Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Электр тогының химиялық әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңарған білім мазмүнына сәйкес жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.3А. Тұрақты электр тогы

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мамырқұлов Б.

Сынып: 8

Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Электр тогының химиялық әсері. (Фарадейдің заңы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.18 сұйықтардағы электр тогын сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • Электролит ерітінділерінде электр тогын химиялық әсерін сипаттау

  • Электролиздің техникада қолданылуына мысалдар келтіру

  • Фарадей заңын есеп шығаруда қолдану



Бағалау критерийлері

  • Электролит ерітінділерінде электр тогын тасымалдаушылар оң және теріс иондар екендігін түсіндіреді

  • Электролиздің техникада қолданылуына мысалдар келтіреді

  • Фарадей заңын есеп шығаруда қолданады


Ойлау дағдыларының деңгейі

  • Білу және түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар


  1. Оқытудың тілдік мақсаты:

Сұйықтардағы электр тогының химиялық әрекеті туралы ауызша және жазбаша сипаттама береді

  1. Пәндік сипаттағы лексика терминдер: электролиз, электролиттер, катод, анод, электрохимиялық эквивалент, рекомбинация, электролиттік диссоциация

  2. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер:

Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі………….деп аталады.

Электролиз процесі кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өтетін…………… тура пропорционал.


Құндылықтарға баулу



Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулу, жауапкершілікті сезіну, қарым-қатынас жасау қабілеті, жұптық, топтық қатынастар арқылы іске асырылады.


Пәнаралық байланыс

Химия: Электролиттік диссоциация. Электролиз.


Алдыңғы білім

Электролит, электролиттік диссоциация, электролиз заңдары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут


  1. Оқушылармен сәлемдесемін

  2. Жағымды ахуал туғызу. «Сен маған ұқсайсың…….., сен маған ұқсамайсың………» әдісі арқылы.

  3. Оқушыларды топқа бөлемін «Ассоциация» әдісі арқылы.(амперметр, вольтметр, батерея)

(суреттер)

  1. «Суреттер: Не болды?» әдісі арқылы жаңа сабаққа ой қозғау.

Оқушыларға металдардағы электр тогы мен сұйықтардағы электр тогы бейнеленген суреттерді көрсетемін. Оқушылар металдардағы электр тогын сипаттайды. Ал екінші сурет бойынша электролиттік диссоциация, электролиттер туралы сұрақтар қою арқылы алдыңғы білімдерін еске түсіреді.

  1. Электролиттік диссоциация қалай жүреді?

  2. Катод дегеніміз не?

  3. Анод дегеніміз не?

  4. Электролиттер деп қандай ортаны айтамыз?

  5. Электролиттерге қандай заттарды жатқызамыз?

  6. Электролит арқылы электр тогы өткенде неліктен зат орын ауыстырады және электродтарда бөлінеді?

  7. Металл өткізгіш арқылы ток өткенде неліктен бұл құбылыс туындамайды?

Сабақтың барысында берілген сұрақтарға оқушылар жауап іздейді

«Жарайсың» «жақсы» деп оқушыларды сабақ барысында ынталандырып отырамын.

Тақырыпқа қарап оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтаймын.


Суреттер







Әр-түрлі ортадағы электр тогы бейнеленген суреттерді электронды оқулық тан АКТ-ны қолдану

Сабақтың ортасы

25 минут

«Борт журналы» әдісін пайдалану арқылы мәтінмен жұмыс жүргіземін. Әр топқа мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді оқи отырып кестені толтырады. Топпен қорғайды.

Электр тогының химиялық әсері туралы маған не белгілі?

Мәтіннен қандай жаңа ұғымдар білдім

Жаңа ұғымдардың анықтамасы

Менің сұрағым





Дескриптор

  • Электр тогының химиялық әсері бойынша нені білетінін жазады.

  • Мәтіннен қандай жаңа ұғымдар білгенін жазады.

  • Жаңа ұғымдардың анықтамасын жазады.

  • Электр тогының химиялық әсері тақырыбы бойынша сұрақтар құрастырып жазады

Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы топ бірін-бірі бағалайды, ауызша кері байланыс ұсынады.


«Ыстық орындық» әдісі. Әр топтан белсенділігі төмен оқушыны шығарамын. Оған сынып оқушылары сұрақтар қояды.Бұл әдіс тақырыпты қаншалықты меңгергенін айқандайды және айтылым, ақпаратты өңдеу, логикалық ойлау дағдыларын дамытады.Және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі.

  1. Электролиттер деп қандай заттарды айтамыз?

  2. Электролиз процесі деп қандай құбылысты айтамыз?

  3. Фарадей заңын тұжырымдаңыз?

  4. Электролиттерде қандай бөлшектер электр тогын тасымалдайды?

Қалыптастырушы бағалау түрі: мұғалімнің бағалауы

Кері байланыс: ауызша

Есептер шығару. Жұмыс түрі:топтық.«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы есептер шығару.Әр топқа 3 есеп беріледі.Оқушылар жеке есептің шартын ойланады, жұптасып есептің шартын талдайды, топпен бірге есепті шығарады. Ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоямын.

  1. Фарадей заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Электрохимиялық эквивалент дегеніміз не?

  3. Электрохимиялық эквиваленттің өлшем бірлігі қандай?

Есептің дұрыс шығарылу жолын слайд арқылы арқылы көрсетемін


1Есеп

Дескриптор

Иә

Жоқ





Электролиз нәтижесінде катодта 20 мин ішінде массасы 1,5 г болатын мыс бөлінді. Ток күші 4 А- ге тең болғанда мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар. Кестедегі мәнімен салыстырыңдар.

  • Есептің шартын құрайды

  • Берілген 1,5 г-ды кг-ға айналдырады.

  • Фарадейдің заңын жазады.

  • Мыстыңэлектрохимиялық эквивалентін анықтайды.

  • Алынған нәтижені №12 кестеде берілген мыстың электрохимиялық эквивалентімен салыстырады.


2 Есеп

Дескриптор

Иә

Жоқ

Электролиттік ваннадағы кернеу 0,4В болса, 1т мысты тазалау үшін қанша энергия жұмсалады.


Есептің шартын құрайды

Берілген 1т-ны кг-ға айналдырады

Джоуль-Ленц заңын жазады

Фарадейдің заңын қолданады

Фарадейдің заңын түрлендіріп, ток күшін есептейтін формуланы жазады

Мысты тазалау үшін қажетті энергияны анықтайды




2 Есеп

Дескриптор

Иә

Жоқ

Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 50 мин ішінде 6г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай?

Есептің шартын құрайды

Берілген 50 мин-ты сек-қа айналдырады.

Берілген 6 г-ды кг-ға айналдырады

Фарадей заңын түрлендіреді

Токтың күшін анықтайды



Қалыптастырушы бағалау түрі: өзара бағалау

Қалыптастырушы бағалау тәсілі:үлгі бойынша бағалау

Кері байланыс: жазбаша

Білемін

Білдім

Білгім келеді








ІІІ-тапсырма. Берілген анықтамалардың дұрыс, бұрысын анықта.

  1. Тұздардың, қышқылдардың, сілтілердің ерітінділері электролиттер деп аталады

  2. Электролиттер электр тогын өткізбейді

  3. Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азайып, молекулалардың иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады.

  4. Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі рекомбинация деп аталады

  5. Заттың электрохимиялық эквивалентінің өлшем бірлігі кг*Кл

  6. Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы, q-зарядқа, к-берілген заттың электрохимиялық эквивалентіне пропорционал

  7. Заттарды никельдеу, хромдау,алтын немесе күміс жалату гальвоностегияға жатады

Қалыптастырушы бағалау түрі: өзін-өзі бағалау

Қалыптастырушы бағалау тәсілі : үлгі арқылы бағалау

Кері байланыс:жазбаша

Электролит арқылы электр тогы өткенде неліктен зат орын ауыстырады?

Металл өткізгіш арқылы ток өткенде неліктен бұл құбылыс туындамайды? Осы сұрақтарға жауап береді.

Бұл молекулалардың орналасуына байланысты. Қатты денелерде молекулалар тығыз орналасқан.Ал сұйықта молекулалар мен атомдардың арасындағы арақашықтық осы өлшемінен үлкен болып келуінен, электрондардың орын ауысуы мүмкін емес, сол себепті ток тасымалдайтын иондар болып табылады.




Мәтін

Қосымша1




























Сабақтың соңы

7 минут

Рефлексия. «Фрейер» моделі

Анықтамасы


Электр тогының химиялық әсері


Сипаттамасы


Пайдасы


Зияны


Өтілген тақырып пен орындалған жұмыс бойынша сабақ соңында «нені білді, нені үйренді; не әлі де түсініксіз; қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет» деген сұрақтарға «БББ»әдісін пайдаланып кестені толтырады. Аталған әдіс арқылы жазылым дағдысын жетілдіреді

Білемін

Білдім

Білгім келеді






Стикер


Үйге тапсырма:

Ақпараттарды жинақтау және өңдеу қабілеттірін дамыту бағытында

  1. Үйде электролизді пайдаланып жасалған денелердің тізімін жасаңыз.Мысалы: эмаль шәугім

  2. Электролиз заңының өнеркәсіпте қолданылуы.

