Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Электр тоғының жұмысы мен қуаты, 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінің мұғалмдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Тұрақты электр тогы тарауы


Мектеп: Бозой ЖОББМ

Күні:19.02.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаева Нұргүл Мирамқызы

Сынып: 8Б

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты.


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.4.2.1.2-жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сабақ мақсаттары:

  • Электр тогының жұмысы мен қуаты ұғымдарын, формулаларын білу.

  • Формулаларды түрлендіріп есептер шығаруда қолдану.

  • Күнделікті тұрмыста қолданылатын аспаптардың электр энергия шығынын есептеу.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийі

  • Электр тогының жұмысы мен қуаты ұғымдарын біледі, формулаларын анықтайды .


  • Формулаларды түрлендіріп есептер шығаруда қолданады


  • Күнделікті тұрмыста қолданылытын аспаптардың электр энергия шығынын есептейді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Электр тогы, қуат, жылу мөлшері, Джоуль, токтың жұмысы

Ваттметр,

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Электр есептеуіш - ток жұмысын өлшейтін құрал.

Ваттметр - токтың қуатын өлшейтін құрал.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Ваттметр қандай құрал?

Құндылықтарға баулу


Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы аясында электр тогының жылулық әсерінінің өндірісте, тұрмыста және т.б қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылуына үлес қосу, заманауи үлгілерін дамытуға баулу.


Пән аралық байланыс

Математика - есептеулерде амалдарды қолдану.

Информатика- АКТ-ны пайдалану.

Бастапқы білім

Жұмыс , қуат ұғымдарымен 7-сыныптан таныс. Электр тогы , электр тізбегі, ток күші, кернеу, кедергі ұғымдары 8-сынып тұрақты электр тогы тарауы бойынша біледі.


Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

5минут




















І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Психологиялық ахуал орнату.

Топқа біріктіру.

Суреттер арқылы топқа біріктіру.

1-топ Амперметр

2-топ Вольтметр

3-топ Реостат

Үй тапсырмасы.

« Сұрақ менен , жауап сізден» әдісі бойынша сұрақтар қою.

Тапсырма №1 Амперметр тобының сұрақтары

  1. Қандай шаманы ток күші деп атайды?

  2. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда,тізбектің жалпы кедергісі неге тең болады?

  3. Электр қозғаушы күш деп нені атайды?

  4. Электр зарядының өлшем бірлігі?

  5. Вольтметр қалай жалғанады?


Вольтметр тобының сұрақтары:

  1. Электр кернеуі нені сипаттайды?

  2. Өткізгіштерді параллель жалғағанда , тізбектің жалпы кедергісі неге тең болады?

  3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының өрнегі қандай?

  4. Меншікті кедергінің формуласы қандай?

  5. Амперметр тізбекке қалай жалғанады


Реостат тобының сұрақтары:

  1. Электр тізбегінде кедергі қандай қызмет атқарады?

  2. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

  3. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі?

  4. Өткізгіштегі кернеуді қандай құралмен өлшейді??

  5. Реостат қандай құрал?

  6. Кілттің, реостаттың шартты белгісі қандай ?


Дескриптор

1.Ток күшінің анықтамасын біледі.

2.Кернеуге сипаттама береді.

3.Кедергінің атқаратын қызметін анықтайды.

4.Ом заңының өрнегін жаза алады.

5.Тізбектей және параллель жалғаудың ерекшеліктерін жаза алады.

Оқушылар жұмысын мадақтау, оқушыға кері байланыс беру.

(Жарайсың, өте жақсы, әліде ізденуің керек)

Қ.Б жасанды теңге арқылы бағаланады 10теңге




Амперметр , вольтметр, реостаттың суреттері бар қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы

30 мин





Білу, түсіну,қолдану



























































































«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі (топтық жұмыс) бойынша әр топқа тапсырма беріледі. Сол тапсырма арқылы постер қорғайды .

Тапсырма№2

1-топ Электр тогының жұмысы

2-топ Электр тогының қуаты

3-топ Тәжірибе арқылы қыздыру шамының қуатын анықтау


Дескриптор :

1 Электр тогының жұмысының анықтамасын, формуласын біледі.

2.Жұмыстың формуласын түрлендіріп, қорыта алады.

3.Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың электр тогының жұмысына байланысты мысалдар келтіреді.

4. Токтың жұмысын өлшеуге арналған құралды біледі.

5. Электр тогының қуатының анықтамасын, формуласын біледі.

6..Қуаттың формуласын түрлендіріп, қорыта алады.

7. .Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың электр тогының қуатына байланысты мысалдар келтіреді.

8. токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты біледі.

9. Электр тізбегін құрастырады.

10. Амперметр мен вольтметр шкалалары бойынша бөлік құнын есептейді.

11. Ампермер мен вольтметрдің көрсетулерін жазады.

12.Қуатты формула бойынша есептейді.

Қ.Б . жасанды теңге арқылы бағаланады.

Тапсырма№3

«Пирамида» әдісі (жеке жұмыс)деңгейлік есептер шығару.

Shape1

Берілгені Формула

ХБЖ шешуі жауабы Шешуі\жауабы папаШешу\жауабы











А деңгейлік есептер.

1.Кедергісі 20 Ом өткізгіштен 5 мин ішінде 300Кл мөлшерінде электр өтеді. Берілген уақыт мезетіндегі токтың жұмысын есептеңдер.

2. Кернеуі 400 В электр двигателіндегі

ток күші 92 А.Электр двигателінің орамындағы

токтың қуатын анықтаңдар?

3.Егер қалта фонары шамның кернеуі 3,5 В ,

ал ток күші 0,28 А болса , ондағы элекр

тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?

В деңгейлік есептер.

1. Электрлік құралда 5А ток күші 45мин уақыт ішінде162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін табыңдар.

2. Жүкшығырын айналдыратын электроқозғалт-

қышы 9120 Дж - ге тең жұмыс атқарады. 4 А

ток күшінде 24 Кл заряд откендегі электромотордың қуатын тап.

3.Мұнай мен су қоспасының кедергісі

1200 Ом .Сорғыту қондырғысы 3с

жұмыс істегенде ,ондағы 5,5А токтың

атқаратын жұмысын анықтаңдар?


С деңгейлік есептер.

  1. Көтергіш кранның электр қозғалтқыш кернеуі 380 В ток көзіне қосылған. Осы кездегі орамдағы ток күші 20 А . Егер кран массасы 1000 кг жүкті 20 м биіктікке 1 мин –та көтерсе ,оның ПӘК-і қандай?

  2. 120 Вкернеуге есептелген 25Ваттық шамды кернеуі 220В электр желісіне қосқанда,ол шамның қуаты қандай болады?

  3. Көлемі 1,5л суды ПӘК-і 80% қуаты 600Вт электр шайнекте 20°С –ден 100°с-қа дейін қыздыру үшін қанша уақыт керек болады?

Дескриптор

1. Есептің берілгенін жаза алады

2. ХБЖ-ға келтіре алады

3. Формулаларды біледі, түрлендіре алады

4.Есептеулер жүргізеді.

5. Нәтижесі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12