Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған
сценарий
Фанфар ойналады. Оқушылар
мен жүргізушілер қатар шығады.
Оқушылар сәлемдемесі
Күнге беттеп бара жатыр көш
жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Бар әлемге шын танылдық міне,
біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан -
Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық,
қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
1 жүрг. Ардақты ағайын,
1991 жылы 1
желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп,
ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.
Яғни,
өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1
желтоқсан –
мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2
жүрг. Жоғары Парламенттің бекітуімен
2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні
мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты
оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған
бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы
сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені
тойлағалы отырмыз.
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
1
жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш
Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп
жарияланады.
Г И М Н
2 жүрг. Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Ән: «Көк тудың желбірегені»
орындайтын: Ғалымжан
Ахметов
Көк Тудың желбірегені –
әнге ту ұстаушылардың шеруі
өтеді.
(Ту ұстаған жастар залдың 2
жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
1 жүрг. Қазақстан
Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау
сөз аудан әкімі Ибрашов Мәлімбет Ерғалиұлына
беріледі.
2 жүрг. Келес кезек
«НұрОтан» партиясы қатарына қабылдаушыларға партиялық билет тапсыру
рәсіміне беріледі.
1-Жүрг:Ел тынысын тереңінен танып
кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Концерттік
бағдарлама
1-Жүрг:Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Назарларыңызға аудан өнерпаздарының мерекелік концертін
ұсынамыз.
2-Жүрг: Беу, Туған жер! Сен ыстықсың
біздерге.
Мыңдаған дастан жатыр Халқым
басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз
алмай
Даналықтың жырын жастар іздер
ме?
«Елбасы» әні Сахнада
Мейрамгүл Ерішова
1-жүрг:Жыр жазам деп талпынады
жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас
қалам.
Жүрегінің түкпірінен
шығарып
Әннен шашу болды оған міне бір
арман – деп
«Тәуелсіздік таңы»
орындайтын Гүлайым
Прмағанбетова
1-жүрг:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып,
оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де
әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі
заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына
да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында
жетті.
2-жүрг:Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы
Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел
дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ
біздер жақсы білуіміз керек.Елбасының тағы бір асыл
қасиеті өнерге құштарлығы. Н.Назарбаевтың
«Үш қоңыр»
әні
1-жүрг:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –
Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,
халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен
мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан
тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен
сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы,
тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.
2-жүрг:Елбасы — халықаралық
қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен
терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын
саясаткер.
Сахнада Әсел Жұмағалиева
Орындайтын әні «Елге тілек»
«Айналдым
елім»
1-жүрг:«Мен өз халқымның жолында
басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін
осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне
көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің
пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың
қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық
ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар
қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да
тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Туған жерге арналған
керемет әнді қабыл алыңыздар! Орындайтын Сұңғат
Байнақатов
2-жүрг:Бұл дүниеде біздің бір ғана
Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық
Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз
тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз
халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа
баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Сахнада Рауан Әбдішайым
«Елбасы елдің тұтқасы» әнімен қарсы
алыңыздар!
1-жүрг:«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
2-жүрг:Туды ұстап тура жолға
түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
«Шұғыла» халықтық би
ансамблі
2-жүрг:
Бүгінгі Астананың нұры
қандай!
Көгінде желбіреген Туы
қандай!
Еуропаның төрінде билік
айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды
ұғынардай.
«Жүрегім қазақ» әнімен
Ердәулет Жонысовты қарсы алыңздар
1-жүрг:
Сан ұлттың басын қосып
Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай
берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей
отырып,
Келесі ән елбасыға
арналады. «Қазағым» әнімен Рауан
ӘбдішайымКонец формы
1-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан
соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды.
Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін
көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып,
Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға
күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен
Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың
аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге
жеткізді.
Ән:«Астана» орындайтындар
Мейрамгүл Ерішова Гүлден Манарбекқызы
2-жүргізуші: Бүгінгі күн бізге оңайлықпен
келген жоқ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз,
ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз,
дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды
алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не
көрмеді.
2-жүрг:
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне
жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ
екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік
болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты
болсын!