Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электромагниттік өріс, құйынды электр өрісі,Элетромагниттік толқындар

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ №18

Күні:

Сыныбы: 11

Пәні:физика


Сабақтың аты

§3.1.Электромагниттік өріс, құйынды электр өрісі,Элетромагниттік толқындар

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Максвелл теориясының идеялары жайлы мағлұмат беру

  • Максвелл теориясының идеяларының формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Максвелл теориясының идеялары жайлы мағлұмат алады

  • Максвелл теориясының идеяларының формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

ЭShape1 рстед (1820)

Фарадей Дж. Максвелл (1864) екі постулат:


  1. Айнымалы магнит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.

Магнит индукциясы артса артса, құйынды электр өрісі кернеулік векторының бағыты сол бұранда ережесімен анықталады.

Магнит индукциясы кемігенде кернеулік векторының бағыты оң бұранда ережесімен анықталады.

2.Айнымалы электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.

Электр өрісінің кернеулігі артқанда пайда болатын магнит өрісінің индукция векторы векторымен оң бұранда жасайды.

К ерісінше , электр өрісінің кернеулігі кемігенде магнит индукциясының векторы векторымен сол бұранда жасайды.



Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «есептер шығару»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Трансформатор қандай мақсаттарда қолданылады?

  2. Трансформатордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

  3. Электр желісіндегі энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар?

  4. Неге жоғары вольтты электр желісі қолданылады?

Берілген тапсырманы түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.

  1. 2)

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

. Электромагниттік толқын

Енді электр заряды бір нүктеден екіншіге орын ауыстырып қана қоймай, бір түзудің бойымен шапшаң тербеліс жасайды деп ойлайықшы. Заряд серіппеге ілулі жүк сияқты қозғалып, айтарлықтай үлкен жиілікпен тербеледі. Сонда зарядтың тура жанындағы электр өрісі периодпен өзгере бастайды. Бұл өзгерістің периоды, әлбетте, зарядтың тербеліс периодына тең. Ай­нымалы электр өрісі периодпен өзгеретін магнит өрісін туғызады, ал маг­нит өрісі болса, енді зарядтан үлкен ара қашықтықта айнымалы электр өрісін және т.с.с. туғызатын болады.

Тербелуші заряд тудыратын электромагниттік өрістің пайда болуының күрделі процесін біз егжей-тегжейлі қарастырмаймыз. Тек соңғы нәтижені ғана келтіреміз.

1 сурет

Зарядты қоршаған кеңістікте, бір-біріне перпендикуляр болып, периодпен өзгеретін электр және магнит өрісінің жүйесі пайда болады да, барған сайын үлкен аймақтарды қамтып жайылады. 1-суретте сондай өрістер жүйесінің "қолма-кол түсірілген" суреті кескінделген.

Осылайша, тербелуші зарядтан жан-жаққа жөңкіп тарайтын, электромагниттік толқын дегеніміз түзіледі.

Алайда, 1-суретте көрсетілген электромагниттік толқын су бетіндегі толқын сияқты, бірер ортаның ұйытқуын тудырады деп түсінбеу керек. Суретте әйтеуір бір масштабпен Е және В векторларының OZ осінде жатқан әртүрлі кеңістік нүктелеріндегі берілген уакыт мезетіндегі мәндері кескінделген. Су бетінде пайда болатьш механикалық толқындар жағдайындағыдай, мұнда ортаның ешбір жалы немесе сайы деген болмайды.

Кеңістіктің әр нүктесінде электр жөне магнит өрістері уақыт бойынша периодты өзгереді. Неғұрлым нүкте зарядтан алысырақ тұрса, өрістердің тербелістері оған соғұрлым кешірек жетеді. Олай болса, зарядтан әртүрлі қашықтықтағы тербелістер әртүрлі фазамен жасалады.

Е және В векторларының кез келген нүктедегі тербелістері фаза жөнінен дәлме-дәл келеді. Тербелістер бірдей фазамен өтетін ең жақын екі нүктенің ара қашықтығы - толқын үзындығы l болады. Берілген уақыт мезетінде Е және В векторларының мәндері кеңістікте периодты түрде l периодпен өзгереді.

Электр өрісі кернеулігінің тербелуші векторлары мен магнит өрісі индукциясының бағыттары толқынның таралу бағытына перпендикуляр. Электромагниттік толқын көлденең толқын болып табылады.

Сонымен электромагниттік толқындағы Е және В векторлары бір-біріне перпендикуляр және олар толқынның таралу бағытына перпендику­ляр. Егер бұрандасы оңқай бұрғыны вектордан векторға қарай бұрғылап айналдырса, онда бұрғының ілгері қарай орын ауыстыруы толқын жылдамдығының с векторымен дәл келеді (1-суретті қара).

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

2,1,12

Кейінгі оқу

§3.1. Максвелл теориясының идеялары



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
2575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12