«Ел тілегі-Тәуелсіздік!» тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ел тілегі-Тәуелсіздік!» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н.Исламбек:1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 32 жыл толды. Бүгінгі «Ел тілегі-Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 

Альбина. 2-жүргізуші:
Әнұраным жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым 
Мәңгі бақи шырқалады.    

Мемлекеттік ән ұран орындалады.

1-жүргізуші:
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді айта бергім!

2-жүргізуші:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз

1-жүргізуші
Тәуелсіз Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

2-жүргізуші

Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.  Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық  тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды. 
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
1-жүргізуші
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты жалған жаламен 99 адам сотталып, 264 адам жоғарғы оқу орнынан қуылып, әртүрлі жазаға ұшырады. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсан Желтоқсан құрбандарын еске алу күні, Тәуелсіздік мерекесі болып жарияланды. Міне, 1991 жылы жарияланған тәуелсіздігімізге бүгінде 32 жыл толып отыр.

2-жүргізуші
Тәуелсіздік батырлары азаттық жолында құрбан болды. «Болашақ ұрпақ біздей күңгірт әлемде емес, күннің көзін көріп өссін, еркін болсын» деп армандап қана қоймай , осыны мақсат тұтты емес пе? Ал біз, батырлардың ұрпағы , олардың рухтарын қастерлеп жүрміз бе?  Сол бір заманда біз өмір сүрсек , Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сынды өр мінезді батырлар ел арасынан шығар ма еді? Иә, мұндай заман болса да, елім  деп еңіреген ұлтжанды азаматтар табылмақ. Қандай қилы заман болса да, қазақ , қазақ болып қала бермек. Елімізге деген асқан сүйіспеншілік біздің қанымызда бар дүние.


Олай болса барлығымыз экранға назар аударайық.


Желтоқсан алаңы - Мұхтар Шаханов.Муса

 Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...
Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,
Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.


1-жүргізуші

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым,

Түсті бақыт жолыма

Менің қайсар қазағым!

Мен тәуелсіздік құрбандарына басымды иемін, рухына иіліп тағзым етемін. Алаңсыз білім алып, балалық шақтың тәтті дәмін татуымыз –тек cолардың арқасы.


Ата-бабамыздың бізге «тәуелсіздік» деп аталатын аманатын ұрпақтарға жеткізуге міндеттіміз. Өйткені біз Тәуелсіз ұрпақпыз, тәуелсіздіктің ұрпағымыз. Біз-еліміздің болашағымыз!

1оқушы:Раяна
Желтоқсан туып, 
Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім,
Үзіліп кетуге шақ қалып...

2оқушы: Мадияр
Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан – зары боздаған көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара.
Бүгінгі мен кешегің.

1-жүргізуші:
Зар-мұңның әні барма сен айтпаған?
Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген?
Тербетіп тұрса болды жер бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа
Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!

2-жүргізуші:
Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанмен, оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған теңдік талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.

3-оқушы: Жантөре
Өсер алдың қай уақытта да бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоксанның мұзаға жанған алауы.
Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиіс емес еңкеюге жалауы!

4-оқушы: Аделя
Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік – жүректерде тұншығып
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Мектебіміз алға шығып өмірде
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады!

1-жүргізуші:
Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз жерін жатқа сыйламаған және сатпаған халық.Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай үшін жанын жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін үзген.
Сол марқасқа батыр бабаларымыздың өмір өткелдерін, ерлік жорықтарынан деректер білу – ұрпақтарға парыз міндет.

2-жүргізуші:
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,
Қызы – қайратты, 
Халқы – қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді де, 
Қаныңды да, 
Жаныңды да аяма!

 1-жүргізуші
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Оқушы:  Бұлт баспасын күнімді                        «Ту» суреті
Оразбек  Тарылмасын өрісім.
     Биік ұстау Туымды-
    Қасиетті борышым.

Оқушы:     Бабам тұлпар жаратты    «Елтаңба» суреті
Раяана     Құлынын да танып ақ
     Тұлпар барда қанатты
     Шайқалмасын шаңырақ.
        Тәуелсіздік көркі ол да,
                  Өрке ниет өрінде
                  Нұр төгеді Елтаңба
                  Ақ Орданың төрінде.


Оқушы:     Батырлыққа уызынан жарыған
Аят    Ер түркіні байрағынан таныған
     Өзі ақын, өзі әнші халықта
    Кім айта алар
    Болмаған,- деп - Әнұран?!


Оқушы:  Ел болдық егеменді, теңдік алып,Сұлтанмахмуд
Бар әлем қазақ елін болды танып
     Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
     Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаев» суреті.


Оқушы:   Атыңнан айналайын егемен ел,  «Туған ел» суреті
Али          Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!
                   Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы:   Халқымның мақтанышы - алып тұлға.      
 «Бәйтерек» суреті
 Алихан  Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
     Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
     Ұқсайды менің асқақ арманыма.


Егемен елімнің ертеңі деп, А.Ақниет
     Елбасы баға берді жастарыма
     Оқу оқы, білім ал, елің үшін
     Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.


Оқушы:   Көз қуанып күн сайын көркеміне,
     Көңіліміз сенеді ертеңіне  
 «Астана» суреті
     Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
     Таңым ғана лайық ел төріне.

2-жүргізуші: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,       
    Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
    Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
     Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

 1-жүргізуші: Отаным – Қазақстан туған жерім,
     Мұнай мен газ болады асыл кенім
    Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
    Артамыз елбасына үлкен сенім.



Іңкәр Тәуелсіздік тұғыры

Тәуелсіздік - бұл менің бостандығым,
Он алтыншы желтоқсан тосқан күнім.
Ұрпақ көрсін еркіндікті деп күрескен,
Алты алаштың баласы қосқан үнін
Тәуелсіздік - бұл менің қазақтығым,
Келді кеше аңсаған азаттығым.
Желтоқсанның ызғарлы аязына,
Барлық қазақ өткізді азап күнін
Тәуелсіздік - бұл менің қуанышым,
Елім жеткен бүгінгі жұбанышым.
Қазақ елін қансыратып талап кетті,
Бодандықты қаламайтын ұран үшін.

Тәуелсіздік - бұл менің әділдігім,
Қазақ жұрты осыған кәміл бүгін.
"Тәуелсізбін!" деп мәңгіге жырлар едім,
Көмсе дағы қара жерге тәнімді кім.

Тоңғандарын қалың қыста сезінбеген,
Қиналғаннан жүректері езілмеген.
Отан үшін жан берісіп, қан төгісу,
Өмірдегі ең бақытты сезім деген.

Тәуелсіздік биіктегі тұғырым,
Есте сақтап қаламын тәуелсіздік ұғымын.
Абыройы асқақтаған азат елім,
Қазақстан Отанымның ұлымын.

Тәуелсіздік - бұл менің аманатым,
Тәуелсіз ел Қазақстан саналатын.
Тарихының тамырынан бастау алып,
Тәуелсіз боп мәңгілікке бара алатын.

Өткен ғасыр сұрапыл заманыңда,
Қадір тұтпай құрбандарды қаламын ба...
Отан үшін қасық қаның төккен жастар,
Күш көрсеткен желтоқсанның алаңында.


Әсем

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын! Базарбай Исаев

Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат, Мақсат
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!


Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?!
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!


Тәуелсіздік перзенті Бақытжан Тобаяқов Р.Исламбек

Тәуелсіздік! Ата-бабам аңсаған,
Қаншама жыр арнады екен жан саған.
Көк байрағым желбіреген сәттерде
Қадамыңа Қазақстан тамсанам...

Астанам-ай!
Бас қалам-ай, бас тұғыр,
Шаттық кернеп көздеріме жас тығыл.
Шаһар қандай-түс көргендей!
Көңіл-дөнен
Шалқып-тасып кемерінен асты бір.

Сонда тұрам,
Сондықтан да мақтанам,
Ақжарма күй ағыл-тегіл ақтарам.
Күллі әлемдік астаналар шеруін
бастап кетті байтақ менің бас қалам.

Сусындаймыз білімменен сарқылмас,
Ертеңгі істер өркендерден артылмас.
Кел, бірігіп кірпіштерін қалайық
болашаққа жол ашатын, аршын жас!

Тәуелсіздік әні Аниса

Ата-бабам аңсаған
Азаттықты қарсы алғам.
Жер-жаһанға, ғаламға
Бостанмын деп жар салғам.

Құлдық сана-тамұқтан
Құтылдық қой қамыттан.
Қазақ өзін паш етіп
Бар әлемге танытқан.

Азаттықтың ұраны
Алаш еді жыр-әні.
Қалықтайды көгімде
Еркіндіктің қыраны.

Қуғын-сүргін, зұлматты Альбина
Көрді қазақ тым қатты.
Азап-тордың құрсауы
Арқамызға шын батты.

Желтоқсанның ызғары
Қариды ғой бізді әлі.
Құрбан болған құрбы үшін
Жүрегіміз сыздады.


Тәуелсіздік! Тәу етем,
Әуелетем, әндетем.
Азаттықтың ақ таңы
Өлшенбейтін мәнге тең


2-жүргізуші
 Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
     Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
    Самғап жүрсек бостандықта, биікте
    Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Мектебімізде өткен патриоттық әндер сайысында 2-ші орынды иеленген Серікқали Сұлтанмахмудты ортаға шақырамыз.

Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны»


1-жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, 

32 жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 

Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 

Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 


"Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік.

«Тәуелсіздік әні» орындайтын Исламбек


2-жүргізуші: Келесі орындалар би Ақтөбе қаласында өткен би жарынсында 1-орынды иеленіп келген Даниярды ортаға шақырамыз.

Би: «Лезгинка»


Би: «Қазақ биі»


1-жүргізуші:Мектебімізде өткен «Фариза оқулары» көркем сөз сайысында 2-ші орын алған Құрал Дамирды ортаға «Ақжайық» өлеңімен ортаға шақырамыз.



2-жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім. Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні.


Ортаға Әжігерей Ақниетті шақырамыз.Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін»


2-жүргізуші: Оқушылар Келесі кезекте топперге саяхат жасаймыз.Мына топперлерді таңдап алып,өз ойымызды айтайық.


1-жүргізуші:

 Бұлт баспасын күнімді                        
  Тарылмасын өрісім.
  Биік ұстау Туымды-
  Қасиетті борышым.


Олай болса келесі шырқалатын ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын хор.


2-жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.


1-жүргізуші: Иә.... Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. 


2-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек. 


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен біздің бүгінгі «Ел тілегі-Тәуелсіздік!" атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2024
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі