Елдің
келешегі тілде
«Ғасырлар
бойы қазақтың ұлт ретіндегі
мәдени
тұтастығына ең негізгі ұйытқы
болған
- оның ғажайып тілі»
Н.Ә.
Назарбаев
Қазақ
елі тәуелсіздік алған тұстан бастап,
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе
алуының саяси, мәдени, рухани-әлеуметтік
мәні мол. Шындап келгенде, мемлекеттің
өзі ұлтты сақтау үшін құрылады. Ұлт
болудың басты шарты – ұлттық тілдің
болуы. Ұлттық тілді еш пенде қолдан
жасай алмайды. Тіл – Алладан. Тіл –
халықтың тарихи жады, танымы, ойы мен
сезім дүниесінің көрінісі. Тіл –
табиғатынан ұлттық құбылыс. Сондықтан
да кез келген ұлттың ерекше болмысын,
рухани байлығы мен мәдени дәстүрін тіл
арқылы тани аламыз.
Тілдің
дамуы немесе тұйықталуы мемлекетте
жүргізілетін тілдік саясатпен тікелей
байланысты. Сөйлеу тілін де, жалпы тілдің
өзін де саясатпен басқару әлдеқайда
жеңіл, сондықтан қазіргі ұлт тілінің
дамуын белгілеу, оны жоспарлау, тіл
болашағын өркендету үшін тіл саясатының
маңызхы тым үлкен.
Қазақ
тілі – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі. Тіл
ұлттың жаны, тарихи болмысы мен сан
ғасырлық сипатын бейнелейтін рухани
көрінісі. Бүгінгі Қазақстанның тілдік
ахуалын сонау тарих беттерінен
санамалсақ түрлі қыиндықтарға толы
болғанын айқындай түсеміз. Тілсіз
мемлекет жоқ. Біздің ана тіліміз өте
бай тіл. Сол байлықтан айырылып
қалмауымыз керек. Өз уақытында
Мәшhүр-Жүсіп Көпейұлы: Қазақ тілінен
асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол
ата-бабаның тілі болған қазақ тілін
осы күнгі қазақтың жалғызы да білмейді.
Көбіне жастар басқа тілде сөйлеп тұрып
қазақ тілінде сөйлегенді менсінбейді.
Әр күнге дейін он қазақ, бір орыс отырса,
орысша сөйлейтін әдетімізден құтыла
алмай жүрміз. Осы тіл туралы қаншама
пікір талас болып жатыр.
Алайда
ұлттың тілі, ұлттың жаны деген ұғымды
дұрыс түсіне алсақ, мемлекеттік тілдің
әлі біз толық орнынан жылжыта алмаған
тұстары көп-ақ. Қазақстанның барлық
азаматтары мемлекеттік тіл - қазақ тілін
меңгеруге міндетті бірақ бұл жерде
басқа этностардың құқықтарын бұзбауымыз
керек. Қазақтар өз ана тілінің, мәдениетінің
болашағына алаңда, қазақша сөйлесейік
десе, өзгелер мұны ұлшылдық деп қабылдайды.
Бірақ менің ойымша, ешкімде тіл үйренуге
күштелі, зорлады деп қазақтарды айыптай
алмайды.
Қазіргі
қоғамда қазақ тілінің болашағы зиялы
қауымды алаңдатып, даму бағыттары туралы
көп айтылып, шешуі қиын күрделі мәселеге
айналғаны да ақиқат. Мемлекеттік тіл
мемлекет тарапынан арнайы баптар арқылы
қорғалып, оның мемлекет ішінде негіізгі
функциясын орындауға жағдай жасап,
мемлекеттік тілді қорлауға, тілдеуге
жол берген қандай болмасын іс-әрекеттер
мемлекет тарапынан қатаң жазаға тартылуы
тиіс.