«Жаңғызтөбе орта
мектеп-
балабақша кешені»
КММ
Тақырыбы:

Жумабаева Эльмира
Серікқазықызы
2017-2018
Жаңғызтөбе
кенті
«Елбасы және Тәуелсіз
Қазақстан»
Өз елім менің, өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін. Төрім деп менің, жерім деп менің Соғады мәңгі
жүрегім- деген әсем ән әсері менің жүрегімді керемет күйге бөлеп
барады.Көкірекке қуаныш сыйлаған бұл уақыттың барша қазақстандықтар
үшін маңызды екенін білемін, байқаймын. Президенттік сайлау
бүкілхалықтық қолдауға ие болды, тілегі бір, мақсаты ортақ
халқымның таңдауы бір арнада тоғысты, көңілдерде күй тартылып, әсем
ән қалықтады.Тәуелсіз елдің тарихында болашақты айқындайтын тағы да
бір парақ ашылды деуге болады. Тарих тұлпары тәуелсіздікті
тізгіндеп, заман көшінде қазақ жұрты тағы да
озды. Түбі озамыз, Құдай бізді қолдаса! Тау
да аласа, оған бақыт қонбаса! Кең даладан, бос даладан не
пайда, Бос далада Бостандығың болмаса! - деп
Қадыр ақынның бостандықты жырлауы ата-бабамыздың аңсаған асыл
арман- аманат азаттыққа үн қосып, аға ұрпақтың жас ұрпаққа артқан
сенімі еді. Ақын айтқан бостандық
басымызға қонған бақ болды. Жер бетіндегі қай халық үшін де
тәуелсіздіктен асқан ұлы мұрат жоқ. Сол тәуелсіздіктің арқасында
елдің кеудесі қайта көтерілді. Рухы қайта шалқыды. Алыс-жақын
атымызға анықты, затымызға қанықты. Тәуелсіз қазақ елінің басты
байлығы бостандығын бағалады. Бұл- сайын даланы ен жайлап, еркін
өмір сүрген халықтың бұғалыққа көнбес асау басының
бұлқынысы.Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып
замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт
қалпын сақтап қалғаны- оның еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің, асқақ
рухының арқасы. Ел басына қиын қыстау күн туғанда ерлері намыс отын
жағып, туған топырағын қорғағанына кешегі өткен тарих
куә. Отан! Қазақстан! Тәуелсіздік! Осы үш ұғымның
жолында қайсар қазағым ұрпағына қаһармандықтың қас үлгісін
көрсетіп, елі мен жері үшін сайын сахарада қарсы келген жауының
қаһарын қайтарды. Олар үшін ең қасиетті де
қастерлі, үкілеген тұмар- бостандық, еркіндік, тәуелсіздік
болды. Тәуелсіздік! Күш берді саяң маған. Өтті күндер кең қанат жая алмаған. Сөйлеп кеткім
келеді, Мағжандарша, Ақиқатты, ар жолын баяндаған, -
деген өлең жолдарын ойға алып, 1986 жылдың желтоқсанында бодандық
құрсауын бұзуға ұмтылған қара қазақтың қайсар ұл- қыздарының ақиқат
астарын ұғып, шындық бетін айқара ашып, асқан төзімділік
пен батылдықтың үлгісін көрсеткенін мақтана сөз
етемін.
Желтоқсан оқиғасы тарих қойнауында хатталып,
ұрпақ жадында жатталатыны анық.
Желтоқсанда жазықсыз жапа шеккен Қайрат, Сәбира,
Ляззат сынды ерлердің ісі қашанда бізге
үлгі. Асқан зорлыққа, өктем саясатқа
қарсы қаймықпай, қазағы үшін қар жастанды, мұз құрсанды, қорланды,
ар - намысы тапталды. Желтоқсан ызғары мен батыр аға-апаларымыздың
айбары естен кетер ме, сірә? Қашанда сана тәуелсіз болмай, ел
тәуелсіз болмайды.Өзгеріс алдымен санада басталып, содан соң өмірде
іске асады.Сондықтан да Желтоқсан оқиғасы- тоталитарлық жүйеге
қарсы сананың қозғалысы, «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбеуді»
мұрат тұтқан ұлттың негізін қалаған өресі кең өр рухтың қозғалысы,
бұл- ғасырлар бойғы әділетсіз үстемдік салдарынан жинақталған
ашу-ыза мен шер-шеменнің тарихи көрінісі. « Мен қазақпын, мың өліп,
мың тірілген», - деп Жұбан ақын айтқандай, тағдырдың талай тозағына
тап келген халқым «қазақ» деген атын тағы сақтап қалды. Еліміз еңсе
көтеріп, халқым қатарға қосылатын күн туды. Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев: «Біздің туымыз - Тәуелсіздік. Біздің мақсатымыз-
бейбітшілік және береке. Бұл әлемде бізде бір ғана Отан бар.
Ол-Қазақстан», - деп айтқан жалынды сөздері қазақстандықтардың
жүрегіне Отанға деген ұлы махаббат нұрын ұялатары анық. Бүгінде
Елбасымыздың көрегендігінің арқасында халқымыз дәуір сынынан
сүрінбей өтіп, егеменді ел болып жаңарды.Қатарластарынан оза шауып,
«еуразиялық барысқа» айналудың алғашқы нышандарын танытты. Осы
тәуелсіздігіміздің көш бастаушы, халық тағдырын сеніп тапсырған
тарихтағы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың есімімен
байланыстыруға толық хақымыз бар. Ел- Елбасыға тірек. Елбасы -
еліне қалқан.Салиқалы саясат ұстанып, қай істе де елге иек артты,
ақсақалдың ақылына, жастың жалынына сүйенді, сертіне берік болды,
антын ардақты етті. Менің елім-тәуелсіз Қазақстан. Жерім киелі,
бай, халқым мейірімді, жомарт. Қонақ келсе, қымызы мен қазысын
сыйға тартқан, төрін ұсынған, досына ас, жасына қайрат берген,
барға қанағат еткен халқым мен кіндік кескен жеріме деген менде
ерекше сезім бар. Ұлы далам ұлттық сезімді ұлықтап, ынтымақ пен
бірліктің ұясына айналып отыр. Туған мекенімді, тәуелсіз елімді
менің бала жүрегім мәңгілікке сүйіп өтеді, мақтаныш етеді.
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін - деп Мағжан ақын айтқандай, ел ертеңгі
жастарға сенім артуда. Ел болашағы-жас ұрпақ алдындағы үлкен
міндет- Тәуелсіздікті қолдан шығарып алмау. «Әлем бізді құрметтесін
десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнетімізді алдымен біздің өзіміз
бар сезімімізбен, ақыл ойымызбен ісімізбен, бүкіл қимыл
әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба
алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын естен шығармау
қажет» деген Мұстафа Кемал Ататүріктің аяқтай келе, болашақ ұрпаққа
«Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын » дегім
келеді.