Елбасы -
елдің тірегі
Мақсаты: а)Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант
иесі, құдіретті тұлға екенін
таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді
мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын
асқақтатқанЕлбасының кісілік келбетін
меңгеру.б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі
алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі:
Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәде-сыйлықтар,
әнұран,интерактивті тақта, буклеттер, шарлар т.
б.
Түрі: тәрбие
сағаты
Кітапханашы: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар!
1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне
орай өткізіліп
отырған « Елбасы – Елдің
тірегі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер! - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын
сүйетін ұлтжанды азаматтың жоғары санатта тұрғанын көрмеу, оны
сезінбеу мүмкін емес. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын
биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене
тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің санына тұрғызып, санатына
қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық
қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те,
перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты
да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы
ең бақытты халық. Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты
елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер
атқарылып келеді. Қалалар, аудан ауылдар көркейіп келе жатыр.
Мысалы өзіміздің ауданымызды алайықшы балалар біздің Күршіміміз
қандай қазіргі уақытта? Міне осы бақыттың барлығы еліміздің
бірлігінің арқасында болып жатқан жақсы
жағдайлар.
Әнұран
Біз бүгін тәрбие сағатымызды сайыс түрінде
өткіземіз.
Біз сайсымызды бастамас бұрын бір-бірімізге
жақсы тілектер айтып сәттілік тілеп
алайық.
Енді екі топқа бөлініп сайысымызды
бастайық.
1 «Атамекен»
тобы
2 «Туған жер»
тобы
Іске сәт сайысымыз
басталды.
1 Сенің елің
қандай?
Біз қазақ еліміз. Байрағымыз көкте желбіреген
тәуелсіз мемлекетпіз. Елтаңба әнұран Елбасымыз бар бай бақуатты
елміз.
2 Тәуелсіздігімізді қашан және қалай
алдық?
«Атамекен»
тобы Дінмұхамет Қонаевты алып
орнына Геннадий Колбиннің бірінші хатшы болып келуіне студенттер
мен жас жұмысшылардың наразылығы бейбітті шерумен басталып, соңы
милициялар мен студенттер арасындағы қатаң қақтығысқа ұласқан
тартыс үш күнге жалғасады . Алматыдан бөлек, қозғалыс
Қазақстанның басқа қалаларында да өтті. 1986 жылғы желтоқсан
оқиғалары Қазақстан Республикасының егемендігінің жаршысы ретінде
еліміздің тарихында қалған.
«Туған жер»
тобы
1991 жылдың 1 желтоқсанында
тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау
нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98, 7 жеңіске жетті.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп
Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз
әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін
танытты.
Елбасы деген
кім?.....
«Атамекен»
тобы: Видео. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде
1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында
туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда
өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету
керек болды, шөпшек теріп, отын
жарды.
«Туған жер»
тобы 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы
Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Өзі еске
алғандай, Елбасымыз өсірген аз-маз өнімдерін сатып,
үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы
теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті
жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
«Атамекен»
тобы: 1967 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты
жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді.1967 – 1973
жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді. •
1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия
- комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973 –
1977 жылдары – Қарметкомбинаттың партком хатшысы • 1977 – 1979
жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 -
хатшысы. • 1979 – 1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық
Комитетінің хатшысы. • 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР
Министрлер Кеңесінің
төрағасы
«Туған жер»
тобы: 1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК
бірінші хатшысы. 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР
Жоғары Кеңесінің төрағасы
болды. •
«Атамекен»
тобы
Әнге толсын барлық қала ауыл
бар
Қағылсын бір барабандар,
дабылдар
Елбасының туған күнін
ардақтау
Бәріміздің борышымыз,
бауырлар
«Туған жер»
тобы
Қазақ елі желбіреп көк
байрағың
Гүлге оранды ауылың мен
аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге
бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан
таймағын.
3 Сөзжұмбақ құрастыру. Екі топ бірі
-бірлеріңе елбасы күніне орай сөзжұмбақ
жасырасыздар.
«Атамекен»
тобы
«Туған жер»
тобы
4 Елбасы туралы слайтқа назар
аударайық.
5 Елбасы күнін қалай суреттеп
бересіздер?
Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ.
Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер
төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған
Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ
халқының басынан не өтпеді, не көрмеді. Міне сол қиындықтың
барлығын артқа тастап бүгін бақытты елге
айналдық. Халықтың бағы баянды болсын – дей келе тәрбие
сағатымыз аяқталады. Баршаңызға үлкен
рахмет!