атты тақырыптарға материлдар жинақтап, көрсетуге тапсырма беріледі

Тақырыпты таңдау және оны сыныптастарына жеткізу тәсілдері оқушының еркінде

  1. Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтау үшін жасалған тәжірибеде ток күші 5 А, токтың жүру уақыты 20 мин,катодтың тәжірибеге дейінгі массасы 70,4г тәжірибеден кейінгі массасы 70,58г болды. Осы нәтижелер бойынша мыстың электрохимиялық эквивалентін анықта.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


"Жіктеу" тәсілдерімен үлкен қолдауға мұқтаж оқушыларды саралаймын.

Күрделі тапсырмаларды орындай алатын оқушыларға қосымша тапсырма беру арқылы саралаймын.

Саралаудың

"Тапсырма" тәсілі

Есеп шығару белсенді жаттығуында әр-түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың жеке қажеттіліктері ескеріледі. Қай тапсырманы орындаса да оқушы оқу мақсатына жетеді

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

Тапсырма орындау барысында ерекше қолдауға мұқтаж оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы ойлантуға жағдай жасалады. Сөзбен қолдау көрсетіледі, тапсырманы орындау үшін оларға қосымша уақыт беріледі

«Жіктеу» тәсілі

«Борт журналы» әдісі бойынша ақпаратты өңдеу үшін оқушылар аралас гендерлік топқа бөлінеді. Мәтінді түсініп, мәтін бөйынша не білетінін жазады. Мәтіндегі жаңа ұғымдарды анықтап, жаңа ұғымдардың анықтамасын көрсетеді. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Оқушылар бірлесіп ортақ тапсырма орындау барысында ақылдасып, белгілі бір шешімге келуде бір-біріне қолдау көрсетеді.




Басбармақ әдісі арқылы топ бір-бірін бағалайды.

«БББ» кестесін толтыру арқылы кері байланыс жасалады.

Дескриптор арқылы өзін-өзі және өзара бағалау жүргізіледі.

Бағалау парағы арқылы оқушылар өз-өзін бағалайды.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Қосымша 1

Сұйық өткізгіштер – электролиттердегі электр тогының табиғаты металдарға қарағанда өзгеше.

Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, тұздар мен металдардың қорытпалары электролиттер деп аталады.Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.

Зарядты тасымалдаушы қандай бөлшектер болып табылады және «электролиттердегі ток» дегеніміз не? Ыдыстағы тотияйын ерітіндісіне екі көмір электродты батырып, оларды тұрақты ток көзіне жалғаймыз. Біршама уақыттан кейін біз теріс зарядталған электрондардың біреуінің бетінде мыстың жұқа қабаты түзілетінін байқаймыз. Бұл электролиттердегі ток иондар деп аталатын зарядталған атомдардың немесе зат молекулаларының қозғалысымен қамтамасыз етіледі деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Егер электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырса не болады? Көптеген заттардың молекулалары өзара тарту күшімен біріккен оң және теріс иондардантұрады. Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азаяды. Молекула иондарға ыдырайды. Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады:

NaCl Na+ + Cl - CuSO4 Cu2+ + SO2-Әдетте, электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі сияқты кері процесс те жүреді. Бұл процесс рекомбинация деп аталады. Ерітіндіде диссоциация мен рекомбинация бірін – бірі теңестіріп тұрады. Электр өрісі жоқ ерітіндідегі иондар ретсіз қозғалады.

Егер электролитке қандай да бір потенциалдар айырымы бар екі электродты (катод – теріс зарядталған және анод – оң зарядталған) енгізсе, онда зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы пайда болады, яғни оң иондар – катодқа, ал теріс иондар – анодқа қарай қозғалады. Ендеше, электролиттердегі зарядтарды тасымалдаушылар оң және теріс иондар болып табылады.

Электролиттердегі электр тогы дегеніміз – оң және теріс иондардың қарама – қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.Оң зарядталған иондар теріс зарядталған электродқа (катодқа) жеткенде, бейтарап атомдарға және молекулаларға айналады. Оң зарядталған электрод анодтың маңындағы теріс зарядталған иондармен де осындай процесс жүреді. Сондықтанэлектродтардазаттардыңтұнатынынбайқаймыз.

Электролит арқылыэлектртогыөткендеэлектродтардазатбөлінупроцесі электролиз депаталады.Сонымен, тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде, электродтарда зат бөліну құбылысын электролиз деп атайды.

Электролит ерітіндісі арқылы электр тогының өту табиғатын біле отырып, электролиз кезінде бөлінген заттың массасын анықтауға болады.

Әр түрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп және соның барысында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып, ағылшын физигі М. Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:

Электролиз кезіндеэлектродтабөлінгензаттыңмассасы электролит арқылыөткенэлектр (заряд) мөлшерінепропорционал.

Бұлзаң Фарадей заңыдепаталады.

мұндағы m – бөлініпшыққанзаттыңмассасы, q – электролит арқылыөткен заряд, k – берілгензаттыңэлектрохимиялықэквивалентідепаталатынпропорционалдық коэффициент.

Shape1









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1691
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12