Материалдар / "Ел рәміздері-ел рухы" интеллектуалды ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ел рәміздері-ел рухы" интеллектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ел рәміздері-ел рухы" интеллектуалды ойын 1.Оқушылардың білімдерін кеңейту, білім деңгейін,шығармашылық ізденісін байқау. Жан-жақты болуға қалыптастыру. 2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. 3.Оқуға, пәндерге деген қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2021
4888
26 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: ДТІЖО Сарымсақова К.Ұ

Тақырыбы: «Ел рәміздері-ел рухы»

Өтетін уақыты: 19.09.2021жылы, сағ-12:15

Өтетін жері: 216 кабинет

Өткізілу түрі: Интелектуалды ойын

Қатысушылар: 7 «А» 7 «Ә» 7 «Б» 7 «В»

Мақсаты: 1.Оқушылардың білімдерін кеңейту, білім деңгейін,шығармашылық ізденісін байқау. Жан-жақты болуға қалыптастыру.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

3.Оқуға, пәндерге деген қызығушылығын арттыру.


Іс-шараның барысы.

Құрметті,ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Жас Ұлан» ұйымының қазан айындағы жоспарына сәйкес 7 сыныптар арасында «Ел рәміздері-ел рухы» атты интелектуалды ойынымызға қош келіпсіздер.Бүгінгі тартысты ойында топтарымыздың өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үміттеміз.Бүгінгі қызықты ойынның бағасын беруші әділ қазылармен таныс болыңыздар

1.

2.

3.

4.

Өз сыныбынан алға суырылып шыққан ойыншылармен таныс болыңыздар.Ал қанекей әр сынып өздерін таныстырып өтсін.

7 «А» сынып -______________ тобы

7 «Ә» сынып -______________ тобы

7«Б» сынып -_______________ тобы

7 «В» сынып- ________________ тобы

Бүгінгі интеллектуалды ойын төрт кезеңнен тұрады:

I кезең – «Бәйге»

II кезең – «Рәміздерім-мақтанышым»

III кезең – «Шабытыңды шыңда»

Ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып,ойынымызды бастайық.


1 кезең Бәйге.Мен сіздерге 50 сұрақ қоямын, оған бірінші болып таяқшаны көтерген топ жауап береді. Егер де жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген топ жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Дайын болсақ бастаймын.

1.«Кел, балалар, оқулық!» өлеңінің авторы . Алтынсарин

2.Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Бигелдинов

3.Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы . Алматы

4.Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. Тәуке

5.Қазақстандағы ең терең көл. Алакөл

6.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Қошқарбаев

7.Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел. Қытай

8.«Қазакфильм» киностудиясы кімнің атында екенін белгіле. Айманов

9.«Азия» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткері. Сүлейменов

10.Ұлы жүздің төле биі. Төле би

11.Қазақ фольклорын зерттеген орыс ғалымы. Радлов

12.Қазақтың батыр қыздары. Маметова, Молдағұлова

13.Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы. Жетісу

14.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір

15.Көмір өндірілетін жер. Қарағанды

16.«Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші. Б.Төлегенова / К.Байсеитова

17.Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары. «Сарыарқа»

18.Қабанбай батырдың шын аты. Ерасыл

19« Невада-Семей» қозғалысының басшысы. О.Сүлейменов

20.Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы. «Қыз Жібек»

21.Қазақстанның ең алғашқы астанасы. Орынбор

22.Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы«Семей-Невада»

23.Соңғы Конституцияның шыққан жылы. 1995

24.Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 1997

25.Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы. 1997

26.Латын алфавиті қолданылған жылдар. 1929-1939

27.Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланған жыл. 1991

28.Қазақстан облыстарының саны. 14

29.Киіз үй неден тұратынын белгіле. шаңырақ, уық, кереге

30.Әбілхан Қастеев- кім? Суретші

31.Бауыржан Момышұлы-кім? Батыр, жазушы

32.Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта. Құсбегі

33.Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап. Нағашы атасы

34.Көшпелілердің баспанасы. Киіз үй

35.Құрманғазыдан бата алған күйшіні ата?. Дина Нұрпейісова

36.Тұңғыш қазақ ғалымы? Шоқан

37.Балалар әдебиетінің негізін салушы? Алтынсарин

38.Тұңғыш педагог? Алтынсарин

39.Тұңғыш спектакль? «Қалқаман-Мамыр»

40.Халықаралық дәрежедегі госсмейстр. Болат Асанов

41.Қазақстандағы ең тұщы көл? Марқакөл

42.Қалибек Қуанышбаев кім? әртіс

43.Тұңғыш қазақ газеті? «Түркістан уәлаяты»

44.Семей полигоны қашан жабылды? 1991жыл

45.Шетелде тұңғыш ән салған әнші? Әміре Қашаубаев

46.Жүз жасаған ақын? Жамбыл

47.Тоқтар Әубәкіровтың туған жері? Қарағанды

48.Тудың авторы? Ш.Ниязбеков

49.Елтаңбаның авторы? Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

50.Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов. Н.Назарбаев



II кезең «Рәміздерім мақтанышым»

-Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі,әділ қазы алқаларының алдындағы қағаздарды алып,сол бойынша топтасып жұмыс жасайсыздар.

Сіздер тапсырманы орындап болғанша кезекті _____________ ____________________ орындауындағы _____________ күйіне берейік.Қарсы алыңыздар.


Кезекпен келіп сұрақты не тапсырманы оқып жауап беріңіздер.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан есептеледі.


1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.(Ту, Елтаңба,Гимн)

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.(Көк, сары)

3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.(Екі рет)

4.Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі (Жұлдыз)

5.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл (1992 жыл)

6. Мемлекеттік рәміздер күні (4 маусым)

7. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс (Қыран бүркіт)

8. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар (Қанатты пырақ)

9. Мемлекеттік Әнұранның авторлары?

- Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

10.Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды

-«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.


11.Тудың авторы ? -Суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.


12. Елтаңбаның авторлары ? -Ж Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.



Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар: Елтаңба Байрақ Әнұран

Ел Бай Ән Таңба ай Ұр Таң қар Ұн Аң ар нан



Рәміз дегеніміз не?– белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады.Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Ту ненің белгісі? – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Елтаңба ненің белгісі? – мемлекеттік мөрлерде,ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.

Гимн дегеніміз не? – өлеңге жазылған салтанатты ән.

III кезең – «Шабытыңды шыңда»

Бұл кезеңде қолдарыңызға сурет беріледі, сол суреттегі бейнені әр шумаққа қоса отырып өз ойларыңыздан өлең шығарасыздар.Өлеңнің ұйқасы мен мағынасына аса назар аударылады,сонымен қатар суреттегі бейнелердің болуы міндетті түрде есепке алынады.Шумақтар саны өздеріңіздің шеберліктеріңізге байланысты,3 минут уақыт беріледі.Ең жоғарғы бағалау 10 ұпай.



Қорытынды сөз кезегін әділ қазыларға берейік. Бүгінгі «Ел рәміздері-ел рухы» атты интеллектуалды ойынымыз өз дәрежесіне жетті, ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз.Ойынымыздың соңын ҚР мемлекеттік әнұранымен аяқтайық.Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!