Материалдар / «Елбасы бағыты-еліміздің бағыты»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Елбасы бағыты-еліміздің бағыты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялады.Елбасының кезекті жолдауы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
195
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Елбасы бағыты-еліміздің бағыты»



Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялады.Елбасының кезекті жолдауы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мәселесі бойынша мәлімдеме жасады.Білім саласы басты назарда екені жолдауда айқын байқалды. Әсіресе, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты артуы, ұстаз еңбегінің еленуінің бір белгісі болып табылады. Президент осы мақсатта биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Президент оқу орындарының үздік оқытушыларының бейнесабақтары мен бейнелекцияларын интернетке орналастыру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздарға қолжетімді әрі пайдалы дүние болары анық. Сонымен қатар бұл ауыл мен қала білімін теңестіруге жағдай жасайды деп ойлаймыз.Елбасы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет екенін айта өтті.. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттерден арылтуға тиіс.   Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен бірге денсаулық саласына үлкен назар аударды. Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет екенін айтты. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды. Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Әрине, бұл бағдарлама ұстаздар, медицина қызметкерлері,полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады.Жекелеген кәсіпкерлерді қолдауымыз қажет. Кәсіптің дамуы арқылы қазақстандықтардың әл-ауқаты артып,дамыған 30 елдің қатарына қосылудың мүмкіншіліктері көбейе түседі. Елбасы өзі әрдайым пайдаланып жүрген, елімізде өндірілген киімдерді,азық-түлікті сатып алуға кеңес берді.Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып,еңбек етуге тиіспіз. Біздің мақсатымыз-еліміздің бақыты.Гүлденген,болашағы берік,дамыған Мәңгілік Ел болу.





Кітапхана меңгерушісі: Байжуманова С.Т





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!