"Елбасы және тарих" тақырыбындағы эссе жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елбасы және тарих" тақырыбындағы эссе жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
1-желтоқсан "Тұңғыш Елбасы күніне" арналған "Елбасы және тарих" атты эссе жұмысы. Бұл эссе (шығарма) жалпы аудиторияға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Елбасы және тарих »


Ата - бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті – Нұрағам, - деген өлең шумағымен бұл шығармамды бастағым келеді. «Елбасы» , « Тарих »

Өткенге көз жүгірту, зерттеу – ол халқымыздың қанына біткен , қалыптасқан дүние.

Неге ?

Өйткені біз, қазақ халқы өзіміздің шыққан тегімізді, ділімізді, тілімізді, дінімізді, өткен тарихымызды білуіміз шарт. Ол тазалық үшін, жан-жақтылық үшін және болашақ ұрпаққа салауат айту үшін. Салауат айту демекші, қазақ халқы момын, жәй жатқан ел. Осындай «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» кенеттен қазақ жастары , студенттері күнделікті кешкісін ары – бері жүріп, өздерінше жоспар құрып жатты. Ол кісілердің басты көздеген мақсаты біреу-ақ еді. Ол – тәуелсіздік. Тәуелсіздікті аңсаған халқымыз үшін бұл бір игі бастама еді. 1986 жылы Алматы (Верный) қаласы «қызыл алаң» мәңгі естен кетпес оқиға болып қала берді. Қолыма қалам алғызған да осы қызыл алаңнан бастау алған Елбасы тарихы еді. Қанды қырғынның ортасында қазақтың қара көз қыздары мен қылшылдаған, елім деп еңіреген жас жігітері еді. Сол жастардың тілеуі де өз алдымызға ел болып, өз-өзімізді басқарсақ деген асқақ арман тұрды. Сол қылшылдаған жастар, биік арманға қол жеткізді. Бірақ , бір өкініштісі өздерінің жанын пида етіп, ата – аналарын, бауырларын аңыратып кете барды, қыршыннан қиылды.

«Тәңірден келген тәтті сый» болып 1991 жылы тәуелсіздік алдық . Тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты халық елбасы ретінде ықыласпен сайлады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан шаңырағында дүниеге келген екен. Әжесі Мырзабала : "Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын", - деп есімін қойыпты. Әжесі Мырзабала Сұлтанның азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Сұлтан мектепте үздік оқушы болады. Әке - шешесі бабалар тарихынан сыр шертетін әңгімелер мен әндер айтатын. Елбасы туралы кітаптан оқып, білдім. Сонымен қатар кинофильдерін де көрдім. Сұлтанның ертерек есейіп, үлкендерше ой түйетіндігі, аспанға қарап жүріп, армандайтыны, оның арманының орындалуына қызықтым. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңға қол қойды. Осы кезден бастап біздің Қазақстан мемлекетіміз толықтай өз аумағында билік ететін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтайтын және жүргізетін тәуелсіз демократиялық мемлекет статусына ие болды. Бұл дегеніміз, «Желтоқсан оқиғасындағы» жастарымыздың арманы орындалды деген сөз еді. Бүкіл халық болып , ел болып қуанды. Елбасының мемлекет басқарудағы сарабдал саяатының арқасында сыртқы мемлекеттермен тығыз байланыста болып, жаhандану заманында импорт, экспорт науқаны да дамыды. Халық еңсесін биік көтеріп, біршама озық мемлекеттермен деңгейлес болды. Отыз елдің қатарына қоысылып, міне бүгін тәуелсіздігіміздің орнағанына да 30 жыл толып отыр. Елбасымыздың тәуелсіздікпен күрес жолында атқарған қызметін тілге тиек етпесек , халқы үшін жасаған жақсылығын паш етіп, болашақ ұрпақтар бойына дарытпасақ елдігіміз қайда ?!

Шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізді. 1991 жылы 20 тамызда Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы шықты.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » ҚР Заңы қабылданды. Осы күні ҚР тәуелсіздігі жарияланып, ең қызығы осыдан 45 минут өткен соң Түркия елі ең бірінші болып ҚР тәуелсіздігін таныды. Осылай Қазақстан мемлекеті әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты ел пайда болды. Біздің осы өткен тарихымыздың өзі қызықты емес пе ?!

Осы жылы қазақ елінде дүбірлі той. Тойымыз тойға ұласып, халқымыз мәңгілік жасай берсін !

Менің жас достарымды, туған бауырларымды, бүкіл Қазақстандықтарды еліміздің өткен тарихын білуге сонымен қатар Елбасымыздың салып берген сара жолымен қысқаша болса да осылайша таныстырғым келеді. Сөзімнің соңында , Елбасы секілді елін сүйген, жерін сүйген ұрпақ болайықшы демекпін.





Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті №85 мектептің 7 «Б» сынып оқушысы Шынболат Мархабат

Жетекшісі Төретам кенті №85 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакипова Назира Оразхановна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2021
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі