Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Елді мекендер қандай болады? 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

29 Ю.Гагарин атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Жұматаева Динара Жуанышбекқызы

Әдебиеттік оқу

24.04.2018ж

3 «Д» сынып

Сабақтың тақырыбы

Төрт түлік туралы жырлар

Сабақтың мақсаты

Ауыз әдебиеті түрлерінің бірі - төрт түлік жырлары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.Ұжыммен ынтымақтаса бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу. Дарынды балаларды анықтау.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Тапсырмалармен жұмыс жасауға , талдауға үйренеді. Ұйымшыл болуға , сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Өз беттерінше іздену арқылы белсенділігі артады, бірін-бірі бағалауды үйренеді.

Сілтеме

«Мұғалімге арналған нұсқаулық», B

Негізгі мақсат

Сарқылмас қазына тарауын АКТ-ны пайдалана отырып, сыни көзқарасын қалыптастыру. Оқушының жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар бере отырып, дарынды оқушыларды анықтау.



Көрнекіліктер

Интербелсенді тақта, суретер. постер, маркер

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру

Әдіс-тәсілдер

СТО (сәйкестендіру, пазл құрастыру,тікелей эфир) , постермен жұмыс «Константинополь» әдісі, «Шеңбердегі доп», «Ауа-райы»әдіс, «Із кесуші» әдісі

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс –әрекеті:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу


1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар өз есімінің бас әрпінен басталатын жақсы қасиет айтуы тиіс.Бір-біріне сәттілік тілейді.Мыс:Мен жақсылыққа жанықұмар Жұлдызбын.

Суреттер арқылы топқа бөлу.Төрт түліктің пірлері арқылы бөлу.

Жұмбақ шешу

1.Екі айнасы бар, екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

бір шыбыртқысы бар.(сиыр)

2.Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ (жылқы)

3.Басында таяғы

Төрт аяғы бар. Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. (ешкі)

4.Кішкентай ғана бойы бар.

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Бағалау әдісі туралы түсінік беру.

Асықтар арқылы бағалау

Тіршілікке нәр берген

Өміріне сән берген.

Түйе ,сиыр, жылқы ,қой

Қасиетті төрт түлік

Қастерлеп оны қазағым.

«Мал жанның аман болсын » -деп сабағымызды жалғастырайық.

Оқушылар өз есімінің бас әрпінен басталатын жақсы қасиет айтады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектермен сәттілік тілейді.

Оқушылар жұмбақты шешеді.









Топқа бөлінеді

Қызығушылықты ояту

Ал, енді, балалар үй тапсырмасын еске түсірейік. «Тікелей эфир»
1.Бесік жырының тәрбиелік мәні неде?
2. Бесіктің қандай пайдасы бар?
3.Бесік жырынан үзінді айтып бер.
Миға шабуыл Пазл құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу .

Бірлесе отырып сабақтың тақырыбын ашады.


Мағынаны тану





























Сергіту сәті


































































Деңгейлік тапсырмалар

























Қорытынды




Рефлексия




Бағалау




Үйге тапсырма

Төрт түлік жырлары.

«Мал баққанға бітеді» дейді халқымыз. Ата кәсібі малға мұра. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Кең даланы малсыз елестету мүмкін болмаған. Қазақ жері мал өсіруге аса қолайлы. «Малым жанымның садағы, жаным-арымның садағысы» деген ата-бабамыз. Ендеше 1-тапсырма:
- Төрт түлік жайлы не білетініміз

жөнінде, ой қозғап көрейік.
Төрт түлік + төлімен

Төрт түлік + пірімен

Қазір «Төлін тап» , «Пірін тап» ойынын ойнайық.
Жылқы төлін қалай атаймыз? Түйе төлі....., Қой төлі..., Сиыр төлі... Ешкі төлі........

«Дауысынан ажырат» ойынын ойнайық.
Балалар бұл ненің дауысы? Тыңдап көрейікші.
Жақсы ( кісінейді, боздайды, маңырайды, мөңірейді).
Бұл ненің дауысы екен, түйенің дауысын естіп көріппе едіңдер? Бұл ерекше дауыс түйенің боздағаны екен.

«Кім жылдам» ойыны

Сәйкестендіру «Төрт түлікті қалай шақырамыз»

Оқулықпен жұмыс: 2 – тапсырма
Ал енді, оқулықтарыңды ашып, 1 - топ «Торы құлын» өлеңін, 2 - топ «Сиыр» өлеңін тізбектей оқып шығыңдар. Балалар сендерге түсініксіз сөздер кездессе қарындашпен түртіп қойыңдар. 1 мин уақыт беріледі.
Әр топтан бір оқушы тұрып, мәнерлеп оқып берсін.
- Кәне 1 - топтан кім оқиды? Балалар, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті. (Жұп - жұмыр, бұлтиып)
1 - топ: Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.
Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады.
2 - топ, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті?
(Оқыра, сәйгел, мөңкіген, жөңкіген деген қандай сөздер?)
- Бұл сөздердің мағынасын білетін балалар бар ма? Кәне кім біледі?
Сөздік жұмысы:Сәйгел, оқыра - жаздың ыстық күндерінде сиыр малына тиетін сона тәрізді жәндік.
Сәйгел - қуған сиырларда ес жоқ, құйрықтарын шошайта, көздерін шатыната тым - тырақай қаша береді, мөңкиді, жөңкиді, ашуланшақ болады.
Оқыра - сиыр терісінің астында өсіп жетілетін құрт және осы құрттан пайда болатын сәйгел. Ыстық - суыққа бірдей шыдамы жоқ сиырлар даладан оқыра қуып келсе, ауылда да тыныштық таба алмайды.
Мөңку - тулағыш, ашуланшақ, басын төменге жіберіп, артқы аяқтарын жоғары көтеріп тебінуін мөңку деп айтады.
Жөңку - үріккен мал, жосу, жүйтку, жекелену, кең далаға сыймай кету.Дәптерге осы сөздерді жазамыз.

3 –тапсырма «Мазмұнды сызбамен жұмыс» Топтық жұмыс

Қазір мен бес топқа тапсырма беремін. Ал енді балалар, 1-топ жылқы малын сипаттау.Жылқы малынан алынатын өнімдер. Жылқының етінен әзірленетін тағамдар.

2 - топ ал сендердің тапсырмаларың суретке қарай отырып, сиыр малын сипаттау.Сиыр малынан алынатын өнімдер. Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар. Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар.
3- топЕшкі малын сипаттау.

4- топ Қой малын сипаттау алынатын өнімдері.

Жұптық жұмыс
«Константинополь» әдісі бойынша «Жануарлар » сөзінен бірнеше сөздер табу.

«Із кесуші» әдісі арқылы сабаққа белсенді қатыспаған оқушыларды шығарып,тапсырмалар беру.



Төрт түлікке байланысты мақал-мәтел айту

1.Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

2.Қойдың сүті қорғасын, қойды соққан оңбасын.

3. Сиырлының үйі айран

4. Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.

Төрт түлікке байланысты тиым сөздер.

1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.

2.Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды .

3.Жас малдың тістерін санамайды .

4.Түнде мал санамайды, ешкімге мал бермейді.



«Кубизм» әдіс арқылы сабақты қорытындылау



«Ауа-райы» әдісі




1. Әр оқушыны бағалау

2.Топты бағалау



Төрт түлікті жаттау. Түрлері туралы ақпарат жинау













1-тапсырма бойынша оқушылар кезекпен интербелсенді тақтада сәйкестендіру әдісін пайдала

нып, тапсырма

ны орындайды.











Оқушылар мәнерлеп оқып, «түртіп алау» стратегия

сы бойынша сөздерге талдау жасайды.

















Интербел

сенді тақтадан видео тамашалау.





























Денгейлік тапсырма

ны сабаққа белсенді қатыспай отырған оқушылар орындайды.


Төрт түлікке байланыс

ты мақал-мәтел айтады.















Сабаққа қорытынды жасайды.


Оқушылар бұлтқа өз аттарын жазады


















.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2019
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12