Тақырып бойынша 17 материал табылды

Электр энергияның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге керек мәліметтер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Электрлік энергияның маңызы


Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатыны.

Электр энергиясының негізгі өндірушілері:

1. Жылу электр станциялары (ЖЭС):

2. Конденсациялық электрлік станциялары (КЭС);

3. Жылумен жабдықтау электрлік станциялары (ЖЖЭС);

4. Атомдық электрлік станциялары (АЭС).

5. Су электрлік станциялары (СЭС)

6. су жинаушы электрлік станциялары (СЖЭС).

Электр тарату желілері (ЭТЖ) арқылы бір-бірімен және тұтынушылармен біріктірілген электрлік станциялар электрлік жүйелерді құрайды.Қазіргі кездегі электр қуатының өндірілуі мен таралу процесінің ерекшелігі – энергия жүйесінің ұйымдастырылуы.

Энергия жүйесі деп-ортақ үздіксіз өндірілу режимі және таратылуы арқылы байланысқан электрлі станцияларының, таратушы желілердің, қосалқы станция мен жылу тораптары жиынтығы.


Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Халық шаруашылығын электрлендіру бұл экономикалық құрылыстың, коммунисттік ортаның негізі болып табылады. Электрлендіру кең комплексті механизацияның және автоматизацияның өңдіріс процесстерінің тапсырыстарының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл еңбек қоғамының өнімділігін арттыру қарқыныны арттырады, өнімнің сапасын жақсартады және еңбек жағдайларын жеңілдетеді. Қазіргі кезде өнеркәсіп орындарындағы жабдықтар және технологиялар электр жабдығында маңызды іс атқарады.

Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады.Сонымен бірге ғимарат деп кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгеттер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды.

Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді. Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қана-ғаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнімдерінің қоймалары және басқалар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2021
626
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11