жыр, дастан, қиссалар мен домбыра және қобыз күйлеріне ауысады.

Музыкалық дыбыстарды адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды білдірудің бір түрі деуге болады. Мысалы, ұзатылып бара жатқан қыз айтатын «Сыңсу» кеше ғана еркелеп, ата-анасының төрінде отырған қыздың жат жұртқа кетіп бара жатқандағы көңіліндегі мұңды білдіреді. Ол сөзбен қосылғанда ерекше мағыналы.

Қыз ұзату тойы, одан ары қарай «Жар-жар», оған қарсы айтылатын «Ау-жар» өлеңдерімен жалғасады. Онда ұзатылып бара жатқан қыздың мұңын сейілтіп, тойды ойын-сауықпен көмкеру, халықтың көңілін көтеру көзделеді. Сол себепті «Жар-жар» мен «Ау-жар» қалжың аралас, қайым айтыс сипатына ие. Бұл туралы «Жар-жардың» тәрбиелік мәні – қалыңдық құдай жазған шын жұрты, ұзатылып барған жері екендігін санасына сіңіре беру» делінген «Қазақтың тәлімдік ойлары антологиясында».

Қыз ұзатып, келін түсіру сәніне келтіретін тағы бір өлең – «Беташар». Мұнда жас келінге тәлім боларлық көптеген ақыл-кеңестер айтылады.

Бөтен жұртқа жаңа түскен жас келінге, оның бетін ашушы «бетіңді, келін, ашқаным, жаңа жұртқа қосқаным…» деп, өзінің міндетімен қоса келген жеріне таныстыра отырып, келінге осы ортамен араласып, «сіңісіп» кетуі үшін осы сөздер айтылады.

«Конверттегі сұрақтар» әдісімен 3 топқа үш түсті конверт таратылады. Топтар ішіндегі қима қағаздарға мәтін бойынша құрастырған сұрақтарын жазады да «Әткеншек» әдісімен бір-біріне беріп, басқа топтың сұрағына жауап жазады. Осылай үш рет топта айналдырады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

  • Мәтін бойынша проблеманы анықтай алады

  • Проблемалық сұрақтар құрастырады

*мәтінді оқиды;

*мәтіндегі проблеманы анықтайды;

*проблемалық сұрақтар құрастырады.

ҚБ

ӘТН. Берілген тұрақты сөз тіркестері мен мақалдардың жалғасын табыңыз.


Сіркесі су............................................................... (көтермеу)

Ит арқасы.............................................................. (қиянда)

Төбе шашы............................................................ (тік тұру)

Ит өлген................................................................. (жер)

Ит терісін .............................................................. (басына қаптау)

Бетінен оты........................................................... (шығу)

Бас кеспек болса да, ........................................... (тіл кеспек жоқ)

Жеті жұрттың тілін біл,......................................... (жеті түрлі ілім біл)

Жыланның уы тісінде, ......................................... (адамныңуы тілінде)

Тұз астың дәмін келтірсе,.................................... (мақал сөздің сәнін келтіреді)

Ел үмітін ер ақтар,................................................ (ер атағын ел сақтар)

Тоқсан ауыз сөздің............................................... (тобықтай түйіні бар)

Бағалау критерийлері

Дескриптор

  • Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктерін біледі

  • Сөйлемде тиімді қолданады.

*тұрақты сөз тіркестерін ажыратады;

*мақалдардың жалғасын табады.

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН

2-тапсырма. «Дос жолында құрбан болу емес, нағыз досты табу қиын» тақырыбында фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды пайдаланып, ой толғау жазыңыз.

Дескриптор:

  • тақырыпты түсінеді;

  • фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды қолданады;

  • өз ойын жүйелі жеткізе алады.

ҚБ

Оқушылар мәтінді оқып, мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.





























«Конверттегі сұрақтар» әдісімен 3 топқа үш түсті конверт таратылады. Топтар ішіндегі қима қағаздарға мәтін бойынша құрастырған сұрақтарын жазады да «Әткеншек» әдісімен бір-біріне беріп, басқа топтың сұрағына жауап жазады. Осылай үш рет топта айналдырады.






Берілген тұрақты сөз тіркестері мен мақалдардың жалғасын анықтайды.

















«Дос жолында құрбан болу емес, нағыз досты табу қиын» тақырыбында фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды пайдаланып, ой толғау жазыңыз.







































ҚБ
























ҚБ







ҚБ






http://bigox.kz/kazak-muzyka-onerinin-en-algashky-tuyndylary/

























Сабақтың соңы Рефлексия


Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін нота белгісі арқылы кері байланыс алу(бағдаршам түсімен)

- Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, онда жасыл түсті нотаны таңда.

- Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң,онда сары түсті нотаны таңда.

- Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, жаңа сабақтан жақсы мәлімет ала-алмасаң,онда қызыл түсті нотаны таңда.






27 Мамыр 2025
48
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі