400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елбасым-елімнің тірегі" тақырыбындағы эссе жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елбасым - елімнің тірегі


Аспан мен таласқан алып Алатаудың баурайында дүние есігін ашқан Елбасының арманы мен тілегі, мақсаты мен мұраты биік. Қазір еңсе тіктеп ел болып, әлемге аспан түстес көк туды желбіретіп, отырғанымыз елін сүйген Елбасының арқасы десек, артық айтқанымыз болмас?! Қазақ халқының тарихи Отаны, күні кешегі сақ пен ғұнның алтын бесігі, ата қонысымыз Қазақстанды, бүткіл әлем тәуелсіздік алғаннан кейін ғана таныды. Өткенде көз салып қарасақ, жоңғар шапқыншылығы, патша отаршылдығы, сталиндік нәубет, голощекиндік ылаң, фашистік қырғын, тоталитарлық теперіш сынды қазақ халқының кешпеген қасіреті, шекпеген тақсіреті бар ма, сірә?! Әсте, жоқ шығар?! Не көрдік? Не білдік? Нені бастан өткердік? Біз таныған ақиқат тарих беттерінде де ғана қалды.

Егемендік алдық, еңсе тіктедік, өзге елдерге еліміздің елшіліктерін аштық. Ғылым, медицина, спорт салалары бойынша әлемдік жетіктіктерге жеттік. Әлемге Елбасымыз Қазақ елін білімімен тәжірибесіне, ақылы мен парасатына, ар–ожданына сүйене отырып, өрге сүйреді, әлем таныған елдер қатарына қосты. Сағым жетпес сайын даламыз, ұшатын қанаты бар құс екеш құс түгел жансыз болат лайнердің қанаты талатындай шет-шегі жоқ, далиып, жайылып жатыр. Осынау кең байтақ Қазақ жерінің төрт құбыласын бекітіп, заңдастырған қандай жақсы?! Енді киелі жерге бөгденің тышқаны да жорғалап келе алмайды. Ал кімнің тұсында, кімдердің күшімен, ерлігі мен даналығымен ие болдық, осынау жерге?! Әрине, Назарбаевтай Елбасымыз, ол басқарған мемлекеттің, оны қолдаған қалың халық Қазақстандықтардың арқасында осынау бейбіт күнге жеттік. Осынау жеңіс–жетістіктің, егемендік-тің ұрыс–жанжалсыз, қантөгіссіз келгеніне әрі таң қаласың, әрі қуанасың. Қазақ жері – күллі қазақ баласының, бабалардың мәңгілік киелі бесігіне енді өзіміз иеміз. Елбасымыз басқарған саясат бастауынан белгі алсақ, 1991 жылы 16 желтоқсанда Нұрекең қол қойған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңына сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достығымыз дүниеге келуі, Қазақстанның БҰҰ–ның мүшесіне өтуі, Қазақстанның өз ұланы мен қарулы күштерін құруы, мұсылман әлемімен де қарым–қатынасты нығайтуы - Елбасының сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Төл теңгеміздің дүниеге келуі, әсем Астанамыздың бой көтеруі, білім мен экономика саласындағы жаңалықтар, бір төбе. Қазір мен - бақытты елдің, бақытты ұланымын. Татулығы мен бірлігі жарасқан көп ұлтты Қазақ елінде бақытты өмір сүріп жатқаныма қуанамын, шаттанамын. Ақын М.Құрманалиннің сөзімен айтқанда: Біздің елде бақытты ғой бар адам, Еркіндікті ешкімнен мен сұраман. Еңбек етем, білім алам, тынығам, Алтын Заңды жазылған бұл қағидам. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін өз мүддесінен артық қоятын Елбасының арқасында біз, Қазақ елі, мәңгілік ел болып қала береміз. Елбасымыз өзінің «Қазақстан 2050:«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – Қазақстан – 2050» Стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын», - деді. Сондықтан ата – бабамыз сан ғасыр бойы аңсаған тәуелсіздігімізді баянды ету – бәріміздің парызымыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген ниетпен өз ойымды жүрекжарды өлең жолдарымен аяқтағым келеді: Гүлденсін, көркейсін жеріміз, Бақытты болсын тек еліміз. Елбасым - елімнің тірегі, Біргеміз, мәңгілік бір елміз.




















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.02.2021
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі