жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Электр тогының жұмысы мен қуаты
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4. «Тұрақты электр тогы» |
Мектеп: Қ.Мұхамеджанов атындағы№1 мектеп-гимназия |
||
|
Күні: |
Пәні: Физика |
Мұғалімнің аты-жөні: Арықбай Алтынай |
|
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
8.4.2. Электр тогының жұмысы мен қуаты |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
8.4.2.12. жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану. |
||
|
Сабақ мақсаты |
-Барлық оқушылар: Ток жұмысы мен қуатын анықтауға арналған формулаларды қолданады; -Оқушылардың басым бөлігі: Электр тогының жұмысы мен қуаты арқылы электр есептеуішінің көрсеткішін анықтайды. -Кейбір оқушылар : Электр энергиясының құнын есептейді.Озықтапсырмалардышешудіңәртүрліжолдарынөздерімеңгереді. |
||
|
Бағалау критерийлері |
|
||
|
Тілдік мақсаттар
|
Білім алушылар: Электр тогының жұмысы мен қуаты туралы ақпарат алады, формулаларын пайдаланады. |
||
|
Қолданылатын физикалық ұғымдар: Токтың жұмысы, Джоуль, токтың қуаты, ватт, амперметр, вольтметр, электр энергиясының құны, тариф, электр есептеуіш туралы түсінік алады. |
|||
|
Диалогқа қажетті сұрақтар:
|
|||
|
Құндылықтарға баулу
|
Қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болу, зайырлы қоғам және жоғары руханият қасиеттерін игереді. |
||
|
Пәнаралық байланыстар |
|
||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
7-сынып физика «Механикалық жұмыс. Қуат» туралы біледі. |
||
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері (уақыт мөлшері) |
Сабақтағы жоспарланғанжаттығутүрлері |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы 4 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Назарларын сабаққа аудару. Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3,4 вагондарға бөлініп отырады. «Жариялау» әдісімен сабақ тақырыбына апаратын сұрақтар беру арқылы топтарға бөлу.(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Параграфты оқып сендер:
|
|
||||||||
|
Өткентақырыптыбекіту (қайталау) 5 мин Сабақтың ортасы 20 мин 4 мин 4 мин |
«Дельфи» әдісін пайдалана отырып, өткен тақырыпқа шолу жасау. Оқушыларсурет қиындыларынқұрастырыпқандайөлшеуішқұралыекенін және осы құралменненіөлшейді, жалпыөлшеуішқұралынабайланыстыныңбарлығынтүсіндіріпбереді.
Өткен сабақты түсінгендерін «Бағдаршам» әдісімен бағалайды. Топтық жұмыс № 1. Берілген мәтіндерді оқушылар оқып алады. §27. Электр тогының жұмысы мен қуаты. (174-178 беттер) І. Токтың жұмысы және оны өлшеу. Тізбектің сыртқы бөлігіндегі зарядтардың орнын ауыстыратын кулондық күштердің жұмысы ток жұмысы деп аталады. Ол мына формула бойынша анықталады: A=qU Токтың жұмысын анықтау үшін зарядты ток күші және зарядтың көлденең қимадан өткен уақыты арқылы өрнектеу ыңғайлы: q=It , ендеше A=IUt. Тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы бөліктің ұштарындағы кернеудің, ток күші мен жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең. Жұмысты есептеу формуласынан белгілі болғандай, ток жұмысын анықтау үшін үш өлшеу аспабы керек: амперметр, вольтметр және сағат. Тұтынылған электр энергиясын есептеу үшін тұрмыста және өндірісте электресептеуіш қолданылады. Ток жұмысы қанша электр энергиясының энергияның басқа түріне айналғанын көрсетеді. Жұмыстың өлшем бірлігі. Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыс бірлігін – джоульмен, ток күшін – ампермен, кернеуді-вольтпен, уақытты секундпен өлшейді. Алынған формула негізінде бұл бірліктердің байланысы төмендегідей: 1 Дж = 1А•1В•1с. 1 Дж-ге тең ток жұмысы өте аз. Тәжірибеде жүйеден тыс өлшем бірлігі 1кВт • сағ кең қолданыс тапты. Бірліктердің байланысын анықтайық: 1кВт • сағ = 1000 Вт • 3600 с = 3600000 Дж = 3,6 • 106 Дж. ІІ. Ток қуаты және оны өлшеу. Тізбектегі ток әрекетінің
қарқындылығы ток қуатына байланысты.
