400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елдің серті-ер серті

Материал туралы қысқаша түсінік
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Елдің серті-ер серті

Барысы

1.Қазақ биі

2. Фанфар

3. Құттықтау сөз (мектеп директоры Ш.Ғ.Абдраймұлы, кәсіподақ төрайымы Ә.Ж.Сейітсұлтанқызы)

4. Ән «Қазақ жігіттері

5. Құттықтау сөз (А.А.Бердәліқызы, А.Ө.Тақынбайқызы)

6. Би

7. Видеоролик

8. «Екі сурет, бір ағай» ойын

9. Ән «Чина-чина»

10. Ән


Жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен еліміздің Қарулы күштерінің құрылуы, қалыптасуы және оның даму тарихы егіз. 1992 жылы 7 мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы туралы жарлыққа қол қойылды. Сол уақыттан бастап азат елдің айбынына айналған жаңа әскери қорғаныс күштерінің негізі қаланды. Азат елдің айбынды азаматтары татулық пен тыныштықтың кепілі.

Армысыздар құрметті ұстаздар, қайраты мен жігері бойында тасыған ер-азаматтар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған қазақ тілі мен әдебиеті , көркем еңбек және ән-әуез пән бірлестігі ұйымдастырған «Елдің серті-ер серті» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!

  • Бүгін – жүрегі елім деп соққан әр азаматқа алғыс айтылар күн.

  • Бүгін – жүректе отансүйгіштік ұялататын, ел мен ерді қатар ұлықтайтын күн.
    Бүгін – Отан алдындағы адалдық пен антқа беріктіктің күні.
    Бүгін – ұрпақ тәрбиелеу ісінде де ерлік танытып жүрген азаматтарға алғыс айту күні.

  • Бүгін – ел тыныштығын күзеткен ерлерге тағзым күні.

  • Бүгін – нағыз азаматтықтың, мәрттік пен батылдықтың күні.
    Бүгін - батырлық пен парасаттылықты бойына сіңірген Отан қорғаушылар күні!

Осындай атаулы күндегі мерекелік кешті ашып беру үшін және алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Шарапатов Ғабидолла Абдраймұлына және кәсіподақ төрайымы Әуезова Жазира Сейтсұлтанқызына беріледі.

Ән: «Алға, қазақ жігіттері» (хабарлаусыз шығады)

Орындайтын: Айжан, Гүлзат, Венера


Жүргізуші:

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,

Жолын қуар солардың жастарымыз.

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз.

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп

Құттықтау сөз

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А. Бердәліқызы және директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары А.Ө.Тасқынбайқызына (ұстаздар да ) береміз.

Би:_______________________________________________________


Жүргізуші:

Ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер!

Бүгінгі мерекелік кешіміз қыза түспек!

Енді сахна төрін бір сәтке езу тартар алаңға айналдырып, ерекше көңілді сәтке кезек берсек дейміз. Өйткені мереке — тек құрмет пен тілек қана емес,ол — шаттық пен қуанышқа толы сәттер! «Тойдың болғанынан боладысы қызық»-демекші дайындық барысынан көрініс тамашалаңыздар.

Видеролик


Жүргізуші:

Меңгертетін бейімдеп мамандыққа,

Үйрететін жақсылық, адалдыққа,

Балғын жасты баулитын болашаққа,

Зор құрмет, ұстаз - ер-азаматқа!

Бүгінгі сый-құрмет тек сіздерге арналады. Бүгінгі кеш ер-азаматтарға арналғандықтан өздеріңізбен «Екі сурет, бір ағай» атты логикалық ойын ойнағым келіп тұр. Жасырылған сұрақтарға мейлінше ер-азаматтарымыз жауап берсе нұр үстіне нұр болар еді.

1._________________________

2._________________________

3._________________________

4._________________________

5._________________________

6._________________________

7._________________________

8._________________________

9._________________________

10.________________________

11.________________________

12.________________________

13.________________________

14.________________________


Ән: «Чина-чина» (хабарлаусыз шығады)

Орындайтын: Ақбота, Әдемі, Жаңагүл


Жүргізуші:

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, тек әскери шендегі азаматтардың ғана емес, бүгінгі ұрпаққа тәлім беріп жүрген ұстаз-ерлердің де мерекесі.
Сіздер- білім майданындағы сарбаздарсыздар! Сіздер – сабыр мен парасаттың үлгісісіздер!

Осы кешке арқау болған барлық ер- азаматтарға алғысымыз шексіз!
Әрқайсысыңызға зор денсаулық, отбасы амандығы, қажымас қайрат пен
биік абырой тілейміз!

Бүгінгі көтеріңкі көңіл-күй, шынайы тілектер, күлкі мен қуаныш –
жүректеріңізде ұзақ сақталсын!
Бүгінгі күн сіздерге арналды!

Мереке құтты болсын! Еліміз аман, ерлеріміз әрқашан мықты болсын! Көңілдеріңіз көтеріңкі, аспанымыз ашық болсын! Шуақты күндерде кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.02.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі