Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ел қорғаған Ер Тарғын» (ойын-сауық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаның дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ел қорғаған Ер Тарғын»


Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі жайлы мағлұмат беру,саяхат жасай отырып балаларды қалалармен таныстыру, өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін қалыптастыру. Балалардың дене мүшелерін, бұлшықетттерін жетілдіру, ептілік, төзімділік, күш қасиеттерін дамыту. Бауырмалдыққа, достыққа баулу, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Балалардың мерекелік іс-шарадан жағымды әсер алып, қызығушылықтарын арттыру.


Керекті құрал-жабдықтар: теледидар, құм салынған қапшықтар,арқан жіп, гимнастикалық орындық, қақпа, доптар,жалауша, шығыршықтар.


Барысы: Балалар залға марш әуенімен сапппен кіреді. Балалар шеңбер бойымен тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Залға батыр киімін киінген кейіпкер енеді.

Жүргізуші: Қош келдің!

Батыр: Ассалаумағалейкүм, мен Ер Тарғын батырмын, амансыңдарма! Мен жайында естіген боларсыңдар, сонай ерте жаугершілік заманында ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін, жерін қорғаған қазақтың ер жүрек батырларының бірі мен болам. Қазақ елі азат, тәуелсіз болуы үшін батырлар аянып қалмады. Міне, қазір бүлдіршіндерім, сендердің замандарыңда Қазақстан елі тәуелсіздігін алып, көркейіп келеді. Мен өздеріңмен бірге қазіргі Қазақстан елін, жерін көргім келеді. Қазақстан қалаларына саяхат жасағым келеді.

Жүргізуші: Әрине, Ер Тарған батыр, бүгінгі 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында қалаларға саяхат жасау біздің де санатымызда. Біздің балалардың ептілігіне, қиындықтарды жеңіп өтетін мықты да, білгір екеніне куә болыңыз.

Жүргізуші балаларды екі командаға бөліп, сапарды жарыс ретінде ұйымдастырады. Командаларға «Қыран» және «Барыс» деп ат қойылады.

Жүргізуші:

Тіл жете ме, Республикам, көркіңе,

Тәуелсіздік шипа болды дертіме,

Күн де туды, көк байрағым желбіреп,

Қазақпын деп айта алатын желпіне.

Жүргізуші: Командаларға сәттілік тілеймін! Саяхатымызды бастайық.

Балалар, біз сендермен Оңтүстік астанамыз-Алматы қаласына сапарға аттанамыз, жолда бізге түрлі кедергілер кездеседі.

1-сайыс: «Жалаушаға дейін жет»

Командалар жолында келесі кедергілер бар: шығыршық, гимнастикалық таяқша, гимнастикалық орындық, соңында жалауша қойылған орындық. Балалар кедергілерден өту керек, яғни- шеңбердің ішінен, таяшадан секіріп, гимнастикалық орындықтың үстімен өту керек, соңында орындық үстіндегіжалаушаны көтеру, қайту.

Жүргізуші: Ер Тарғын, батыр, көрдіңізбе, біздің балалар жолда кездескен қиындықтарды жеңе отырып, Алматы қаласына да жетіп қалғанымызды байқамадық. Олай болса, Алматы қаласымен танысайық.

Балалар теледидардан Алматы қаласының көріністерін тамашалайды.

Жүргізуші: Балалар, сапарымызды әрі қарай жалғастырайық, Алда ұзақ жол бар, біз Ел ордамыз Астана қаласына барамыз. Белді бекем буып, жолға дайындалайық.

2-сайыс: «Арқан жіптің астынан өт»

Екі ересек адам еденнен 50см биіктікте арқан жіпті ұстап тұрады. Балалар жіпке арқамен тимей астынан еңбектеп өту керек.

Жүргізуші: Балалар, міне, Астана қаласына да келіп жеттік, енді Елордамызбен танысайық.

Балалар теледидарға назар аударады.

Жүргізуші: Балалар, біз бүгін еліміздің басты, ең ірі қалаларымен таныстық, енді өзіміздің туған қаламыз Қарағанды қаласына қайтайық. Алдымен біраз демалып алайық, жол ұзақ. Біздің ел кең-байтақ, биік-биік таулары, өзен-көлдері, ормандары, жан-жануарлар әлемі бар. Көзімізді бір сәтке жұмып, осы кереметтерді, байлығымызды көз алдымызға елестетейік. (Балалар жарты шеңбер құрып, музыка әуенімен, көздерін жұмып табиғатты көз алдарына елестетеді).

3-сайыс: «Мергендік сайысы»

Командалар 3 қадам қашықтығында еденде жатқан шығыршыққа құм салынған қапшықты дәл түсіру керек.

Жүргізуші: Балалар, біздің ата-бабамыз, батырларымыз жауларымен күрес кезінде мергендік танытқан, сендерде мерген, епті екендеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар! Біз міне, өз туған Қарағанды қаламызға да келіп қалыппыз.

Балалар теледидарға назар аударады.

Жүргізуші: Ер Тарған батыр, бізбен бірге жасаған саяхат ұнады ма?

Ер Тарғын батыр: Әрине, балалар, өте ұнады, қалалармен танысып тәнті болып тұрмын, өте көрікті екен. Қазақстан Мемлекеті әрі қарай дамып, өсе берсін, болашағы зор болсын. Балалар,елдің болашағы өздеріңсіңдер, сендерге сенем, сендер де ел қорғаған, намысты қолдан жібермейтін ер азаматтар болыңдар! Әумин! Ал, енді мен қайтайын, сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Балалар, міне, көрдіңдерме, біздің Отанымыз Қазақстан жері бай, кең байтақ, мәртебелі. Біз Тәуелсіз, азат елміз! Осы еліміздің жақсы азамат, азаматшалары болыңдар! Мемлекетіміздің білгір де, мықты, туымызды биікке көтерер жастары болыңдар! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2019
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12