Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал "Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері" тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар. 8 сыныпқа сабақ өткізетін ұстаздар үшін көп көмек береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Физика Мектеп: №26 ЖББМ

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: «Тұрақты электр тогы» Күні:. Мұғалімнің аты жөні: Жердентапканова Д.Т.

Сынып: 8 Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану; 8.4.2.3 - кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтердің шартты белгілерін қолдана алады. Кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсінеді.

Көптеген оқушылар істей алады: кернеудің формуласын пайдалана отырып есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар істей алады: электр тізбегін өмірмен байланыстырады, есептер шығарғанда қолдана алады

Бағалау критерийлері

  • Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтердің шартты белгілерін ажырата алады.

  • Кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсінеді.

  • электр тізбегін өмірмен байланыстырады, ток күшінің, кенеудің формуласын пайдалана отырып есептер шығара алады

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар электр тізбегі мен құрамды бөліктерінің,кернеудің физикалық мағынасын берілген эксперименттік тапсырмалар арқылы ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Пәндік лексика және терминология: Ток күші, кернеу, амперметр, вольтметр, гальвонометр, аккумулятор, батареяэлектр тізбегі, өткізгіш сымдар, қосылмаған сымдардың түйісуі, қосылған сымдардың түйісуі, гальвани элементі, генератор, қыздыру шамы, кедергі, кілт, қысқыштар.

Диологтар мен жазу үшін қолданатын тіркестер:

Ток күшінің өлшем бірлігі .., кернеу жұмысқа ... пропорционал, зарядқа ... пропорционал, кернеуді ... құралымен өлшейміз, электр тізбегі ... және ... деп аталатын бөліктен тұрады.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын негіздеп оқушыларды еңбекқорлыққа, нәтижеліккебаулу, өмірге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Зеректікке, шапшаңдыққа баулу, ізденімпаздыққа жетелеу. Қарым – қатынас жасау қабілеті жұмыс түрлерін (шағын топты, жеке, бүкіл сынып) ұйымдастыра отырып белсенділіктерін арттыру. Индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсу. Техникалық және кәсіби мамандарлы дамыту.

Пәнаралық байланыс

Математика – формулаларды түрлендіру, есептеу

Дене шынықтыру – дене қимыл жаттығуларын орындау

Қазақ тілі мен әдебиеті – диологтар мен қолданатын терминдерді жазу

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Электр тогы, элетр ток көздері

Керекті жабдықтар

ресурс парақтары, жұмыс дәптері, маркер, АКТ, презентация, карточкалар

Алдыңғы білім

Электр тоғы. Ток көздері.

Әдіс-тәсілдер

Ойлаудың «5 қалпағы», өздік, жеке, топтық жұмыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


(10 мин.)


-Оқушылармен амандасу.

-сыныпты түгендейді

-кезекшілік қызметін қадағалау

-оқушылардың назарларын сабаққа аудару

-психологиялық дайындық.

Оқушылардың сыни ойлауына негізделген «Мені тап» әдісі арқылы сөз немесе физикалық шамаларды ұсыну арқылы белгілі бір заңдылықты немесе анықтаманы тауып, топқа бөлу

І топ:«Ақ қалпақ»

ІІ топ: «Жасыл қалпақ»

ІІІ топ: «Қызыл қалпақ»

ІVтоп : «Қара қалпақ»

Vтоп : «Көк қалпақ»

Үй тапсырмасын «Вербальды теннис» әдісін қолданып, оқушыларға тірек сөздерді ұсынып, оны сипаттау арқылы тексеру

Кулон заңы, нүктелік заряд, элементар заряд, электр өрісі, күш сызықтар, электр заряды, электрлену, электрон заряды, кернеулік, потенциал, потенциалдар айырымы, күш сызықтары, күштік сипаттама, энергетикалық сипаттама, конденсатор, электрсыйымдылық, электр тұрақтысы, электр өрісінің жұмысы

Топтарға «Теледидармен сұхбат» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймын. Екі электроскоп арқылы демонстрация жасап, оқушыларға сұрақтар қоямын.

-Эбонит таяқшасын электроскопқа тигізгенде неліктен электроскоп тілшесі қозғалады?

-Эбонит таяқшасын бірінші электроскопқа тигізгенде екінші электроскоп тілшесі неліктен қозғалады?

Екі электроскоп не арқылы жалғанған?

Олай блса бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

-Мұғаліммен амандасады

-кезекшілік қызметін атқарады

-сабаққа зер салады

Топтарға бөлінеді.

Топтар сұрақтарға жауап беру арқылы тапсырманы орындайды. Бір біріне көмектеседі.

Ұялы телефон арқылы байланыс жасап, сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Осы тақырыпқа байланысты келешекте не білгілері келетіндігі жөнінде өз ойларын жеткізу арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.



Тұсау-

Кесер


(20 мин.)


Топқа ойлаудың «Бес қалпақ» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу, игеру ұсынылады.

Бағдаршам арқылы Выготскийдің ЖАДАна сәйкес қажет болған жағдайда оқушыға көмектесу. Нәтижесі жарнама, постер немесе интелект карта қорғаумен аяқталады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы тусіну дәрежесін бағалаймын.

Венн диаграммасы арқылы өткен тақырыппен байланыстырып, ұқсастықты тағайындау

Әр топ тақырып бойынша жұмыстанады. Тапсырманы жеке оқу; топпен талдау; интелект карта жасау, қорғау.

1 топ «Ақ қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты электр тогы,пайда болу шарттары, ток әсерлерінің түрлерін, электр тізбегінің құрамды бөліктерін, бөгде күштер, ЭҚК -і туралы нақты мәліметтерді айтады

2 топ «Жасыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көздерінің алу жолдарын, ток көздері туралы сипаттап шығармашылық немесе математикалық тұрғыдан сипаттап айтады.

3 топ «Қызыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты токтың әсерлеріне мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстыра отырып, эмоциялық жағынан сипаттап айтады.

4 топ «Қара қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көзінің кері әсері, зиянды жақтарын айтады.

5 топ «Көк қалпақ» -Жаңа тақырыпты қорытындылап айтады.

Топпен өзара бағалау критерийлерін ескере отырып, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.

Негізгі бөлім



(10 мин. )

1.Оқушыларға «Өздік жұмыс» арқылы есептер шығарту, «Орман өсіру» метафорасына сәйкес тапсырманы орындату. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану,

Есептер

  1. Ток көзі ішінде 10Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең?

  2. Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы неге тең?(250Дж)

  3. Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын заряд неге тең? (4Кл)

  4. Ток көзінің ЭҚК-і 250Дж-ға тең, заряды 20нКл зарядты бөлгенде бөгде күштердің жасаған жұмысы неге тең?

  5. Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысы неге тең? (40Дж)

Резервтік тапсырма: жұптық жұмыста логикалық сұрақтарға жауап береді

Тақырыпқа байланысты жұптық жұмыста орындалатын логикалық сұрақтар

  1. Тізбекте ток жүріп жатқанын немесе жүрмейтінін қандай белгілері арқылы анықтауға болады?

  2. Зарядталған электроскоптың кішкене шарына қол тигізу арқылы разрядтаған. Осы кезде электроскоптың өзегінде ток жүреді деп айтуға бола ма?

  3. Аккумулятор мен гальвани элементінің айырмашылығы неде?

  4. Ток көздері энергиялардың қандай түрлерін электр энергиясына айналдырады?

  5. Ток көзі қандай қызмет атқарады? Тоқ көзінің ішінде қандай жұмыс жасалады? Қандай энергия есебінен?



Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығарады,

Дарынды оқушылар «Дос көмегі» әдісі арқылы бір біріне көмектеседі.

Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.










Логикалық сұрақтарға жұптасып жауап береді.


Қоры-

тынды

(5 мин.)


Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
2125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі