Электр зарядтарының сақталу заңы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр зарядтарының сақталу заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 8 сыныпқа сабақ өтетін мұғалімдерге арналған физика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: «Электростатика негіздері»

Мектеп: 26 ЖББМ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Жердентапканова Д.Т.

Сынып: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі.

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты

(оқу жоспарына сілтеме)

8.4.1.4 электр зарядының сақталу заңын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:

  • Электр зарядының сақталу заңын түсінеді

Көптеген оқушылар істей алады:

  • Электр зарядының сақталу заңының мәнін тәжірибеде көрсете алады

Кейбір оқушылар істей алады:

  • Денелердің электр зарядының шамасын есептей алады.

Бағалау критерийлері

-Электр зарядының сақталу заңының мәнін біледі.

-Электр зарядының сақталу заңына тәжірибе жасайды.

-Денелердің электр зарядының шамасын есептейді.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:

Электр зарядының сақталу заңының физикалық мағынасын ауызша және жазбаша сипаттайды

Пәндік лексика және терминология: Электрметр, эбонит таяқшасы, тұйықталған жүйе, аттас, әр аттас зарядтар, өзара әрекеттесу, электрлену, бейтарап денелер.

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Аттас зарядтар…, әр аттас зарядтар…, тұйық жүйедегі … алгебралық қосындысы …

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясы негізінде

оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын, өзіндік көзқарасын дәлелдей білуді, үздік нәтижелерге жетуді, топта жұмыс істеуді, алған білімдерін өмірде пайдалану қабілеттерін, тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыс

Химия - Менделеев кестесін қолдану

Математика - есептер шығаруда қолдану

Тақырып бойынша алдынғы білім

Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер



Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс - әрекет)

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин


Ұйымдастыру кезеңі

(W) Сынып оқушыларымен амандасу. Қол ұстасып, тізбек құрып, бір біріне сәттілік тілеп, заряд алады.

«Молекула» әдісі бойынша 3 топқа бөлу «Протон», «Нейтрон», «Электрон».


Үйге берілген тапсырманы тексеру

(G) «Әткеншек» әдісі


Әр топ берілген сұраққа негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазады.

Тапсырма

Протон тобы: «Денелердің электрленуі»

Нейтрон тобы: «Электр заряды»

Электрон тобы: «Өткізгіштер мен диэлектриктер»


(f) «Екі жұлдыз және тілек» әдісі


 психологиялық ахуалды орнату


Топқа бөлу








Бағалау

Сабақтың ортасы

28 мин

Жаңа тақырыпты (n) эксперимент жүргізу

арқылы ашады.

(G) «Миға шабуыл» әдісі

1.Берілген құрал-жабдықтар арқылы тәжірибе жасайды.

2. Байқаған құбылысты түсіндіреді.


1. Тапсырма

«Протон» тобы

құрал-жабдықтар:

-шыны таяқша,

-жібек мата

-металл фольгадан жасалған гильза

Жібекке үйкелген шыны таяқшаны, металл фольгадан жасалған гильзаға тигізгенде, шыны таяқшаны тағы бір рет үйкелеп, қайта гильзаға тигізгенде не байқалады?


2.Тапсырма

Нейтрон тобына берілетін

құрал-жабдықтар:

-шыны таяқша, эбонит таяқшасы

- жібек мата, жүн

-жіңішке жіпке ілінген екі жеңіл бузин шарлары

1. Жібекке үйкелген шыны таяқшаны, жіңішке жіпке ілінген екі жеңіл бузин шарларына тигізгенде не байқалады?

2. Егер шарлардың біреуіне эбонит, екіншісіне шыны таяқшаны тигізгенде не байқалады?


3. Тапсырма

Электрон тобына берілетін

құрал-жабдықтар:

-фольгадан жасалған гильза

-шыны таяқша, эбонит таяқшасы

- жібек мата, жүн

1. Жібекке үйкелген шыны таяқшаны бір гильзаға, ал эбонитті екінші гильзаға тигізгенде олар тартылып, қайтадан орнына, тік ілінген қалпына келеді. Неге?


Дескриптор. Білім алушы

- Құрал-жабдықтардың атауын біледі.

- Нұсқаулық бойынша тәжірибе жасайды.

- Байқаған құбылысты тұжырымдайды.


(G) «Репортаж» әдісі бойынша оқушыларға кері байланыс жасаймын «Тәжірибе нәтижесінде қандай тұжырымға келдіңдер?»


(f) «От шашу» әдісі


Сабақтың мақсатына жету үшін

(G) «Джигсо» әдісін қолданамын

Оқушылар берілген үлестірмелі тапсырманы ортаға салып, талқылап, түйіндейді.

Тапсырма

1.Электрленген денелердің өзара әрекеттесуін қандай қасиеттеріне байланысты түсіндіруге болады?

Дескриптор. Білім алушы

- Аттас зарядтардың бір-бірінен тебілетінін айтады

- Әр аттас зарядтардың бір – біріне тартылатынын айтады

-Екі зарядтың беттік жанасуынан зарядтар бір денеден екінші денеге берілетінін айтады.


2.Оқшауланған денелер жүйесі дегенді қалай түсінесің? Мысалдар келтір

Дескриптор. Білім алушы

- Қоршаған ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жүйесі екенін айтады.

- Тұйықталған жүйе екенін айтады.


3.Оқшауланған жүйедегі электр құбылысын қалай түсінесің немесе электр зарядының сақталу заңының мәні неде? Мысалдар келтір

Дескриптор. Білім алушы

- Тұйық жүйеде зарядтардың алгебралық қосындысы тұрақты болатынын айтады.

- Математикалық өрнегін жазады.


Кері байланыс: БББ кестесі


Білемін

Білдім

Білгім келеді




(f) «От шашу әдісі»


Сабақты бекіту мақсатында

(G) «Мағынаны тану» әдісін қолдану.

Берілген үш тапсырманы оқушы деңгейіне қарай қарқын тәсілі бойынша жазбаша орындайды, шешімін үш оқушы тақтаға жазады)

Тапсырма

1. Зарядтары -78q 99q ; Хq тең әраттас үш бірдей шарды зарядтап, содан соң бір біріне жанастырып, кейін қайтадан ажыратып қойды. Осы амалдардан кейін үшінші шардың заряды 6q болды. Бірінші және екінші шарлардың заряды неге тең болды? Үшінші шардың бастапқы заряды қандай болды?

2.Зарядтталған екі бірдей металл шарлардың бірінің заряды екіншісінен 5 есе артық.Оларды бір-біріне тигізіп,бұрыңғы қашықтыққа дейін ажыратып орналастырған.Зарядтардың шамасы қалай өзгереді? Шарлар аттас зарядталған.

3.Заряды 2нКл су тамшысы заряды -1нКл су тамшысымен бірікті. Пайда болған тамшының заряды қандай?

4.Менделеевтің кестесін қолданып элементтердің зарядының шамасын анықтау.(кейбір оқушылар үшін)

Дескриптор. Білім алушы

--берілгенін жазады

--ХБЖ-не келтіреді.

-Формуланы жазады

-Есептеуді дұрыс жүргізеді


Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі» әдісі

Бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады, қалған оқушылар тақтаға қарап өзін-өзі бағалайды.

(f) «Өзін-өзі бағалау» әдісі











Штатив, гильза, шыны таяқша,жібек мата












Бузин шарлары











Штатив, гильза, шыны, эбонит таяқшалары, жібек мата, жүн















оқулықпен жұмыс







интерактивті тақтадағы дереккөздер



















Б.А Кронгарт

Есептер жинағы

Алматы «Мектеп» 2012















Менделеев кестесі





Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

(I) «Үш минуттық эссе жазу» әдісі

Келесі сұрақтарды ұсынамын.

1.Тақырып бойынша сіз үшін ең маңыздысы не болды?

2.Қай сұрақ есіңізде қалды?


3. Сіз үшін қиындық тудырған сұрақ?



Үйге тапсырма: Электр зарядының сақталу заңы,қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі тақырыбын сүзгіден өткізу

1,4,7 нұсқадан №1,3 есептерін шығару












Ж.О Бақынов

Физикадан деңгейлік тапсырмалар

Алматы 2017ж




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі