Қостанай ауданы затобол кенті әкімдігінің
аппараты ММ «Гүлдер»
бөбекжай –бақшасы КМҚК
Тәрбие сағаты тақырыбы:
«Елбасы
елімнің»
Тәрбиеші: Бохай Р
Затобол кенті 2018ж
Білім беру
саласы: «Коммуникация-сөйлеуді дамыту»
«Әлеуметтік» Тақырыбы:
«Елбасы-елімнің»
Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігі
туралы мағлумат бере отырып, Тұңғыш елбасы Назарбаев Нұрсұлтан
Әбішұлы туралы танымдылығын арттыру. Еліміздің тәуелсіздігі туралы
білімдерін кеңейту. Елбасының ұрпаққа деген жан жақты ізгі істері
туралы айтып түсіндіру арқылы Отансүйгіштікке патриоттыққа
тәрбиелеу.
Педагогикалық
технологиялар: Суреттер,
призентация
Ресурстармен қамтамасыз
ету: АКТ фильм
Алдын ала
жұмыстар: көрсету, түсіндіру өмір баян
оқып беру Билингвалдық компоненті:
әдіс тәсілдер: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,
Нұрсұлтан Назарбаевтің балалық шағындағы кино үзіндісін
көрсету. 1. Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы: әңгімелеу.
Шаттық
шеңбері:
Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.
жарайсыңдар!
-Балалар біздің еліміздің призиденті, еліміздің
–ел басы кім?
Негізгі
бөлім
Тосын сәт: Слайдтан
ғаламшардан келген Томпақ көрінеді.
Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің
атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде
мереке, біздің еліміздің – президент
күні.
Томпақ:
- Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
- Балалар, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас бұрын өз тобымыз туралы
айтып өтейік.
1 -
топ. «Астана»тобы.
- Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында –
Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы,
резиденциясы, «Думан» ойын – сауық орталығы
бар.
2 -
топ. «Алматы» тобы.
- Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласында –
Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25
мұражай және апорт алмасы бар.
3 -
топ. «Ақтау» тобы.
- Ақтау - Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтау қаласында
Жантурин атын - дағы драма театр, көптеген кинотеатрлар, «Ақтау»,
«Ардагер», «Бәйтерек», ойын - сауық кешендері және Каспий теңізі
бар.
Томпақ:
- Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер,
енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
- Балалар, Отаныңыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
- Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
- Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы
оқыған, ұшқыш болуды армандаған.
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге
сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы.
- Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан
Республикасының рәміздерін білесіңдер
ме?
Сергіту
сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Қазақ жігіттері» әніне
билейміз.
- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері
жайлы барлығын біледі.
Томпақ: Менің кететін уақытым болды мен сендерден өз елім туралы
көп білім алдым. Енді сендерге мына бір Елбасы –балалық шағы туралы
фильмді силаймын.
Балалар кинода Елбасымыз қандай бала
болған?
Ол өсе келе қандай болған?
Енді сендер біздің призидентіміз Нұрсұлтан Н Ә
туралы не білдіңдер?
Қортынды:
-
Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Томпақ бізге риза болды ма?
- Томпақ бізге не сыйлады?
Елбасымыз кім екен?
-
Бізде Елбасымыз сияқты ақылды, білімді, Отан
сүйгіш болып өсеміз бе?
Жарайсыңдар!
Дәптермен жұмыс: «Астананың ғимараттарын
белгіле»