Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Электр зарядының сақталу заңы. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақтың мақсаты мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал ретінде көмек. Осы дайын сабақтың жоспарын пайдаланып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.4. А Электростатика негіздері

Мектеп: №8 гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Парменкулова Д

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.4 Электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;

8.4.1.5 Кулон заңын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

1. Электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын түсіну.

2. Есептер шығаруда Кулон заңын қолдану.

3. Кулондық күштің өлшем бірлігін ХБЖ-де қорытып шығару.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

1.Элекр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын тұжырымдап, анықтамасын айта алады.

2. Есептер шығаруда Кулон заңын қолданады.

3. Кулондық күштің өлшем бірлігін ХБЖ-де қорытып шығарады.

Тілдік мақсаттар


Берілген физикалық терминдердің мағынасын нұсқай отырып, ауызша және жазбаша айтып береді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
заряд, нүктелік заряд, кулон, диэлетрлік өтімділік, элементар заряд
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- тұйық жүйеде ............ өзгеріссіз қалады
- нүктелік заряд бұл .......... денеге берілген заряд
- ортаның диэлектрлік өтімділігі .............. көрсететін шама

Құндылықтарға баулу

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

-өзгелердің мәдениетіне, көзқарастарына құрметпен қарау;

-жауапкершілік;

-өмір бойы оқуға дайын болу;

Пәнаралық байланыс

Математика, жаратылыстану

Алдыңғы білім


5 сыныптағы жаратылыстану курсынан оқушылар денелердің электрлену құбылыстары туралы біледі. Үлкен сандарды дәреже көрсеткішпен өрнектей алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5-8 мин

Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру. /тренинг/

Адасқан әріптер арқылы топқа бөлу

1 топ К У Л О Н , 2 топ З А Р Я Д , 3 топ Н Ү К Т Е

«Доп лақтыру» /алдыңғы білімді еске түсіру/

Допты тосқан оқушы сұрақтарға жауап беріп, өзінің сұрағын қояды.

Кері байланыс: Мұғалімнің мадақтауы арқылы жүзеге асады.

«Ассосация» әдісі

Оқушылар тақтадан көрсетілген суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын айқындайды.

Бейнекөрініс: «Электр құбылыстары».


Үш түспен жазылған әріптер






8-сыныпқа арналған электронды оқулықтан видеоматериал

Сабақтың ортасы

20-25 мин

БББ кестесін толтыру бойынша жаңа білім мәтінін меңгеру:

Мәтінмен таныспай тұрып не білемін? деген сұраққа жауап береді.

Мәтінді оқыған соң нені білдім? деген сұраққа жауап беріп, кестені толтырады.

Нені білгім келеді? деген кестені толтырады.

Тұйық жүйедегі зарядтардың алгебралық қосындысы осы жүйедегі зарядтардың кез-келген өзара әрекеттесуінде өзгеріссіз қалады.

Нүктелік заряд-зарядталған денелердің арақашықтығымен салыстырғанда өлшемін елемеуге болатын денеге берілген заряд.

Зарядтардың модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтарды қосатын сызықтың бойымен бағытталған.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Не білемін?

Нені білгім келеді?

Нені білдім?


1 топ: Зарядтардың сақталу заңы

2 топ: Кулон заңы

3 топ: Кулондық күштің өлшем бірлігін тақтаға жазады, түсіндіреді.

Бағыттаушы сұрақтар арқылы зарядтардың сақталу заңы мен Кулон заңы туралы мәлімет алады.

Кері байланыс: оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы жүзеге асады.

Шағын топтағы карточкамен жұмыс:

1 тапсырма. Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күшінің бағытын анықта.(сурет бойынша)

Дескриптор:

Сурет бойынша күштің бағытын анықтайды.

2 тапсырма. Вакуумда орналасқан 10 пКл-ға тең екі заряд 1 нН күшпен бір-бірімен қандай арақашықтықта орналасқанын анықта.

Дескриптор:

Есептің берілгенін дұрыс жазады.

10 пКл мен 1 нН ХБЖ-не дұрыс келтіреді.

Өлшем бірліктерді тексеру арқылы бағалайды.

3 тапсырма

Вакуумда зарядтары 2 нКл және 8 нКл екі бірдей кішкене шар бір-бірінен 2 м арақашықтықта тұр. Шарларды бір-біріне түйістіргеннен кейін , оларды өзара әрекеттесу күші бастапқы мәнінде болатын арақашықтыққа дейін алып барды. Шарлардың арақашықтығын анықта.

Дескриптор:

Есепті шығарады.

Қорытынды жасайды.

Кері байланыс: Символдар арқылы бағаланып, ауызша кері байланыс ұсынылады.

4 тапсырма

Есепті шығару алгоритмін жаса.

Алгоритм жасаған оқушы сынып оқушыларына өзінің жұмысын жариялайды.

Басқа оқушылар алгоритм қадамдарын түзету туралы кері байланыс ұсынады.

Кесте









Үлестірмелі материалдар

































Карточкалар



































Сабақтың соңы

5-7 мин

Сабақтың соңында оқушылар «Жетістік баспалдағы» арқылы өздерінің қай тұста тұрғанын белгілейді.

Мұғалімнің үй тапсырмасын орындау туралы нұсқаулығы.

Үйге тапсырма:

1. 2 см арақашықтықта орналасқан 1 нКл және 4 нКл зарядтардың бос кеңістікте және керосинде орналасқан кездегі әрекеттесетін күшін анықта.

2. Күштерді салыстырып , қорытынды жаса.

3. Есеп шығару алгоритмін құр

Жетістік баспалдағы

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау білімді іріктеуде, нақты оқушыдан күтілетін нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп таңдауда көрінеді.

Саралау менің сабағымның өн бойында көрініс тапты.

Тиімді оқыту мен оқудағы “Саралау” әдісі арқылы әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мен түрлі тапсырмалар дайындадым. Бұл әдістің тиімділігі оқушыларды сыни ойландыруға, нәтижесінде идеяларды тереңірек түсініп, өз дәлел уәждерін нанымды жеткізуге жетелейді. Саралау барлық оқушылар үшін тиімді, барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.

Оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін «Символдар»,«БББ» кестесі, өзара және өзін-өзі бағалау арқылы кері байланыс орнаттым.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сабақ барысы



Бағалау парақшасы Қосымша 1

/Оқушыға жеке толтыруға ұсынылады/


Бағалау критерийлері

Дескриптор

иә

жоқ

Элекр зарядының сақталу заңы мен

Кулон заңын тұжырымдап,

анықтамасын айта алады.

1. Сурет бойынша күштің бағытын анықтайды.



2.Электр зарядының анықтамасын айтады.



3.Кулон заңын тұжырымдайды



Есептер шығаруда Кулон заңын қолданады.

1.Есептің берілгенін дұрыс жазады.



2. Өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіреді.



3. Есепті шығарады.



4.Есеп шығару алгоритмін құрады.



5.Қорытынды жасайды




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
1811
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12