Қуат – уақыт бірлігінде
тізбекте атқарылған ток жұмысына тең фихикалық
шама: Ток қуатын анықтау үшін тізбек бөлігіндегі кернеуді ондағы ток күшіне көбейтеміз. P=UI. Тізбектегі токтың қуатынекі аспапты вольтметр мен амперметрді қолданып есептеуге болады. Токтың қуатын анықтауға арналған аспап жасалды, ол – ваттметр. Қуаттың өлшем бірлігі ретінде
ватт алынды. 1 ватт деп 1 секунд ішінде 1 Джоуль жұмыс атқарылуын
айтамыз: 1 кВт = 1000 Вт = 103 Вт. 1 Мвт = 1 000 000 = 106 Вт. ІІІ. Ток қуатының тізбектегі ток жұмысымен байланысы. Ток қуатын электр құралының номиналды қуатымен салыстыру тізбектегі аспапқа қаншалықты жүктеме түсетінін анықтауға мүмкіндік береді. Егер ток қуаты номиналды қуаттан аз болса, онда ток жұмысының қарқындылығы төмен немесе мүлдем жоқ болады. Қуаты жоғары құралды әлсіз ток көзіне қосу онда ешқандай әрекет тудырмайды. Аз қуатты ток жұмысына арналған құралдарды күшті өріс тудыратын ток көздеріне қосса, күйіп кетеді. ІV. Электр энергиясының құны. Пайдаланылған электр энергиясының мөлшерін әр айдың белгілі бір күнінде электр есептеуіш аспаптан алынатын көрсеткіштердің айырымы арқылы анықтайды. Электр энергиясының құны 1кВт • сағ үшін тағайындалған тарифке байланысты, оны келесі формула бойынша анықтайды: Cm=AT ; мұнда Cm – электр энергиясының құны, А – ток жұмысы, Т – тағайындалған тариф (1кВт • сағ энергия құны). Елдің әр облыстарында тариф әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір елдерде ол тәулік мерзіміне және бір адамның тұтынатын энергиясының мөлшеріне тәуелді. Білім алушылар топтық жұмысты бағалауда «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі арқылы топта талқылап, «Саусақ сигналдары» әдісі арқылы бағалайды. Жеке жұмыс Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: Тапсырма
1
Қалыптастырушы бағалауда әрбір білім алушы өзін өзі дескриптор арқылы бағалайды.
Жұптық жұмыс
Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай? Ол 5 сағ ішінде қанша жұмыс атқарады? Жауапты Дж және кВт • сағ түрінде беріңдер.
Білім алушылар жұптық жұмысты «Саусақ сигналдары» әдісі арқылы бағалайды.
Топтық жұмыс № 2
Білім алушылар жұптық жұмысты «Саусақ сигналдары» әдісі арқылы бағалайды.
|
(АКТ) Интерак-тивтітақта
8 сынып физика оқулығы «арманпв»
АКТ(электронды окулық);
құндылықтармен байланыс
8 сынып Физика қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
«Физика» В.И.Кем, Б.А.Кронгарт 8 сыныпқа арналған есептер жинағынан
4 топқа 4 постер мен маркер беремін
8 сынып оқулық (177 бет) |
||||||||
|
Сабақтың соңы 3 мин
|
Рефлекция БББ кестесі
Кері байланыс. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
Қорытындылау. Үйге тапсырма: - Жаттығу № 20 ▲ (177 бет) - Есте сақтаңдар! (Жаттау) - Эксперименттік тапсырма (177 бет) |
Сабақтан алған әсерлерін жазады.
|
|
Қосымшаақпараттар |
||
|
Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау– оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс; денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі) |
|
Сабақтың мақсаты 8.4.2.12. оқу мақсатына негізделді. Сабақ барысында оқушыларға психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, бүгінгі сабаққа лайындықтарын қадағалаймын. Билеттер арқылы 4 топқа бөліп аламын. Ал«дельфи» әдісін пайдалана отырып, өткен тақырыпқа шолу жасаймын. 20 мин оқулықтағы бүгінгі тақырыпты оқып алады. «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі арқылы әр топтың теориялық түсініктерін тыңдаймын. Тақырыпты игеруіне қарай арнайы 8 сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмасын жеке жұмыс ретінде орындауға беріледі, оны өздері дескриптор арқылы бағалайды. Жұптық және топтық жұмысты орындай келе«Саусақ сигналдары» және «Бағдаршам» әдістері арқылы бағаланады.Сабақтың соңындарефлекция жасағаннан кейін кері байланыс жасап сабақты қорытындылаймын. Үй тапсырмасын қалай орындау керектігі жөнінде сипаттама беремін. |
Білім алушылар топтық, жеке, жұптық жұмыстарды өздері менің бағыттауыммен «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі және «Саусақ сигналдары» және «Бағдаршам» әдістері арқылы бағаланады, топ болып пікірлерімен бөліседі. |
Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
|
||
|
Жалпы бағамдау: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: |
||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген