400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елбасы - ел мақтанышы" Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сценарий 1-желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағатына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЕЛБАСЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ»



Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

Көрнекілігі: шарлар, суреттер, буклет, кітап көрмесі

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел мақтанышы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

2-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорына берейік. /Сөз кезегін мектеп директоры алады/

1-жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!


2-жүргізуші:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!


1-жүргізуші: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайаткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.

2-жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1-желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс-шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші:

Азаттық, теңдік әлемі,

Шаттыққа елді бөледі

Тағдыры тарих өрелі

Көк Тудың желбірегені!

Ән «Көк Ту». Қабыл алыңыздар.

(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп, ортаға шығып «Көк Ту» әнін айтады).


1-оқушы: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

2-оқушы:

Елі үшін көтеріп нар жүгін де

Сенімі нық сезілетін үніңде

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?! – дей келе

«Қазақстан Республикасының Президенті өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық – асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Әбішұлы қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұтас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

3-оқушы:

Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта

Қалар анық өшпес алтын әріппен.

4-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата – баба рухына.


5- оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Оған әжесі Мырзабала, Нұрсұлтан деп ат қойды. Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.


6-оқушы: Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Әке-шешесі Іле Алатауы баурайында ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.


7-оқушы: Сіздерді енді «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесімен таныстыра кетсек. Бұл жерде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз туынды еңбектері мен ол жайында жазылған кітаптар көрмеленген. Өз туындыларына тоқтала кетсек. Олар: «Еуразия жүрегінде», «Мен өз халқымды сүйемін», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл» және т.б.

Елбасы туралы жазушыларымыздың жазған еңбектері: Қасымбеков М.Б., Молдағаринов А.М. «Біздің Президент», орыс тілінде «Наш Президент» , Николай Зенковичтің «Назарбаевтай болғым келеді», орыс тілінде «Быть таким, как Назарбаев» әңгімесі, Аяған Бүркітбай мен Ауанасова Алиманың «Казахстанская модель. Строительства Государства» деректі певесті, Махмуд Қасымбековтың «Нурсултан Назарбаев. Биография» т.б. еңбектерді атап өтуге болады.

(Осы аталған кітаптарды қолына ұстап көрсетеді. Өз еңбектерінен 2 кітапқа, Елбасы туралы жазылған екі кітапқа қысқаша шолу жасайды).


8-оқушы: Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сарыарқа әні», Музарт тобы орындайтын «Үшқоңыр» әні, Бекболат Тлеухан орындаған «Елім менің» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әні.


Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)


9-оқушы: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.

Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

10-оқушы: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.

11-оқушы.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

12-оқушы.

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.

13-оқушы

Елім бар қазақ деген айбыны асқақ,

Жерім бар Арқадайын құшақ ашпақ.

Арқаның төріндегі Астананың,

Мерейі үстем болсын болман мақтап.


Басы болған елімнің-Әз Астана,

Бағы болған елімнің-Жас Астана.

Жас қаласы елімнің һәм әлемнің,

Құты болған жерімнің-Бек Астана.


14-оқушы: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Ендеше Қазақстанның болашағы біздің жастардың қолында».


15-оқушы: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!



Қорытынды: Барлық оқушылар біртіндеп кезекпен айтады.

• Қорыта келе, Н.Назарбаев қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

• Экономика ғылымдарының докторы (1993)

• ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

• Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

• Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

• Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

• Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

• Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

• Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

• ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

• Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды



1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар

Барлығы: «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
6428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі